Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: презентациялар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушыларды түгелдеу Ә) Оқушымен сыныптың сабаққа дайындығы Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау. ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.Графикалық диктант
1 Қазақ тілінде 7 септік бар.
2 Қазақстанның астанасы -Астана.
3 Қазақстанда 14 облыс бар.
4 Іс-қимылды білдіретін етістік.
5 Зат есімі заттың атын білдіреді.
6 Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
7 Ас атасы-нан.
8 қазақтың 4 түлік малына не жатады?.
9 -п,-ф,-ғ,-т дыбыстары дауыссыз дыбыстар.
10 Әр халыққа тән ойындарды ұлттық ойындар деп атаймыз.
Сөздікпен жұмыс:
Ойын-сауық-игры, развлечения.
Мергендік-меткость.
Ұту- выиграть.
Қызықты-интересно.
Ойыншы-игрок.
Жету керек-должен догнать.
Жаңа сабақ Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мың жылдықта - қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қыз қуу, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылыққ әрекеттерінен бастауалады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Мәтінмен жұмыс:Постер құру
Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Бір бала ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Яғни кімнен кейін кімнің асық ататынын анықтайды. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі бірінші, тәйке, бүк түскендікі үшінші, шік түскендікі төртінші атады.
Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
Қыз қуу. Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жетіу керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
Дәптермен жұмыс:
«Синквейн»
1- зат есім.
2 -сын есім.
3- етістік.
4 -сөйлем құрау.
5- зат есіміне синоним айту.
Даналық жеміс ағашы
Үй тапсырмасы: Қазақтың ұлттық ойындарына шағын шығарма жазу