kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?о?ам.Отбасы.Отбасы м?шелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:

1. Отбасы – ?р адамны? ша?ын отаны. Отбасы неке мен туысты? ?атынастар?а негізделген адамдар тобы екенін ??ындыру. Ол ?о?амны? бір б?лшегі, от бар жерде ?мір бар деген ??ымдар?а то?талу. Отбасы деген келешек ?рпа?ты жал?астыратын болаша?. Отбасында адамдарды? алатын орны туралы т?сінік беру. О?ушылар?а ?ке – шеше, бауырды? ?адірін білуге уйрету.

2. ?л мен ?ыздар ?ке-шешесіні? ?ам?орлы?ына, шексіз с?йіспеншілігіне б?леніп, оларды? д?улеті мен ?ызы?ын к?ріп ?ана ?оймай, олардан адамгершілік, ?деп-инабат та?ылымын алу?а, жа?сы ?асиеттерді бойына сі?іру, жа?сыдан ?йреніп, жаманнан жиренуге баулу.

3. Ата-анасына, ту?ан жерге, Отан?а деген с?йіспеншіліктерін ояту. Сыйласты??а, мейірімділікке, татулы??а, ?ам?орлы??а т?рбиелеу. О?ушыларды? бойына ата-ана?а деген с?йіспеншілікті, ??рмет сезімін ояту, адал да парасатты ?л мен ?ыз т?рбиелеу

Саба?ты? ?дісі : ИАТ, слайд .жазбаша тест ж?мыстары, ауызша с?ра?тар

Саба?ты? т?рі : Аралас саба?

Саба?ты? к?рнекілігі : «Отбасы» жайлы мазм?нды суреттер,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?о?ам.Отбасы.Отбасы м?шелері »

Сабақ тақырыбы: Қоғам.Отбасы.Отбасы мүшелері

Сабақ мақсаты:

1. Отбасы – әр адамның шағын отаны. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар деген ұғымдарға тоқталу. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке – шеше, бауырдың қадірін білуге уйрету.

2. Ұл мен қыздар әке-шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

3. Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу

Сабақтың әдісі : ИАТ, слайд .жазбаша тест жұмыстары, ауызша сұрақтар

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі : «Отбасы» жайлы мазмұнды суреттер,

«Тату-тәтті отбасы атты бейнетаспа,

отбасы жайлы жазылған ән, ИАТ , слайд, мақал-мәтелдер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық жүргізу

Үлкенге де сіз, Ата-ананы құрметтеп,

Кішіге де сіз Бас иеміз біз.

ІІ.  Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын сұрау, әңгімелеу.

  1. Жер орбитасы деген не?

  2.  Тәулік дегеніміз не?Бір тәулікте неше сағат бар?

  3. Күн  бетіндегі және қайнауындағы температура қандай?

  4. Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

  5. Осы жылы ақпан айы неше күннен тұрады?

3) Ой қозғау –

Онда біз қазір Жер туралы әңгіме жүріземіз. Жер туралы не білесіңдер , соны ортаға салайық

жасыл

        дөңгелек

тіршілік көзі  

мекеніміз      

Жер

«Жер-ғарыштық дене» бөлімін қайталауға арналған тест сұрақтары:

1. Жерге жақын жұлдыз

А) Уран  Б)Юпитер   В)Күн   Д) Сатурн

2 . Күн меннен Жердің ара қашықтығы

А) 150 000 000  Б) 15 000 000    В)1 000 000    Д)1,5 000 000

3. Ғарышқа жол қай жылы ашылды?

А)1954 ж Б)1957ж    В)1959ж    Д)1953ж

4 . Қай айда «Ғарышкерлер күні» аталып өтеді?

А)12наурыз   Б)12ақпан   В)12мамыр   Д)12сәуір

5.  Глобуста су қалай бейнеленген?

А) Жасыл  Б) Қызыл   В)Көк   Д)Сары

6.Жердің күнді айналып шығуына қанша уақыт кетеді?

А)365   Б)360 В)375 Д)366

6.Жердің серігін ата:

А) Күн   Б) Ай   В) Жұлдыз  Д) Шолпан

7.Ғарышқа алғаш рет ұшқан ғарышкерді көрсет:

А) Юрий Гагарин Б)А Лионов В )Нил Армстронг

8.Осы планеталардың ішіндегі ең танымал, өзімізге жақын қай планета?

А)Жер Б)Меркурий В)Сатурн

ІІІ. Сергіту сәті

Бір,екі,үш Шынығамыз,жазамыз

Бойға жинап күш Ылғи 5-тік аламыз

ІҮ. Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру

Тақырыбы: Отбасы мүшелері туралы болады.

Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

  1. Тілсіз жау.   /от /

  2. Мемлекеттік рәміздің бірі. /ту/

3.Еңбек құралы. /балға/

4.Ең жақын адам. /ана/

5.Уақыт өлшемі. /секунд/

6. Ырыс алды- /ынтымақ/

Кіріспе сөз

Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз отбасы, туыс туралы  тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы- мүшелері» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.

Отбасының белгілі тұратын мекен- жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқу.

Түсінігін сұрау.

Мақал-мәтелдер «отбасы» жайлы.

1.Бала – ананың бауыр еті.

2. Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

3.Өз үйім өлең төсегім.

4. «Сіз», «біз» – деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

Дәптермен жұмыс.  

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Туыстыќ жүйенің ең негізі, бел ортасы – отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық– осы отбасынан есептеледі.  
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. 

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.

«Ұяда не көрсењ, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», – деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. 

Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.

Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі әсер етпек.

ҮІІ. Қорытынды бөлім

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

  1. Отбасы деген не?

  2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?

3.Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.

4. Әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді

Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.     Н. Назарбаев 

Үйге тапсырма:   Жылылық, жайлылық, қамқорлық, өзара көмек сөздерін қосып,

«Алтын ұям» тақырыбына эссе жазу. 77-78 бетті оқу.



































Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға   сурет   бойынша    есеп   құрастырып,   шешуді  үйрете отырып, оқушылардың қызығушылығын ояту. 2) Өтілген материалдар бойынша оқушылардың есеп шығару дағдысын   қалыптастырып, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыта түсу.  3) Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өзбетімен және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, өзіндік, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, дидактикалық материалдар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

                                    2) Психологиялық дайындық

              Қане, біздер ойлайық,

             Ойымызды жинайық   

             Қандай есеп болса да,

             Шешпей оны қоймайық.

3. Топтармен таныстырып, ұрандарын айтқызу.

1 – топ «Алғырлар»

2 – топ «Тапқырлар»

«Алғырлар» тобының ұраны:   Білімдіге дүние жарық,

                                                     Білімсіздің күні қаріп.

«Тапқырлар» тобының ұраны:  Білекті бірді жығады,

                                                       Білімді мыңды жығады.

  • Бүгін жарыс сабағы. Білімдеріңді жұлдызшаларды жинау арқылы бағалаймыз (Мерседес, Джип машиналары қойылады ортаға )

1 – кезең           Математикалық диктант

   «Алғырлар»                                                        «Тапқырлар»

7-ні 3-ке арттыр                                                 8-ді 2-ге арттыр  

10-нан 4-ті кеміт                                                9-ды 3-ке кеміт

6-ны 2-ге арттыр                                              5-ті 4-ке азайт

5-тен 3-ті азайт                                                 6-ны 4-ке қос

2 – кезең           «Ойна да, ойла!»

а) «Мерген» ойыны (берілген 2 цифр арқылы мысалдар төрттігін құрастыру )

б) «Үйшік» ойыны (берілген сандардың құрамын қайталау)

3 – кезең  Сөзжұмбақ шештіру

 

Е

 

 

 

 

 

С

 

 

 

Е

 

 

 

 

П

 

 

                  
1.Бір аптада неше күн ?

2.9 бен 4-тің айырмасы неге тең ?

3. «Артық» ұғымына қарсы ұғым

4.Қыстың соңғы айы.

  шарты     сұрағы шешуі жауабы                                

4 – кезең  «Ойлан тап»

№1. Суретке қарап есеп құрастырып шығару

Алғырлар                                                         Тапқырлар

а) Алма – 8                      – ? артық                ә) Алма – 8

   Құлпынай – 5                                                 Құлпынай – 5      ? кем

Шешуі: 8 – 5=3                                                   Шешуі: 8 – 5=3

Жауабы: Алманың 3-еуі артық                        Жауабы: Құлпынынайдың 3-уі кем

Тақтамен жұмыс ( Екі топтан екі оқушы шығады)

№2

а) Алма – 8 жаста            – ? жас үлкен

    Інісі – 5 жаста

Шешуі: 8 – 5=3

Жауабы: Алма 3 жас үлкен

 ә) Қарындаш – 10 тг

    Дәптер қабы – ? 2тг арзан

Шешуі: 10 – 2=8

Жауабы: Дәптер қабы 8 теңге тұрады

 Сергіту сәті: 1,2,3,4

                       Біз есепке салдық күш

                        «Артық» десе қосамыз

                        «Кем» десе аламыз

                         Соны есіңе сақтап қой

5 – кезең   «Тез ойла» (практикалық жұмыс )

№4 Есеп (кесінділерді өлшеу, салыстыру)

 6 – кезең  Өзбетімен жұмыс №6 мысал

1 – бағана «Алғырлар»                                      2 – бағана «Тапқырлар»                                     

10 – 5    3+7                                                 3 см +2 см        10 см – 4 см

9 – 5      4+2                                                 10 см – 6 см     2 см + 2 см

10 –3     8+0                                                 8 см + 2 см    3 см + 6 см

6+2        8-0                                                  9 см –  3 см      6 см – 1 см

7 – кезең  «Тест»

8 – кезең  Логикалық тапсырмаға жауап алу

1. Он асықтың үшеуін

    Досың сұрап алады

    Айтшы, сонда нешеуі

     Өз қолыңда қалады ?

 2. Көлден ұшты 7 қаз                

Қайтып қалды 2 қаз               

    Қонбады оның нешеуі ?

9 – кезең  «Кім көп сөз айта алады ?»

а) «Математика» – 1 неше сөз айту

    мысалы: мама, ем …..

б) Екі топ екі сөзге математикалық талдау жасау

                  Берілгені: мама

                  Шешуі: 40 =  2 (2а)

с) қорытындылау: Елбасы сөзімен

Бағалау: Екі топтың жеңгенін мадақтау

Үйге тапсырма беріп, аяқтау.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?о?ам.Отбасы.Отбасы м?шелері

Автор: Станбекова Гуляим Нагашбеккызы

Дата: 10.01.2015

Номер свидетельства: 152499


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства