kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі ?аратпа с?здегі тыныс белгілері 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 "?" сыныбында ?аза? тілі п?нінен "?аратпа с?здегі тыныс белгілері" та?ырыбына ?ткен саба??а талдау

         Саба? басында о?ушыларды К?н, Жер, ?стаз, Дос атты топтар?а б?лдім. Себебі, саба? барысында ол атаулар ?ажет болды. Балаларды? ?ызы?ушылы?тарын ояту кезе?інде, ?ле?ді айтып, ?имылдар жасауда, К?н, Жер, ?стаз, Досты? назарын ?здеріне аудару ма?сатымен айтыл?анын е? ал?аш?ы назарлары аударылды.  "Балалар, жа?а?ы ?ле?де не бай?ады?дар?" - деген с?ра? ?ойыл?аннан кейін, балалар ?ткен саба?та ?ткен ?аратпа с?здерді бай?а?андарын айтты. Осы жерде ?аратпа с?зіні? ережесі айтылып, мысалдар келтірілді.

         ?й ж?мысын "ысты? орынды?та" тексердім. М?нда балалар "?аза?ты? салт-д?ст?рлері" туралы жаз?ан эсселерін о?ыды. ?асиет ?з шы?армасында жазда інісіне жасал?ан с?ндет тойы туралы жазыпты. Інісіні? к?п а?ша жина?аны, к?п сыйлы?тар ал?аны, ал на?ашы атасы о?ан бір ??лын сыйла?аны есінде ?алыпты.  ?лден жуырда ту?ан ?арындасын ?желер жиналып, бесікке сал?аны туралы, о?ан бесік жырын айт?анын жазыпты. Нариман жазда отбасымен ауыл?а барып, ?лкен аталарыны? ?йлеріне барып, с?лем беру д?ст?рі туралы жаз?ан. Балалар орынды?та отыр?андар?а с?ра?тарын ?ойды. Соны? ішінде А?н?рды? с?ра?ы ерекше болды. Ол:"Нариман, сен ?лкен бол?анда осы д?ст?рді са?тайсы? ба? Неге?".

          Жа?а та?ырыпты ?здігінен т?сінуге жа?дай жасау?а тырыстым. Ойдан шы??андай болды, біра? топты? ж?мыс бол?ан со?, талдау?а ?атыспай ?ал?ан балалар да болды. Оны мен ж?мыс барысында бай?адым. Келесіде топты? ж?мыс болса да, ?р?айсысы б?лек жазып орындайтын тапсырма беру керек. Мысалы: тапсырмасы бір, с?йлемдері немесе с?здері ?рт?рлі.

         Б?гін саба?ыма жоспарла?ан тапсырмаларды уа?ытында орындады. Саба? со?ында кері байланыс пен ба?алау?а 7 минут уа?ыт ?алды. Кері байланыста балалар келесі саба??а осындай тапсырмалар ??растырып келуге болама екенін с?ра?аны мені ?уантты, демек тапсырма оларды ?ызы?тырды, ?рі ?здігінен жа?а та?ырыпты ме?геру ?олдан келетінін т?сінді. Біра? саба?ты 100% ме?геріп кетті дегенге к?м?нім бар, оны ерте?гі саба?тан к?ремін.

         Ба?алау. Мен ?р о?ушы ?з ж?мысын ба?алауын ?сындым, со?ында баланын ?р?айсысына ба?аларын ?зім айтып шы?тым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі ?аратпа с?здегі тыныс белгілері 3 сынып »

Тексерілді

Дүйсетаева Ж.А

Мерзімі


Мұғалім


Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Қаратпа сөздегі тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты

Қаратпа сөздегі тыныс белгілерінің қойылуын меңгереді, қолдана алады

Сабақтың міндеттері

  • қаратпа сөздерді сөйлем ішінен ажырату

  • қаратпа сөздегі тыныс белгілерінің қойылу жағдайларын қарастыру

  • өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру

Күтілетін нәтиже

  • балалар ізденіп жұмыс жасай алады

  • қаратпа сөздерді ажыратады

  • қаратпа сөздегі тыныс белгілерін қоя алады

Көрнекі, техникалық құралдар

Интербелсенді тақта, постер, слайд

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың сабаққа дайындығын тексеру


Топтарға бөліну

1 минут

Балалар тиген парақ бойынша топтарға бөлінеді

Күн Жер Ұстаз Дос

Қызығушылық

тарын ояту

3 минут

Сәлеметсің бе, Күн!

Сәлеметсің бе, Жер!

Сәлеметсің бе, Ұстаз!

Сәлеметсің бе, Дос!

- Балалар, бүгінгі сабақта сіздерге жетістіктер тілей отырып, сабағымызды бастайық.

- Балалар, жаңағы өлеңде не байқадыңдар?

Балалар тренингті қимыл-қозғалыспен орындайды

Қойылған сұрақтарға жауап береді

Үй жұмысын тексеру

10 минут

"Қазақтың салт-дәстүрі" тақырыбында жазылған эсселерін "автор орындығында" тыңдау

- Балалар, авторларға сұрақтарың бар ма?

- Жаңа сұрақты қоярда сендер қаратпа сөздерді қолдандыңдар ма? Еске түсіріңдерші. Ауызша айтуды білеміз, енді сол қаратпа сөздер жазуда қалай жазылады екен? Оны білу үшін тақтаға назар аударайық.

Балалар жауаптарын тыңдау

Авторлар қойылған сұрақтарға жауап береді

Топтық жұмыс

7 минут

Слайдта

Айжан, қаламыңды берші.

Қаламыңды, Айжан, берші.

Қаламыңды берші, Айжан.

4т - Ұстаз тобына мұғалім көмек көрсетеді. Үш жағдайды да қарастырылады.

Берілген сөйлемдерді талдап, постер қорғауға дайындалу

1.Топта жұмыс жасалады

2.Мысалдар келтіру арқылы өз пікірлеріңді дәлелдейді.

3.Қорғауға 30 секунд

4.Айтылғанды ережемен салыстыру, қорыту

Оқулықтағы 98 бет ереже


Мағынаны ашу

Слайдта



1.Балалар өлеңді жатқа жазады

2. Қаратпа сөздер бар сөйлемге сызба жасайды

3. Бір-бірін тексереді

Жеке жұмыс

Тақтада берілген сөйлемге қаратпа сөзді қатыстырып сөйлемді өзгерт.

Айша дүкеннен келді.

Түйеге өркеш неге керек?

Отаным үшін еңбек етемін.

1. Балалар таратылған парақтарға тақтада берілген тапсырманы орындайды

2. Өзін тексереді

А, Ә, Б нұсқасын таңдайды


Бағалау

5 минут


Балалар өздерін бағалайды

Үй жұмысы


101 бет 5 жаттығу, ереже жаттау



3 "Ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Қаратпа сөздегі тыныс белгілері" тақырыбына өткен сабаққа талдау

Сабақ басында оқушыларды Күн, Жер, Ұстаз, Дос атты топтарға бөлдім. Себебі, сабақ барысында ол атаулар қажет болды. Балалардың қызығушылықтарын ояту кезеңінде, өлеңді айтып, қимылдар жасауда, Күн, Жер, Ұстаз, Достың назарын өздеріне аудару мақсатымен айтылғанын ең алғашқы назарлары аударылды. "Балалар, жаңағы өлеңде не байқадыңдар?" - деген сұрақ қойылғаннан кейін, балалар өткен сабақта өткен қаратпа сөздерді байқағандарын айтты. Осы жерде қаратпа сөзінің ережесі айтылып, мысалдар келтірілді.

Үй жұмысын "ыстық орындықта" тексердім. Мұнда балалар "Қазақтың салт-дәстүрлері" туралы жазған эсселерін оқыды. Қасиет өз шығармасында жазда інісіне жасалған сүндет тойы туралы жазыпты. Інісінің көп ақша жинағаны, көп сыйлықтар алғаны, ал нағашы атасы оған бір құлын сыйлағаны есінде қалыпты. Әлден жуырда туған қарындасын әжелер жиналып, бесікке салғаны туралы, оған бесік жырын айтқанын жазыпты. Нариман жазда отбасымен ауылға барып, үлкен аталарының үйлеріне барып, сәлем беру дәстүрі туралы жазған. Балалар орындықта отырғандарға сұрақтарын қойды. Соның ішінде Ақнұрдың сұрағы ерекше болды. Ол:"Нариман, сен үлкен болғанда осы дәстүрді сақтайсың ба? Неге?".

Жаңа тақырыпты өздігінен түсінуге жағдай жасауға тырыстым. Ойдан шыққандай болды, бірақ топтық жұмыс болған соң, талдауға қатыспай қалған балалар да болды. Оны мен жұмыс барысында байқадым. Келесіде топтық жұмыс болса да, әрқайсысы бөлек жазып орындайтын тапсырма беру керек. Мысалы: тапсырмасы бір, сөйлемдері немесе сөздері әртүрлі.

Бүгін сабағыма жоспарлаған тапсырмаларды уақытында орындады. Сабақ соңында кері байланыс пен бағалауға 7 минут уақыт қалды. Кері байланыста балалар келесі сабаққа осындай тапсырмалар құрастырып келуге болама екенін сұрағаны мені қуантты, демек тапсырма оларды қызықтырды, әрі өздігінен жаңа тақырыпты меңгеру қолдан келетінін түсінді. Бірақ сабақты 100% меңгеріп кетті дегенге күмәнім бар, оны ертеңгі сабақтан көремін.

Бағалау. Мен әр оқушы өз жұмысын бағалауын ұсындым, соңында баланын әрқайсысына бағаларын өзім айтып шықтым.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?аза? тілі ?аратпа с?здегі тыныс белгілері 3 сынып

Автор: Ауенова Гульмира Зинулловна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 213021


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства