kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?. Баянбай «Жа?сы мен жаман»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?. Баянбай  «Жа?сы мен жаман»

         Саба?ты? ма?саты:

         Білімдік. ?. Баянбайды?  ?мір жолымен таныстыру, ?ле?дегі негізгі ойды аны?тау. ?ле? идеясын халы? философиясымен байланыстыра талдау?а, жазушыны? к??іл-к?йін аны?тай білуге ?йрету.

         Дамытушылы?. О?ушыларды? ой санасын, с?здік ?орын  ке?ейту,  тіл байлы?тарын дамыту, ?зіндік ой-пікірлерін аша білуге ?йрету.

         Т?рбиелік. О?ы?ан, жатта?ан ?ле?, ж?мба?, жа?ылтпашпарын  есте са?тау?а, керекті жерінде пайдалана білуге  т?рбиелеу.

         К?тілетін н?тижелер:

         П?ндік н?тиже. ?мірмен байланыстыра талдау ар?ылы с?зді? м?н-ма?ынасына, философиялы? ??діретіне м?н беруге жетелеу.

         Ж?йелі іс-?рекеттік н?тижесі. Жазушыны? бейнелі с?здері мен мысалдарына, тіліне талдау жасау м?мкіндігін арттыру, шы?армашылы? тапсырмаларды орындау.

         Т?л?алы? н?тиже. ?з бойында?ы жа?ымсыз ?асиеттерден бойын аула? ?стау керектігін ??ыну?а жетелеу. ?мірде кездесетін жа?сылы? пен жаманды?ты? аражігін салма?тауды ?йренуге м?мкіндік беру.

         Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?

         Саба?ты? ?дісі: д?ріс, ??гімелесу, ашы? ой, с?ра?-жауап, с?здік.

         Саба?ты? к?рнекілігі: автор туралы а?параттар, жа?сылы? пен жаманды? туралы ма?алдар мен ?ле?дер т.б.

         П?наралы? байланыс: д?ниетану, ?аза? тілі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?. Баянбай «Жа?сы мен жаман» »

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: З.Т. Магзумова

Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай «Жақсы мен жаман»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік. Қ. Баянбайдың  өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Өлең идеясын халық философиясымен байланыстыра талдауға, жазушының көңіл-күйін анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын  кеңейту,  тіл байлықтарын дамыту, өзіндік ой-пікірлерін аша білуге үйрету.

Тәрбиелік. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпашпарын  есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Өмірмен байланыстыра талдау арқылы сөздің мән-мағынасына, философиялық құдіретіне мән беруге жетелеу.

Жүйелі іс-әрекеттік нәтижесі. Жазушының бейнелі сөздері мен мысалдарына, тіліне талдау жасау мүмкіндігін арттыру, шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Тұлғалық нәтиже. Өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстау керектігін ұғынуға жетелеу. Өмірде кездесетін жақсылық пен жамандықтың аражігін салмақтауды үйренуге мүмкіндік беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: дәріс, әңгімелесу, ашық ой, сұрақ-жауап, сөздік.

Сабақтың көрнекілігі: автор туралы ақпараттар, жақсылық пен жамандық туралы мақалдар мен өлеңдер т.б.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлемдесу, түгендеу.

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудартып, сабаққа дайындықтарын тексеріп қадағалау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?» атты Африка халықтарының ертегісін түсініп оқып, жоспар құру.

Қызығушылықты ояту.

- Бүгін - біздің сыныптағы мақтау, алғыс айту және ризалық күні! Қандай алғыс, мадақтау және ризалық сөздер білесіңдер?

- Төмендегі көрсетілген сөздердің ішінен қайсысыларын жиірек естисіңдер?

- Кімдерден?

- Осы керемет сөздердің өзіңе екі есе не одан да жиірек бағытталу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Оқушылар өз ойларын және бұлардан да басқа естіген алғыс сөздерін айтады.

III. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе

Балалар ақыны болу - үлкен бақыт, себебі бала өзінің сәби кезінде оқыған жырларды көкірек сарайында кіршіксіз, саф таза күйінде сақтайды, ақын өлеңі сәби жүрегінде ескірмес сурет болып қалады. Сондай ақындардың бірі – Қастек Баянбай.

1936 жылы 15 қарашада Талдықорған облысының Талдыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген ақын әдебиетке ерте араласты. Университеттің журналистика факультетін бітіріп еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол республикалық баспаларда бас редакторлық қызметтер атқарды. 1962 жылы жарық көрген «Арғымақ» атты кітабынан бастап, соңғы кезде жарық көрген «Құс сүті», «Жол», «Жүз жыл жаз» атты таңдамаларына дейінгі аралықта ондаған кітап шығарып, балалар тәрбиесіне белсене араласты. Ол «Тәтті сабақ» пен «Солақай қарттың» авторы. Оның туындылары балаларға арналған оқулықтардан ойып орын алды.

Қ.Баянбаев Бельгия ақыны Э.Верхарн және бұрынғы кеңестік дәуірдің С.Данилов, З.Александрова, И.Токмакова, А.Барто, С.Михалков, А.Исаакян сияқты талантты, белгілі ақындарын қазақша сөйлетті. Екі томдық «Орыс ақындары антологиясының» белсенді аудармашысы болды. Өз шығармалары да поляк, болгар және жақын шет ел тілдеріне аударылды.

1975 жылы «Әсем әлем» атты таңдамалы өлеңдер кітабымен жүрген жолын сараптап, кемелдену үстінде шығармашылық есеп берді. Ақын жырларын одақ оқырмандары да оқып үлгерді. 1979 жылы «Детская литература» баспасынан «Қолшатыр көтерген он батыр» өлеңдер кітабы жарық көрді. Бұлардың бәрі де балғын оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.

Қ.Баянбаев балалар поэзиясына кездейсоқ келмегені анық. Мектеп қабырғасынан жаза бастады. Мектепте ұстаздық еткен ақын марқұм Төлеужан Исмайылов әдеби бағдар беріп, шығармаларына пікір айтты. Одан кейінгі өнерпаздық мектептері «Балдырған», «Пионер» журналдары, «Қазақстан пионері» газеті болғанын атап айтуға тиіспіз. Осы күні танымал балалар ақындарының көпшілігі осы баспасөздер арқылы қалыптасты.

2. Оқулықпен жұмыс.

- Өлеңді мұғалімнің оқып шығуы.

- Оқушылардың екі жолдан рөлге бөліп оқуы.

Әр оқушы оқыған жолы бойынша кестені толтырып отырады:

Жақсы қасиеттер

Жаман қасиеттер





- Осы қасиеттерге қандай түстер лайық деп ойлайсыңдар?

- Біз де жазушы болып көрелік.

- Жақсы және жаман қасиеттер туралы кімдердің шығармаларын оқып едік немесе білеміз? (Мысалы: А. Құнанбаев "Адам болам десеңіз" т.с.с.)

IV. Сөздікпен жұмыс.

Қоңсыкөрші

V. Бекіту тапсырмасы.

    1. Өлеңде не туралы айтылған?

    2. Жақсы мінезге не жатады?

    3. Жаман мінезге не жатады?

    4. Өз бойындағы жақсы, жаман мінездерді ата.

VІ. Сабақты қорыту.

Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Жанына қоңсы қондырмас.

VІI. Үйге тапсырма.

Өлеңді түсініп оқып, тағы басқа жақсы және жаман қылықтардың тізімін жалғастырып келу.

VІIІ. Бағалап, мадақтау.

Сабаққа белсенді түрде қатысқан оқушылар бағаланады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?. Баянбай «Жа?сы мен жаман»

Автор: Калиева Нургайша Махуетовна

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211567


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства