kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі "М?тін ж?не оны? т?рлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

акпролдждлорпакаппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппуууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууппппппппппппппвыфвапролдлорпасяыфяывсаиртолдотрпасыячвпаролджозжопрсльпроипроьваыааввкавкп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі "М?тін ж?не оны? т?рлері"»

« Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен » мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сағаты:

«Ерлік елге мұра, ұрапаққа ұран»











Сынып жетекші: Нурдыгулова М.Е.







2010-2011

Сабақтың тақырыбы: « Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран »

Сабақтың мақсаты:


Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу; Отан сүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.


Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың

суреттері, буклеттер, белгілі даталар, тақырыптық көрме,

слайдтар.


1. «Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы».

2. «Батыр – елдің сәулеті,

Бал құрақ – жердің сәулеті».


3. «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».


4. «Ер - елдің ық жағының қаласы,

Жел жағының панасы».


Еліміздің қорғаны, халқымыздың қалауы болып...


Биыл даңқты мереке жылы болып отыр, сондықтан да егемендік пен тәуелсіздік алып өркениетті демократиялық қоғам орнатуға батыл қадам басқан ұлттар мен ұлыстар мекендеген халқы бар, ынтымағы жарасқан, ой парасатты азаматтары бар, Қазақстан Республикасында, сондай – ақ Созақ ауданындағы бұл мейрамды терең жан толғанысымен, жүрек сыздауымен, мақтаныш сезіммен, қуаныш сезіммен атап өтпейтін бір де бір адам және отбасы жоқ.

Иә, Отан – ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инжинерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Раң ата ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті. Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты.Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен награтталды. Ал, 500-і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.

65 жыл толып отырған Жеңісті жақындатуға біздің ауылымыздың халқы да өзіндік үлес қосып, тарих шежіресінде өз іздерін қалдырды.

Қазіргі ұл – қыздарымыздың қызығын көріп отырған ардақты ақ шашты әжелеріміз тылда еңбек етіп, соғысқа өз үлестерін қосты. Жауынгерлерді киіммен, азықпен, қарумен қамтамасыз етуде жанқиярлықпен үлестерін көрсетті.

Мінеки, бұл күндері соғыстың аяқталғанына 65 жыл уақыт өтті, бірақ соғыс әкелген қайғы мен азапты біздің халқымыз ешуақытта есінен

шығармайды.

Аудан бойынша әлі де болса, санын анықтауды қажет ететін деректерге жүгінсек, 2000 – ға жуық жауынгер майдангерлердің елге оралмағаны, белгісіз кеткені байқалады. Оның ішінде біздің аталарымыз, туыс бауырларымыз бар екендігін естен шығармаймыз. Бұдан артық қайғы мен қасірет бар ма?

Құрметті балалар, келер ұрпақ! Енді соғыс өрті жанбасын, еліміз тыныш болып, бейбіт өмір сүрейік дей келе сендерді 9 – мамыр Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтаймын.


1 - жүргізуші: Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.

2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 65 жылдығын атап өтеміз.

1- білім алушы: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.

2- білім алушы: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


3- білім алушы: Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.


2 - жүргізуші: Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты Отан – ел үшін,

Бақытты туған жер үшін.


4 - білім алушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.


5 - білім алушы: Оқ борады күні-түн

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.


1 - жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.


2 - жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.


1 - жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.


Ән. «Жеңіс туралы жыр»


6 - білім алушы: . Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.


7 - білім алушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

8 - білім алушы: 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
    Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


9 - білім алушы:

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.


10 - білім алушы: Әлия Молдағұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
        Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.

11 - білім алушы:

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


12 - білім алушы: Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.

13 - білім алушы:

Жас ұрпақ, асыр сап

Шырқайды Ерлікті ән қылып,

Небір заңғар таулар құлазып шөесе де,

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік


14 - білім алушы: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады.
   1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  

15 - білім алушы: Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.
   «Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60 жыл»


16 - білім алушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров   Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.


Білім алушылардың өз шығармашылықтарынан өлеңдер.

17 – білім алушы:

Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.


18 білім алушы:

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.


19 - білім алушы:

Орыс , қазақ , қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.


  1. - білім алушы:

Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.


1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.



2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!


Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

1 - жүргізуші:

Кек қайтарып фашистен ,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!


2 - жүргізуші:

Арылтып жерден жауымды,

Табанға шаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Десеңдер бұл қай күні? –

  1. май күні!


Кептерлер қалқып көкте ойнап,

Қызыл ту шалқып, көк бойлап.

Мәре – сәре, мәз – мәйрем,

Отанымыз той тойлап,

Десеңдер бұл қай күні? –

9 май күні!


Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі "М?тін ж?не оны? т?рлері"

Автор: Касымова Айнур Болысхановна

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 248799


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства