kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен "Сан есім" та?ырыбына саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? сан есім туралы ал?ан білімі мен білігін о?ушыларды? есіне толы? ?алыптастыру ж?не к?нделікті ?мірде толы? ?олдана білуге арнал?ан саба? жоспары. Саба? уа?ытында "ActivInspire Б? интерактивті ??ралды? м?мкіндігін о?у процесінде ?олдану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "Сан есім" та?ырыбына саба? жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сан есім туралы алған білімі мен білігін оқушылардың есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрену.

Дамытушылық:Сан есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, сауатты, көркем жазуға дағдылану.

Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беруге ,іздемпаздыққа баулу.

Сабақ міндеттері: Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау арқылы сан есім туралы түсініктері кеңейту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақ, ребус,флипчарт.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,психологиялық ахуал жасау, сабаққа деген қызығушылығын ояту.

  2. Психологиялық дайындық. (2 мин)

Ойға түйіп санамыз,

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

  1. Білу кезеңі. \7 мин\ Үй тапсырмасын тексеру.Өткен тақырыптарға сұрақ-жауап.

1-тапсырма. Кейіпкерлерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Зат есімнің сұрақтарын ата.

  • Зат есімге мысал келтір.

  • Етістік түрлерін ата.

  • Күрделі етістікке сөйлем құра.

  1. Түсіну кезеңі. \5 мин\ Сабақтың тақырыбын ашу.

Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу.

  • Екі көзің не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін.

  • Екі қолың не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін.

  • Өлеңде қызылмен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?

  • Ол сөздер нені білдіреді?

  • Өлеңдегі қайталанып тұрған санды ата.



5 Талдау кезеңі \10мин\ Жаңа сабақ тақырыбы Сан есім

Сан есім дегеніміз не?

Заттың санын , ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімнің сұрақтары қанша? , неше?, нешінші?



Жұмбақты шеш.

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын ,бір шүмек. (Домбыра)



Жұмбақтан сан есімдерді тауып ,астын сыз.



Көркем жазу.

Т дыбысынан басталатын сан ойлап тап. Сол сөзді сатылай талда.



Оқулықпен жұмыс

449-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырп сөйлем құра.

Сергіту сәті



6 Жинақтау кезеңі \ 7 мин\

Өздіктерінше жұмыс. 450-жаттығу.

Сөздік жұмыс. Сандарды сөзбен жаз.



Есіңе сақта!!!

. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша?неше?нешінші ?деген сұрақтар қойылады.

7 Бекіту кезеңі \7 мин\

Сөздерді дұрыс орналастыр. Зат есімдерді бір бөлек, сан есімдерді бір бөлек топтастыр. (жүз ,кітап, доп,төрт,тоқсан,мұғалім)

Зат есім етістік (жүгірді,биледі,торт,алма,сағат,секірді)

Өзіңді тексер.

Сан есім дегеніміз не?

Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

8. Кері байланыс. Бағалау \7 мин\

Бағалау парақшасы бойынша бағалайды

1 Бүгін мен не істедім?

2 Не үйрендім?

3 Кімге көмектестім?

4 Бүгінгі сабақта не қиын болды?

5 Өзіңді өзің бағала.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі п?нінен "Сан есім" та?ырыбына саба? жоспары

Автор: Байзоллаева Мадина Серік?ызы

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства