kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен "??тты?тау жазып ?йренеміз" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі п?ні бойынша бастауыш сынып м??алімдеріне арнал?ан саба? жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "??тты?тау жазып ?йренеміз" саба? жоспары»







Құттықтау жазып үйренеміз

(Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ)



























Өткізген: Г. Шарипова.

Сыныбы: 3 «а» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Құттықтау жазып үйренеміз.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік: Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларға өз бетімен қосымша ақпарат жинауға мүмкіндік беру.

  1. Коммуникативтік: Жинақталған ақпараттар бойынша тақырып ашда тиімді әдістер іздей отырып, оны ашу жолдарын жан-жақты қарастыру.

3.Проблеманы шешу: Сабақта алған білімдерін, ақпараттарды іріктеп  «хат, құттықтау жазып үйренудің» жолдарын іс-жүзінде дәлелдей білуге мүмкіндік беру.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыдан ойлар дамыту.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,тренинг.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Оқыту құралдары: тақта, интербелсенді тақта, хатқалталар.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын

Сәрсенбінің сәті сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Клең бестік болсын!

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Жағдаяттардан шығу

-Оқушылардың алыстағы ағайын-туыстарына  жазған хаттарын тексеру.

(хаттарын  оқыту.)

 

 3.Өткен материялды қайталау арқылы жаңа материялды қабылдауға дайындық:

  1. -Мына барлығымыздың парталарымыздың үстінде жатқан не балалар!

М : хат.

-Кімге жаздыңдар!

М: туыстарымызға, жақындарымызға т.б.

-Олай болса, мен сіздердің хаттарыңызды тыңдағым келеді!

М: Бірнеше     оқушыларға оқытамын.

-Сіздердің жақынндарыңыз сендердің хаттарыңызды асыға күтіп отырған болар. Мен бүгінгі сабақта мұғалім емес, пошташы қызметін атқарамын. Мен  сендердің хаттарыңызды міндетті түрде жақындарыңызға жеткізуге уәде беремін.

Көркем жазу: Хх дыбысы

Қызығушылықты ояту

(Слайд көрсету)

  • Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың сіңілісі Сапураға жазған соңғы хаты. 1944 жылы 13 қаңтар

Жаңа материалды түсіндіру.

• Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың сіңілісі Сапураға жазған соңғы хаты. 1944 жылы 13 қаңтар

Сәлем саған, туған жер!

-Сәлеметсің бе, қымбатты сіңілім Сапура? Саған хатты жиі жазғым- ақ келеді, бірақ қол тие бермейді. Сенің 28 қараша 1943 жылы жазған хатыңа жауап жазып жібергенмін, бірақ саған жетпегенін білмеймін.Жақында егер менен ұзақ уақыт хат алмасаң, таңданып жүрме. Осы мекен- жайға жаза бер, себебін білесің. Ағама, тәтеме және барлық туыстарға менен сәлем айт.

Егер көре қалсаң кішкентайларды мен үшін де сүйгейсің. Өзінің денсаулығын, өмірің жайында жиірек жазып тұр. Көп жазып жатпаймын, өйткені Отан алдындағы борышымды атқарудамын! Барлығыңа дұғай сәлем!

Сүйдім Әлия.

Хаттың балалар бірнеше түрлері бар екен: хат, жедел хат, ашық хат, сенім хат, қол хат т.б.

Оқулықпен жұмыс: 1-2 жаттығу ауызша

Топтық жұмыс: «Кім тапқыр» ойынын ойнау. Хатты кімдер жазуы мүмкін?

І топ

Құрбым Жандос!

Мен сені туған күніңмен құттықтаймын. Сенің үлгілі озат оқушы болуыңа тілектеспін.

ІІ топ

Құрметті бүлдіршіндер!

Сендерді Дүниежүзілік балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Елімізде тыныштық болып, сендердің шат-шадыман күлкілеріңді естиік. Болашақта Отанымыздың адал азаматы болыңдар!



ІІІ топ. Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бәріңізге зор денсаулық, береке, бірлік, тілеймін. Елімізде бейбітшілік болсын!

Сергіту сәті: компьютердің көмегімен

Дәптермен жұмыс: 4-жаттығу.

Оқуда алғыр бол,

Ойлауда даңғыл бол.

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

Сұрақ-жауап.

Батаны кім береді? Бата қай кезде айтылады?

Бата мен тілектің қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?

Топтық жұмыс. Ашық хат құрастыру

І топ: Бірлік күні!

ІІ топ: Ұландар күні!

ІІІ-топ. Ұлы Отан соғысына 71 жыл!



Ой толғау: Көрініс:

Жанар хат жазады. Оны хатқалтаға салады. Хатты апарып пошта жәшігіне салады. Пошта жәшігінен жүргізушілер «Қазпоштаға» белгілі бір көлік түрімен жеткізеді. «Қазпошта» қызметкерлері мекен-жайды анықтап, пошташыға береді. Пошташы көрсетілген мекен-жай бойынша иесіне жеткізеді. Иесі, яғни Жанардың әскердегі ағасы – Бауыржан, хатты оқиды. Ашық хат тарату

Кері байланыс: Сабақтан алған әсерім

Үйге: 5-жаттығу. 95 бет

Бағалау.

Топтық жұмыс


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен "??тты?тау жазып ?йренеміз" саба? жоспары

Автор: Шарипова Гулгаим

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 324988


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства