kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі "?арсы м?ндес сын есім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-.сыныпты? ?аза? тіліне арнал?ан жоспар. Саба?ты? ма?саты ?арсы м?ндес сын есімдерді табу?а ?йрету, жеке ж?не топпен ж?мыс жасауда ?зіні? пікірін еркін жеткізе білуге ?йрету. Саба? Блум таксономиясы ?дісімен ж?ргізілді. Саба?ты ?орытындылау кезінде данышпандар кітабынан пайдаланылды. Онда к?нделікті ?мірмен тікелей байланысты мысалдар келтірілді. О?ушылар саба? со?ында ал?ан ?серлерімен б?лісіп, рефлексия жасады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі "?арсы м?ндес сын есім" »

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Елубаева Ақмарал Молдагалиевна


Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарсы мәндес сын есім туралы түсінік беру

Міндеттері:

1.Заттардың жалпы сын,сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету

2.Сауатты,көркем жазуын,сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін дамыту

3.Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау,іздену әрекетіне тәрбиелеу

Түрі: аралас

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,ой шақыру,сұрақ-жауап,Блум таксономиясы,дәлелдеу

Қөрнекілігі:«Сын есім» плакат,слайд,суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Сабақты біз бастаймыз.

Табыс тілеп сабақта,

Өзара көз тастаймыз.

Бүгінгі біздің келісім шартымыз.

Бір-бірімізді тыңдаймыз.

Басқаның пікірін сыйлаймыз,

Тақырып көлемінде сөйлеп,

Бір жауапты қайталамаймыз,

Уақытты әрқашан бағалаймыз.

Мақсат қою:

Бүгінгі сабағымыздың жоспары мен мақсатын таныстырып өтейін

Сабақ бөлімдері:

1«Көпір» -бұл бөлімде үй тапсырмасы сұралады.

2.Білу теориясы - жаңа сабақ түсіндіріледі.

3.Түсіну теориясы-жаңа сабақтан алған білімін,түсінгенін,бақылау тапсырмасын орындайды.(8-жаттығу)

4.Талдау теориясы.(9-жаттығу)

5.Жинақтау теориясы.(10-жаттығу)

6.Қолдану теорисы.(11-жаттығу)

1-бөлім: «Көпір» тапсырмалары

Өткен сабақта сөз таптары соның ішінде«Сын есім» өтілген.Үй тапсырмасына өзіндік жұмыс берілген.

Дәптерлерін жинап алу

1.Сөз таптары нешеге бөлінеді?

2.Сын есім дегеніміз не?

3.Мысал келтіріңдер.

Тұсаукесер:

-Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

-Төртке

-Қазір қай мезгіл?

-Қыс

-Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Күнсуық болады.Қар жауады.

-Қардың түсі қандай?

-Ақ

-Адамдар қандай киім киеді?

-Қалың

-Ақ сөзіне қарама-қарсы сөз?

-Қара

-Суық сөзіне қарама-қарсы сөз?

-Жылы

-Қалың сөзіне қарама қарсы сөз?

-Жылы

Ақ-қара

Суық-жылы

Қалың-жұқа

-Бұл сөздер қандай сөздер?

-Қарсы мәндес сын есімдер?

Ереже шығару:Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.

2-бөлім.Білу теориясы

Мағыналары бір-біріне қарсы,сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.Мысалы қалың-жұқа,биік –аласа.

3- бөлім.Түсіну теориясы:

7-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

2.Жақсы бала-қуаныш, жаманбала-өкініш.

3.Қант тәтті болады,бұрыш ащы болады.

4.Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

•Сын есімдерді тап.Олардың мағынасына назар аудар.

-Не жаздық?Мақалдар неге жатады?Тағы нелер халық ауыз әдебиетіне жатады? (ертегілер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,жырлар)

8-жаттығу.Жұмбақты оқып жатқа жаз.Шешуін тап.

Қызыл қазық,

Таңсық азық.

•Қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.

4-бөлім.Талдау теориясы.

9-жаттығу.Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

(жеке жұмыс)

Мейірімді,инабатты ,жуас.

5-бөлім.Жинақтау теориясы.

Топтық жұмыс.

10-жаттығу.Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап.

Ірі -ұсақ

Жұқа –қалың

Құрғақ-ылғал

Дәлелдеу үлгісі:Заттың түсін (көлемін т.б) білдіреді.

Бұл-сын есім,өйткені қандай?сұрағына жауап береді.

6-бөлім.Қолдану теориясы.

11-жаттығу.Сурет бойынша жұмыс.Керікті сипатта.

Сабақты қорытындылау:

Данышпандар кітабы.

Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады.Күн мен түннің ауысуы,ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы,жаман әрекетімен байланысты.Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе,білгір болатыны ал аз түйсе,надан болатыны анық.Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса,әрине,оныңжас шағы кемелдене отырып,ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.

Бағалау.

Үйге тапсырма:Ереже жаттау.12-жаттығу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілі "?арсы м?ндес сын есім"

Автор: Елубаева А?марал Молдагалиевна

Дата: 18.04.2015

Номер свидетельства: 203063


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства