Ханша : Уәзірлер , қараңдаршы! Осында патшамыз келе жатыр .
Уәзірлер : Патшамыз , төрлетіңіз , отырыңыз.
Патша: Уа , уәзірлерім , ертегі әлемінде не болғалы жатыр?
1 – уәзір : Қымбатты патшамыз бүгін 1- сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып , би билейтінін , Әліппемен қоштасатынын , сауттарын ашып , әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідім.
Патша не дейді? ( Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты ұрып )
Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңдар!
Уәзірлер : Құп тақсыр! ( Екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі.)
Менің достарым сенің елінің барлық әріптерін танып, біліп үйреніп, жазып оқи алатын жағдайға жетті . Осы қуанышымызды жұрттың алдында паш етеміз. Оданда ашуыңызды басып 1 – сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Патша: Рұқсат, рұқсат жас бүлдіршіндер ертегілер әлемінде өнерлерін көрсетулеріне қарсы емеспін.
Жүргізуші: Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Естімегендер естіңіздер,
Тыңдамағандар тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе мерекесі» басталады.(Көңілді музыка ойналады)
Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп ,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
( Көңілді музыкамен залға екі –екіден оқушылар кіреді, қол шапалақтанады.)
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата- аналар , оқушылар , қонақтар , бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу , бойына ізгілік нұрын , білім шуағын беру – ұстаздың міндеті. Барлық ғылымның атасы , алғаш хат танытып , сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Өсті міне бойларың ,
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Олай болса «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Досов Болат Бексиыкұлына беріледі.
Жүргізуші: Жасырсақ , жасырайық ,
Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы ,
Жасбалаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан
Хормен : Әліппе!
Мұғалім: Ендеше ортамызға білім беріп, әріп үйреткен «Әліппемізді» ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
(ортаға Әліппе келеді)
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата- аналар
Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға !
Құттықтаймын сіздерді
Бүлдіршіндер , балғындар
Менің атым- Әліппем,
Мені анаңдай – дәріпте.
Мұғалім: Әліппе , бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз.Ендеше төрге шығыңыз. Балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізуші: - Қане достар, Әліппеден не үйрендік? Не білдік? Келіңіздер ортаға салайық.
Шахзада: Әліппем, менің Әліппем ,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Сәкен: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекте
Үйреткен оны Әліппе
Гүлнұр : Ең алғаш алғанымда Әліппені ,
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Хор: «Әліппе»
Жүргізуші: Әліппбиді білдіңдер,
Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде
Қанша әріп бар?
Оқушы: 42 әріп бар
Жүргізуші: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп ,
Сауат аштық тойладық
Әліпбилер шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар!
Мұғалім: Ендеше, осы әріптерді ортаға шақырайық .
Нұрсұлтан: Алфавиттің
А тұрады басында.
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде?
Түсінші:
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол – балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Ералы: «А »деген ана ғой ,
Ана деген дана ғой.
Айдос :«Ә» Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы басады .
Сәкен : «Б» деген бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Райхан: «Г » гу деп алғаш бөбектер ,
Гуілдейді ақырын.
Дархан:Ғалым , ғылым , ғасырды
«Ғ» білімге асырды.
Ұлболсын :«К»Кекілік –ау , кекілік
Кетіп қалма секіріп.
Сайлау: «Е» еріншектің ертеңі ,
Елге таныс ертегі.
Естай : «Л» Лашын биік самғайды ,
Лашын көкті шарлайды.
Оңғарбек: «І» інісіне бағалы,
Іңкәр ішік алғанды .
Жасұлан: «Ж» Жазда биыл жаңбырлы ,
Жайлау талай жаңғырды.
Темірлан: «Қ» Қауырсыны құстардың
Қызықтауға құштармын .
Алия: «М» Мен көп тердім мақтаны,
Марат мені мақтады.
Асылай: «Т» Тәп – тәтті таба нан ,
Таба алмай қалдым таба нан.
Жүргізуші: Мың бұралса біз қарап тамсанайық,
Сіздерге жақсылықпен жар салайық.
Бишілерді сахнаға біз шақырып ,
Қол соғып қарсы алайық.
Би: « Қамажай »
Әліппе: Балалар сендер маған құрмет көрсеткендерің үшін көп- көп рахмет!
Ералы: Қош бол , Құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің .
Таныстырып әріппен ,
Тақылдатып сөйлеттің.
Сандуғаш: Таныстырған 42 әріппен ,
Қош бол , менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң , оқи жаза білгенің
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппе: Балалар, сіздердің өнерлеріңе риза болым. Сендерге көп- көп рахмет. Енді сауатты жазу , мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырайын . Ол « Ана тілі » оқулығы
-Ал, балалар қош болыңдар!
Хормен: Қош бол сүйікті, Әліппем!
Ана тілі :Сәлеметсіздер ме , балалар! Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарын мен боламын . Мені ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.Жұмбақ айтады.
Жүргізуші:- Төрлетіңіз ана тілі балалардың өнерлерін тамашалаңыз. Қане , өнерімізді ортаға салайық .
***
Ана тілі – ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
***
Ана тілім ұраным,
Ана тілі – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер
Тілімізді ширатар,
Ана тілі данамыз.
Жүргізуші:
«Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымызға
Хормен: Мың алғыс!
Ұстаз – мейірімді , сезімтал. Сені сүймелдеп , демеп , өмірге өрлетіп ,жетелеп келе жатқан ұстазың емес пе?
Нұрсая: Ұстаз болу – жүректің батылдығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,
Ұстаз болу – адамның ақылдығы.
Асылай : Сипадыңда басымнан ,
Әліппені ұсындың.
Бақытымныі осыдан ,
Басталғанын түсіндім.
Мәдина: Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып ,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып .
С. Әсемай: Алдыңа келіп , ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімің сезілген.
Жүргізуші: Енді көрініске кезек берейік!
Көрініс : «Алдаркөсе мен бай»
Жүргізуші: Жалығуды білмейміз,
Жабығуды білмейсіз.
Жауқазындай көз тартып,
Жайраң қағып билейміз
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Балалар , сендер Әліппенім меңгеріп , сауатты оқуларына ата- аналарының да қосқан үлесі көп. Сондықтанда бәріміз ата- аналарға рахмет айтамыз.
Ойын: «Әріп»
Жүргізуші:
Тамсандырып ән салат ,
Естіген жан тамсанат
Жүректерге жеткізіп,
Ұлболсын қыздарыңыз ән салат.
Ән: «Бала тілегі»
Ән: «Мерекем»
Жүргізуші:Қонақтар, ұстаздар, ата- аналар бүгінгі 1- сынып оқушыларының «Қош бол, сүйікті Әліппем»атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!
Келесі құттықтау сөз кезегін ата - аналарға береміз.
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің түсінігін айта алады . Сыпайы сөздер туралы біледі. Өлеңнің мазмұны туралы біледіі.
Әдіс- тәсілдер: топтық жұмыс, «Ой қозғау» әдісі , топтастыру, АКТ.
Сабақтың міндеті : Өлеңмен танысады , топпен жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже: -Сөздерді буынға бөле алады.
Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Өзіндік тапсырмалармен жұмыстана алады.
Топтық ережені есте ұстайды.
Негізгі идея: оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, өмірмен байланыстыру
Тапсырма көздері : топпен , жеке
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Баршаңызға құрметтеп ,
Бас иеміз біз.
-Жақсы балалар отырыңыздар!
-Балалар қазір қандай сабақ? ( Ана тілі )
-Керекті құралдарымызды шығарып, түгелдей сабаққа қатысамыз. Тақтадағы ережеге бағынамыз.
- Бүгінгі бағалауымызда ерекше .
Алтын арай күндей ,
Сары түсті «5»- пін
Жер үстінің желегі ,
Жасыл түсті «4» - пін.
Қауіп белгі беретін ,
Ұялтатын , қызартып
Мен орташа «5» -пін.
2. Үй тапсырмасын сұрау
«Көрші атам » өлеңін жаттау. (Оқушылар қосымша сұрақтар қою)
3. Өткен сабақты қорыту
- Сәлемдесуге байланысты қандай сөздерді білесіңдер? (оқушылардың пікірі)
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. (оқушыларды топқа бөлу)
1- топ. «Алғырлар»
2-топ. «Тапқырлар»
3-топ «Білгірлер»
4- топ «Ойшылдар»
-Балалар саяхатқа шыққымыз келе ме?
-Иә
-Олай болса бүгін біз тікұшақпен « Сыпайлылар» еліне саяхат жасаймыз. Әр аялдамаға жеткенше тапсырмалар орындап отырамыз. 1- ші аялдамаға жеткенше өзіміздің білімімізді ортаға салайық! ( Сөзжұмбақ шешу )
Әнуарбек Дүйсенбиев – 1931 жылы 25 – қазанда Алматы облысы , Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол балалар ақыны.
А) Өлеңді мәнерлеп дауыстап , мәнерлеп оқып беремін.
Ә) Топқа бөліп оқыту.
Б) Әр топ көрініс көрсету.
-Бүгін қандай сыпайы сөздермен таныстық?
- Міне балалар « сыпайлылар» еліне де жеттік .
- Ол біздің білім алып отырған Манашы орта мектебі екен. Осы мектепте көптеген сыпайы мұғалімдер жұмыс жасайды екен. Олай болса осы сыпайлылар елінде білім ағашы өсіп тұр екен. Осы білім ағашына сендер бүгін не үйрендіңдер? Сабақ ұнады ма? (Оқушылардың пікірін білу)
Бағалау . Топтар бір –бірін бағалайды , жиынтық бағақойылады.