Күтілетін нәтиже: Екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосып азайту
дағдысы қалыптасқан, өз бетінше ізденетін жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Қолданылатын
стратегиялар: І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Бағдар беру сатысы
ІІІ. Мәселе қою сатысы
ІҮ. Үлгіні көрсету, түсіндіру
Ү. Шығармашылық ізденіс
ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а). Қонақтармен сәлемдесу
ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру
2. Психологиялық жаттығу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа сабақ
5. Сабақты қорыту
6. Бағалау
а). Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау
7. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, қазір қандай ай?
– Ақпан айы.
- Келесі ай ше?
– Наурыз айы.
–Наурыз қай жыл мезгілінің айы?
– Көктем жыл мезгілінің айы.
– Наурыз айында қандай мерекелер бар?
- 8 наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі.
-22 Наурыз- жыл басы.
Ежелгі заманнан бері Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Мерекеге халық алдын- ала дайындалады. Мереке сәлемдесуден
басталады. Біз де сабаққа келген қонақтармен сәлемдесейік.
а).Оқушылардың қонақтармен сәлемдесуі:
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық,
Құшақ жайып жан- жаққа зер салайық.
Аяулы ұстаздары мектебіміздің,
Сіздерді қуанышпен қарсы алайық.
ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
Мұғалімнің сөзі: Жақсы балалар, отыра қойыңдар! Балалар, біздің бүгінгі
сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда сәл ерекшелеу. Өйткені сыныпта мектебіміздің ұстаздары қонақта отыр. Олар біздің біліміміз және тәртібімізді сынамақшы. Сыныпта тәртіп сақтап, барлығымыз ынта жігермен сабаққа қатысуымыз керек. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Әр топ басшысы өзінің тобындағы оқушының сабаққа қатысу барысын қадағалайды. Сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан әрбір дұрыс жауапты жұлдызшамен және шаршымен бағалаймын. 1 жұлдызша- 5 ұпай, ал 1 шаршы- 4 ұпай болып есептелінеді. Қай топтың жинаған ұпай саны көп, сол топ жеңіске жетеді.
І. Қызығушылықты ояту сатысы.
Орнымыздан тұрайық, жаттығуды жасайық.
2. Психологиялық жаттығу.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап қаламын.
Тыныштық пен жылу, жарық, мейірімді,
Сенің ғана алақаныңа саламын.
- Балалар, барлығымыз бір- бірімізге жүректің жылуы мен мейірімділіктің шуағын сыйладық. Ал енді мына тақтадағы берілген тапсырмаға көңіл бөлейік: Мына өрнектердің мәнін тауып, кестеде жасырынып тұрған сөзді анықтайық. МАТЕМАТИКА сөзі шықты. Олай болса қазір - математика сабағы. Математика- ғылымдар патшасы, оны оқып үйренуіміз керек. Үйге қандай тапсырма берілді? (153- беттегі № 7 (а) өрнектің мәнін табу берілді.)
Шарты: теңдіктерді пайдаланып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады? Осындай бірнеше қосынды жаз. Олардың мәндерін тап.
3.Үй тапсырмасын сұрау.
7 + 6 = 13 2 + 3 = 5
17 + 16 = 33 12 + 13 = 25
27 + 26 = 53 22 + 13 = 35
37 + 16 = 53 32 + 23 = 55
47 + 26 = 73 42 + 33 = 75
57 + 26 = 83 52 + 23 = 75
Өрнектерді оқытамын, дұрыстығын тексеремін.
Қосудың дұрыс орындалғанын қандай амалмен тексереміз? – Қосуды азайтумен тексереміз. Азайтудың дұрыс орындалғанын қалай тексереміз?
- Азайтуды қосумен және азайтумен тексереміз.
ІІ. Бағдар беру сатысы
Балаларға өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады. ( Жауабын дұрыс айтқан топ мүшелері жұлдызшамен бағаланып отырады.) 1. Қосудың компоненттерін ата. 2. Азайтудың компоненттерін ата. 3. Қосудың заңдарын ата.
28 санының разрядын ата. 46 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
5 ондық 2 бірліктен тұратын санды ата.
ІІІ. Мәселе қою сатысы
4. Жаңа сабақ
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазуға байланысты берілген екі таңбалы 27 санын жазамыз. 27 санының разрядтық көрсеткіші. 27 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қосу және азайту. 78 + 22; 100 – 22.»
Мұғалімнің түсіндірмесі: 78 + 22 сандарының қосындысын табу үшін әр қосылғыштың разрядтық көрсеткішін табамыз. 78 – де 7 ондық 8 бірлік бар. 22 – де 2 ондық 2 бірлік бар. Бірлікті бірліктің астына, ондықты ондықтың астына жазамын. Қосуды бірліктерді қосудан бастап орындаймын: 8 + 2 = 10 0 – ді бірліктердің астына жазамын, 1- ді ойда сақтаймын. Ондықтарды қосамын. 7 ондыққа 2 ондықты қосамын, ойдағы 1- мен 10 – ға тең болады.
0 – ді ондықтың астына, ал 1 – ді жүздіктер орналасатын оң жақтан санағандағы 3 орынға жазамын. Қосындының мәні 100 – ге тең.
100 – 22 сандарының айырмасын табу үшін, әр санның разрядын атаймыз. 100 – де 0 бірлік, 0 ондық, 1 жүздік бар. 22 – де 2 ондық, 2 бірлік бар. Бірлікті бірліктің астына, ондықты ондықтың астына жазамын. Азайтуды бірліктерді азайтудан бастап орындаймын. 0 – ден 2 – ні азайтамыз. 0 – ден 2 – ні азайтуға болмайды. Сондықтан 10 ондықтан 1 ондықты аламыз. 10 – 2 = 8
9 – 2 = 7 Ондықты ондықтың астына жазамыз. Айырманың мәні 78 – ге тең.
Бұл – жазбаша қосу мен азайту болып табылады, ал енді дәл осы сандарды ауызша қосып азайтып көрейік:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне дайындалу барысында халық ауыл- ауыл болып бөлінеді. І топ- Абай ауылы, ІІ топ- Ыбырай ауылы,
ІІІ топ- Шоқан ауылы. Балалар, Абай кім ? Ыбырай ата кім? Ал Шоқан ата кім? Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов – үш дана адам екен. Наурызда әр ауыл киіз үйлерін тіге бастайды. Келесі тапсырманы жылдам, әрі дұрыс орындаған ауыл киіз үйлерін берік, әрі жылдам тігеді. Қай ауыл киіз үйлерін жылдам тігер екен?
Бұл өрнектерді баған түрінде тақтаға жарыстырып шығартамын. Бірнеше оқушы өрнекті тақтаға шығарып оны математикалық тілде оқиды. Ал бірнеше оқушы түсіндіре отырып шығарады.
Балалар, енді біз өзімізді бағалап көрейік, мына жаңа сабақты бекітуге берілген өрнектердің шығарылу жолы кімге түсінікті болса, сол оқушы бағалау шкаласының ең жоғарғы бөлігіне белгі қойсын, ал егер осы өрнектердің кейбіреуінің шығарылу жолы түсініксіз болса, онда шкаланың орта тұсына белгі қойсын, егер бұл өрнектердің шығарылу жолы тіпті түсініксіз болса, онда шкаланың ең соңғы бөлігінен белгі қойсын, ал шкаланың ең жоғарғы бөлігіне кім белгі қойды, сол бала қол көтерсін. Тамаша! Белгіні орта тұсына қойған бала қол көтерсін. Белгіні ең төменгі бөлігіне қойған оқушы қол көтерсін! Әр есепті орындаған соң оқушылар өзін – өзі бағалап тұрады.
№ 4. Есептерді шығар:
Ең алдымен есептің шартын оқытамын. Оқушылар қысқаша шартын құрады.
Шартын тақтаға жазады. Есептің мәнді белгілері қандай? (Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады.)
І топтың тапсырмасы. № 4(а)
8 Наурыз мерекесінде әкем әйелдерге 35 қызғалдақ және одан 28 – і кем раушан гүлін сыйлады. Әкем барлығы неше гүл сыйлады?
Қызғалдақ – 35
Раушан гүлі - ? – 28 – і кем
Барлығы - ? гүл
Шешуі: 35 + (35 – 28) = 42
Жауабы: әкем барлығы 42 гүл сыйлады.
ІІ топтың тапсырмасы. № 4(ә)
Спорттық жарыстарға 25 ұл және одан 10 – ы артық қыздар қатысты. Жарысқа барлығы неше бала қатысты?
Ұл – 25
Қыз - ? – 10 – ы артық
Барлығы - ? бала
Шешуі: 25 + (25 + 10) = 60
Жауабы: жарысқа барлығы 60 бала қатысты.
ІІІ топтың тапсырмасы. № 4(б)
Кері есеп құр:
Қыз - 35
Ұл – ? – 10 – ы кем
Барлығы - ? бала
Шешуі: 35 + (35 - 10) = 60
Жауабы: жарысқа барлығы 60 бала қатысты.
Мәселе есептердің шығарылу жолын түсінгендерің шкаланың бойына белгі қоюға ұмытпаңдар. Балалар, шкаланың ең жоғарғы бөлігіне белгі қойғандарың қол көтеріңдер, орта тұсына белгі қойғандарың қол көтеріңдер, төменгі тұсына белгі қойғандарың қол көтеріңдер.
Орнымыздан тұрамыз, бой сергітіп аламыз.
Сергіту сәтін өткіземін.
Биылғы наурызда қандай жаңалық бар екен? Жаңа жылымыз қандай жыл болып келеді екен? – Мешін жылы. Мешін бізге тапсырма дайындап қойыпты. Бұл тапсырманы ауызша орындаймыз.
Есепте! Кім жылдам?Күнге көмектесейік! Жалпы сыныпқа берілетін тапсырма:
52 + 8 – 20 + 14 – 16 – 11 = 27
60 40 54 38 27
Топтық жұмыс.
Наурыз тойында міндетті түрде көже пісіріледі. Қай ауыл көжесін тез, әрі дәмді етіп пісірер екен? Ол үшін мына тапсырманы жазбаша орындауымыз керек:
№5. Алғашқы екі қатардағы сандарды кему ретімен, ал үшінші қатардағы сандарды өсу ретімен теріп жаз:
І топқа: 98, 89, 78, 87, 64, 46, 52, 25;
ІІ топқа: 23, 32, 48, 84, 19, 91, 71, 17;
Сандарды өсу ретімен жазу тапсырылады.
ІІІ топқа: 23, 32, 48, 84, 19, 91, 71, 17;
Дұрыстығын тексеремін. Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
І топ: 98,89, 87,78, 64, 52, 46, 25. Сандар кему ретімен орналасқан.
ІІ топ: 91, 84, 71, 48, 32, 23, 19, 17.Сандар кему ретімен орналасқан.
ІІІ топ: 17, 19, 23, 32, 48, 71, 84, 91. Сандар өсу ретімен орналасқан.
Бұл қандай сандар? Бұл екі таңбалы сандар. Олар қандай разрядтардан тұрады? Бірліктер және ондықтар. Тағы қандай разрядтарды білесіңдер? Жүздіктер. Бұл қандай кластың разрядтары? Бірінші класс - бірліктер класының разрядтары.
ІҮ.Үлгіні көрсету, түсіндіру.
Балалар, көктемгі күн тоғысы 21- нен 22- не ауысқан түні болады. Яғни күн мен түн теңеледі. Олай болса мына жұптық тапсырмада теңдеуді шешуіміз керек. Қай жұп бұл тапсырманы дұрыс және тез орындайды? Әр жұп теңдеуді шешеді. Теңдеуді шешкен жұп оны қалай шешкенін айтып қорғайды. Теңдеудің шешуін параққа ғана орындайды.
Балалар, киіз үйдің ішіндегі жабдықтарды атайықшы. – Киіз үйде сандық, кебеже, киіз, бесік, ыдыстар, домбыра, дастарқан, көрпе- төсек
тағы басқа заттар бар. Осы заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді? Тіктөртбұрыш, шаршы. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Шаршының периметрін қалай табамыз? Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Наурыз мерекесінде ауыл адамдары көкжиекті көру үшін, жазық далаға шығып күнге тағзым етеді. Одан соң барлығы бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген екен дана халқымыз. Бұлақтардың басына ағаш отырғызады. «Бір тал кессең, он тал ек!» деген сөз осыдан шыққан екен. Біз де ағаш егіп жарысайық. Мына тапсырманы қай топ дұрыс және жылдам орындаса, сол топ ағаштарын бұрын отырғызады?
Ата- бабамыз ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Көп нәрседен тыйып отырған. Наурыз тойында салт- дәстүрлер еске түсіріледі, ойын- сауық, спорт жарыстары және айтыс болады.
ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы.
Рефлексия. Парталарыңда сары, жасыл және қызыл түсті жұлдызшалар бар. Сары жұлдызша маған сабақтағы берілген тапсырмалар түсінікті болды, жасыл жұлдызша маған сабақтағы кейбір тапсырмалар түсініксіз болды, ал қызыл жұлдызша маған сабақтағы тапсырмалардың барлығы түсініксіз болды дегенді білдіреді. Қазір әр топ мүшелері жеке – жеке сол жұлдызшалардың біреуін таңдап мына тақтаға іледі.
5. Сабақты қорыту.
Сонымен, бүгінгі сабақта бәріміз бір- бірімізбен ой бөлістік, өрнектердің мәнін таптық, дұрыстығын тексердік, мәселе есептер шығардық, логикалық есептерді шештік, пікір алмастық. Шығармашылық қабілетіміз дамыды. Бір- бірімізді тыңдадық. Ойлау қабілетіміз артты. Сабақты қорыту мақсатында:
топтық тапсырма: «Дұрыс па? Бұрыс па?» Өрнектердің мәні дұрыс, я бұрыс табылғанын анықтау. Бұрыс болса, дұрыстау.
6. Бағалау. Әр топ басшысы, яғни спикер өздерінің жинаған жұлдызшаларын санайды да, қай топтың ұпай саны көп, сол топ «өте жақсы» деген бағамен бағаланады.
а).Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
Жекеленген оқушыларға келсек, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топ басшысы бағалайды.