kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?осындыны сан?а к?бейту

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                        Ашы? саба?. (3-сынып)

Саба?: математика

Саба?ты? та?ырыбы: «?осындыны сан?а к?бейту.»

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: ?осындыны сан?а к?бейтуге байланысты есептер шы?ару. Топпен ж?мыс жасау.

Дамытушылы?: О?ушыларды? ойын, білімін, логикалы? есептер ар?ылы дамыту.

Т?рбиелік: О?ушыларды топпен ж?мыс істеуге, ?дептілік, т?рбиелікке, ??ыптылы??а, сауатты жазу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: ашы? саба?

Саба?ты? типі: жарыс саба?ы

Саба?ты? к?рнекілігі: карточкалар, балы?тар есеппен, ?арма?, жеміс-жидектер есеп жазыл?ан, себет, кесте.

Саба?ты? ??рылымы:

                                   I.?йымдастыру кезе?і.

                                       а) амандасу

                                   II. ?й ж?мысын тексеру

                                   III.Негізгі б?лім

                                       а) саба?ты? ма?сатымен таныстыру

                                       ?) 1 сайыс; «Ой ?оз?ау»

                                       б) «Жеміс жинау» сайысы

                                       в) сергіту с?ті «Ойлан тап» логикалы? есептер

                                       г) «Балы? аулау» сайысы

                                       д) «Білгенге маржан, білмеске арзан»

                                   IV.?орытынды:

                                       а) бекіту  «?ызы?ты геометрия» (топ басшылармен)

                                   V.  ?йге тапсырма

                                   VI. Ба?алау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?осындыны сан?а к?бейту»

Ашық сабақ. (3-сынып)

Сабақ: математика

Сабақтың тақырыбы: «Қосындыны санға көбейту.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қосындыны санға көбейтуге байланысты есептер шығару. Топпен жұмыс жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, білімін, логикалық есептер арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге, әдептілік, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: жарыс сабағы

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, балықтар есеппен, қармақ, жеміс-жидектер есеп жазылған, себет, кесте.

Сабақтың құрылымы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу

II. Үй жұмысын тексеру

III.Негізгі бөлім

а) сабақтың мақсатымен таныстыру

ә) 1 сайыс; «Ой қозғау»

б) «Жеміс жинау» сайысы

в) сергіту сәті «Ойлан тап» логикалық есептер

г) «Балық аулау» сайысы

д) «Білгенге маржан, білмеске арзан»

IV.Қорытынды:

а) бекіту «қызықты геометрия» (топ басшылармен)

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау


Сабақтың барысы:

(сабақ басталмас бұрын оқушыларды екі топқа бөліп қою.)

  • Сәлеметсіңдерме, балалар! Қалдарың, көңіл-күйлерің қалай? Балалар, қазір бізде математика сабағы, бүгінгі сабақ бізде екі топтың арасында, сайыс түрінде өтеді. Сабақтың мақсаты, топ арасында сайыс өткізу арқылы қосындыны санға көбейтуге байланысты есептер шығару.

  • Ал балалар, сабағымызды бастамас бұрын біз келісіп алайық, сабағымыз қызықты әрі нәтижелі өту үшін, берілген есептерді дұрыс шешіп, белсенді қатысып отырайық. Келістік пе? Жақсы балалар, онда сабағымызды бастайық.

  • Ал, жақсы кәне үй жұмысын тексерейік.

( үйге берілген тапсырма тексеріліп, оқушылардың дәптерлерін жинап, екінші дәптерлерін тарату)

- Мен міне әр топ басшысына мынадай бағалау парағын беремін, сендер оны толтырып отырасыңдар, оны содан кейін сабақтың соңында алып мен әр балаға баға қоямын. Өте тамаша енді сайысымызды бастайық. Бірінші сайысымыз «Ой қозғау» деп аталады.

Бұл ойынның мақсаты, мында төрт карточка тұр, сендер әр топтан бір балалдан шығып карточканы алып ондағы есепті топпен шығарасыңдар, қай топ бірінші шығарады. Сол топқа жұлдызша беріледі.

«Ой қозғау» есебі:

  1. Зергерлік шеберхана күніне 90 сақина және 30 жүзік жасайды. 6 күде шеберхана барлығы неше әшекейлік бұйым дайындайды?

Шарты: шешуі:

1 күнде-90 сақина (90+30)∙6=720

30 жүзік жауабы: 6 күнде 720 сақина дайындайды.

6 күнде-?

т⁄к барлығы-?

  1. Бір зергер 120 білезік соқты, ал екінші зергердің соққан білезіктерінің саны оданн 3 есе кем. Екі зергер барлығы неше білезік соқты?

Шарты: шешуі:

1 зергер-120 білезік (120׃2)+120=180

2 зергер-2 есе кем жауабы: барлық соққан білезік 180.

Барлығы-?


  1. Сәуле екі вазаның әрқайсысына 5 алмадан және 4 алмұрттан салады. Сәуле 2 вазаға барлығы қанша жеміс салды?

Шарты: шешуі:

Ваза-2 (5+4)∙2=18

әрқайсысына-5 алма, жауабы: 2 вазада 18 жеміс.

4 алмұрт салынды

2 вазада- ? жеміс


  1. Оқушы бағасы 5 теңге тұратын 7 жолды дәптер және 3 торкөз дәптер сатып алды. Ол барлық дәптерлер үшін неше теңге төледі?

Шарты: шешуі:

Дәптер-5 теңге (7+3)∙5=50

Жолды дәптер-7 жауабы: барлық дәптерге 50 теңге төленді.

Торкөз-3

Барлығы-? Теңге


  • Өте жақсы ал енді келесі сайысымыз «Жеміс жинау». Сендер тақтада шашылған жемістер және екі себет көріп отырсыңдар, осы жемістерді жинап, оның артындағы берілген есептерді шығарып, әр топ өзінің себетіне жинайды. Қай топ көп жеміс жинайды екен. Ал түсінікті болса, бастадық.


Жемістердегі есептер.


(10+8)∙ 8 (100+80) ∙5

(20+6) ∙3 (200+60) ∙3

(30+9) ∙2 (300+90) ∙2

(20+1) ∙4 (200+10)∙4


100∙3+200∙3 20∙4+20∙6 200∙2+200∙0

300∙2+2∙100 30∙5+5∙30 1∙400+400∙0


  • Жақсы, кәне енді санайық қай топ көп жеміс жинады екен. Балалар, шаршадық па? Шаршасақ енді кішкене серігейік. Ол сайыс «Ойлан тап» деп аталады. Мен қазір сендерге логикалық есептер оқимын, ал сендер оның дұрыс жауабын тауып айтсыңдар. Қолдарыңды көтеріп қана жауап бересіңдер.


Логикалық есептер.


  1. Отбасыда 7 ұл бала. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Отбасыда неше адам? (8 адам)

  2. Ағашта 2 қарға қонып отыр, біреуі-оңтүстікке, екіншісі-солтүстікке қарапотыр. Біреуі екіншісіне сенің табаның кір дейді, ал екіншісі сенің тұмсығын неге жерге қарайды дейді. Олар бірін бірі қалай көріп отыр? (олар бір-біріне қарап отыр)

  3. Егер тауық бір аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг.болса, екі аяғымен тұрғанда салмағы қанша? (3 кг.)

  4. Айгүл мен Нүргіл апалы-сіңілі. Айгүлдің айтуынша оның екі ағасы бар. Ал Нүргілдің айтуынша оның екі бауыры бар. Отбасыда барлығы неше бала? (төртеу)

  5. Мратта бар бес іні,

Мұратта бар екі іні,

Қоссаң бес пен екіні

Неше болады шешуі (7)

  1. Табақта бес алма,

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? (7)

  1. 1 жұмыртқа 5 минутта піссе, 7 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 мин.)

  2. Төменде үш қаз ұшады,

Үшеуі бұлтта ұшады,

Өзеннен көрдім екеуін

Айтшы қаз нешеу екенін? (8)


  • Жақсы, балалар, кішкене демалып алдық. Енді кәне қазір біз балық аулауға шығамыз. Тағы да әр топтан бір баладан шығып, мына қармақты алып, балық аулаймыз, ол балықтардың артында да сендерге деген есептер бар сол есептерді топпен шығарып, әр топ өз қатарына балықтарды жинайды, соңында балықтарды санаймыз. Түсінікті ме? Ендеше бастадық!


Балықтардағы есептер:


  1. 2 мен 8-дің қосындысын 8-ге көбейт; (80)

  2. 5-ті 3 пен 6-ның қосыдысына көбейт; (45)

  3. 18 бен 10-ның айырмасын 7-ге көбейт; (56)

  4. 2-ні 9 бен 4-тің айырмасына көбейт; (10)

  5. 5 пен 7- нің қосындысын 2-ге көбейт (24)

  6. 25 пен 19-дың айырмасын 5-ке көбейт; (30)


  • Келесі сайыс «білгенге маржан, білмеске арзан» деп аталады. Сендер тақтада мынадай кесте көріп тұрсыңдар, онда әр қатарда карточкалар, олардың артында есептер, ол есептердің амал таңбалары жоқ, сендер әр топ сол карточкаларды алып есептегі таңбаларды қойып шығару керексіңдер. Ал, бастадық екі топтан бір-бір баладан шығыңдар.


Есептер:

4○8○9=41 69○11○20=100 72○9○5=40

7○5○25=60 27○3○5=45 200○2○99=1

63○7○3=3 66○30○6=6 300○2○100=6

Қорытынды:

  • Өте тамаша, ал енді соңғы сайысымыз топ басшылар арасындағы сайыс. Сайыс «Қызықты геометрия» деп аталады. Мұнда екі топтың басшылары тақтаға шығып әр-түрлі геометриялық фигуралардан адам бейнесін салады.

  • Жақсы енді барлық сайыстың қорытындысын шығарамыз. Жемістерімізді, балықтарды, карточкаларды барлығын қосып санаймыз. Қай топта көп.

  • Жеңген топ марапатталады.

Үй жұмысы:

  • Ал, балалар, енді күнделіктерімізді ашамыз да үй тапсырмасын жазып аламыз. Үйге №6, №7 есептер. Кәне есептерді қарайық, №6 есепте теңдеулер берілген, Теңдеуді қалай шешеміз? х-ті табу керекпіз.( оқушыларға шығарылу жолын естеріне түсіріп кету). Ал №7 есепте екі таңбалы сандар қоямыз.


Бағалау:

  • Кәне топ басшылары, мен сендерге сабақтың басында бағалау қағазын бергенмін, соны маған бересіңдер. Мен сендерге сол бағалау парағы арқылы бағалаймын.

  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Сендер сабақта нені білдіңдер? Бір нәрсеге үйрендік пе?

  • Ал, сабақ ұнаса осымен математика сабағымыз аяқталды, сендерге қатысқандарын үшін рахмет, келесі кездескенше сау болыңдар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?осындыны сан?а к?бейту

Автор: Тилей Серикгул

Дата: 11.12.2015

Номер свидетельства: 265112


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства