Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | Тапсырмалар орындау арқылы жалғау және жұрнақ туралы түсінік беру | |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Түбір сөзбен қосымшалы сөзді ажыратады. |
Оқушылардың басым бөлігі: Жаңа сөз тудыратын қосымша және сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша болатынын біледі. |
Кейбір оқушылар: Түбір сөзге қандай қосымша жалғанғанын дәлелдеп айта алады |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Сөздік қоры молайып, мысалдар келтіріп сөзді құрамына қарай талдай алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Жұрнақ, жалғау |
Сыныптағы диалог: Топтық, жұптық жұмыс арқылы бір - бірімен әңгіме жүргізу |
Талқылауға арналған нормативтер:Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ, сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау екендігі туралы түсінік |
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? -Жұрнақ жалғанғанда сөз мағынасы неге өзгереді ? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: Жаттығулар жазу |
Алдыңғы оқу | 102-бет, 281-жаттығу. Өзің қалаған тақырыпқа шығарма жазу |
Жоспар | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | Бағалау |
Басталуы 2мин | 1)Сабаққа дайындықтарын тексеру. 2)Психологиялық тренинг «Шаттық шеңбері» 1,2,3 Сынып іші тып-тыныш. Сабақты біз бастаймыз, Жалқаулықты тастаймыз. | Қазақ тілі Алматы «Атамұра»2013 Г.И.Уайсова, Р.С. Әміров, Ә.Е. Жұмабаева | |
Білу 8мин | * «Тосын сұрақ» әдісі Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қояды (оқушы-оқушы) *Топқа бөлу Бүркіт, су, ойын, таза сөздерімен бөлу *Үй тапсырмасын тексеру «Қар көшкіні» ойыны арқылы жазып келген шығармаларын 4 оқушыға оқыту. *Дәптермен жұмыс Күн ретін және кезекші әріпті жазу | Доп Қима қағаздар Дәптер, қаламсап | Формативті бағалау |
Түсіну 15мин | *Миға шабуыл -Қандай тақырып өтіп жатырмыз? -Түбір дегеніміз не? -Қосымша дегеніміз не? -Қосымшаның неше түрін білеміз? -Кім атап береді? -Топқа қандай сөздермен бөліндіңдер? *Топтық тапсырма *Кластер әдісі Топқа бөлінген түбір сөздерге қосымшалар жалғау және қандай қосымша екендігін дәлелдеу *Оқулықпен жұмыс «Жұпта талқылау» әдісі Ережені жұппен оқып, өзара талқылайды. Ереже: Қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға. Мұғалімнің түсіндірмесі. Жұрнақ пен жалғаудың таңбаларымен таныстыру *Сергіту сәті Түбір сөз айтса орында жүреді, жұрнақ жалғанған сөзді айтқанда оңға, солға бұрылады, жалғау жағанған сөзді айтқанда отырып тұрады.оңға солға иіледі. | А4қағазы, маркер оқулық Қимыл -қозғалыс жаттығулары | Формативті бағалау Басбармақпен бағалау Формативті бағалау |
Ортасы Қолдану 7мин | *Жаттығулар орындау 283-жаттығу. Өзіндік жұмыс Мақалды оқып, жатқа жаз Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. Тапсырма: Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір. 284-жаттығу. Тақтамен жұмыс Сөздерге жұрнақ жалғап оқу, сөйлем құрап жазу. Дос,іс,жұмыс | оқулық | Формативті бағалау |
Талдау 5мин | 285-жаттығу. Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жазу,дәлелдеу Семантикалық кесте | жұрнақ | жалғау | түбір | батырлық | | | | ғалымның | | | | іскер | | | | көмірді | | | | көлшік | | | | биші | | | | жем | | | | дәптері | | | | | Семантикалық кесте | Басбармақпен бағалау |
Аяқталуы Жинақтау 3мин | *Миға шабуыл -Бүгінгі сабақтан не білдік? -Жұрнақ дегеніміз не? -Жалғау дегеніміз не? | | Формативті бағалау |
Үй тапсырмасы | 286-жаттығу «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында пайымдау мәтінін жазу | Қазақ тілі 2 сынып |
Рефлексия Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |