Просмотр содержимого документа
««?ош бол, бастауышым балб?ла?ым» »
Тақырыбы: «Қош бол, бастауышым балбұлағым»
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж.
Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз.
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауышым балбұлағым » мерекесіне қош келдіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген – бір мұрат
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Б» сыныбын ортамызға . – ( бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шығады)
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
Слайд.
Мұғалім сөзі: Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2010жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.
(Экранға назар аударыңыздар)
Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерім шыңдай түсуде. Көптеген облыстық, қалалық, мектепішілік олимпиадаларға қатысп үлкен жетістіктерге жетудде. Атап айтсақ: -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.
Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Армысыздар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн! ,
Жаны жайсаң көрерменім!
Асқақтаған ауылымның жұртшылығы!
1-жүргізуші: Бүгін Заречный орта мектебінде дүбірлі той!
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата аналар жылқы жылы,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1-жүргізуші:
Бүгін қандай көңілді күн, көңілді күн
Балалық пен шалалықты қоятын күн
Қанат қағып биіктерге ұшатын күн
Бүгін қандай тамаша көңілді күн, көңілді күн
Ән «Көңілді күн »
2-жүргізуші: Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр
1-жүргізуші: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр.
2-жүргізуші: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1- жүргізуші:
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Әнмен шашу шашайық.
Ән «Бала тілегі» Ортындайтын Марғұлан
2- жүргізуші:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
1- жүргізуші:
Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
2- жүргізуші:
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
тақпақтар
1оқушы . Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
2 оқушы .. Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
3 оқушы ...Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең де кетпейді.
-жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?
1-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені ол көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
Тақпақтар
4 оқушы.
Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
5 оқушы
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
6 оқушы
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
7 оқушы
Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
8 оқушы.
Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім
Ән «Ұстазым» Зарина мен Мадина
Тақпақтар
9 оқушы
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
10 оқушы
. Әр жыл сайын қаруланып білімнен,
Алға дәйім мені бастап сүйредің.
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,
Ардақтысың мектеп — алтын бесігім!
11 оқушы
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
12 оқушы
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Би: «Ұлдар биі»
Тақпақтар
13 оқушы
Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
14 оқушы
Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
15 оқушы
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Ән «Балалық шақтың бекеті»
1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы өлеңдерге кезек берейік.
1 оқушы.
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
2 оқушы
Тілім менің - елдігім де, ерлігім,
Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.
Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.
3 оқушы.
Ана тілім - қасиетім, дарыным,
Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.
Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,
Өзің ғана арқылы тек таныды
4 оқушы.
Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.
Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні.
Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде.
Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.
Ардақтаймын ана тілін, ақ сүтіндей анамның,
Ән «Анажаным» Орын-н. Дильназ
1-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдіреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
2-жүргізуші: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.
1-жүргізуші:.
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда.
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.- дей келе келесі кезекті әнге берейік
Ән «Мектебім» хор
Мұғалім:
Жеңімпаздар шеруін бастайық
«Көктем аруы» сайысы жеңімпазы Зарина
Спорт мақтаныштары Берик Марғұлан Рауан
«Бұрымды қыз» байқауының жеңімпаздары
Орыс тілі олимпиадасының жеңімпазы Мадина
Аудандық сайыстарға қатысып сертификат алған жеңімпаздарымыз Жанерке Рауан Марғұлан
(Оқушы қыз бен ұл бала жүгіріп шығады)
1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет! 1-сынып оқушысы ер бала: Мен де сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.
2-жүргізуші: Інішек, ұмтылысың жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік.
1-жүргізуші: Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселеріңнің барлығына қол жеткізесіңдер!
1-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ ҚОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА,
1-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢҚЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!
2-жүргізуші:. Енді міне, сағымдай боп өте шықты.
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
1- жүргізуші: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би: «Сыған биі»
2-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз.
2-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін! РАҚМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!