Баурайында ?сем Алматы орналас?ан тау (Іле Алатауы)
Те?із де?гейінен т?мен жат?ан жазы? (ойпат)
Алтайды? е? биік шы?ы (М?зтау)
?зі зор ж?не тере? бол?анды?тан те?із атан?ан к?л. (Каспий) М?хит суларына жал?асы бар суларды «те?із», ондай жал?асы жо?, ??рлы?та?ы сулар «к?л».
Картада тауды бейнелейтін т?с. (?о?ыр)
Табаны тегіс, екі жа?ы беткейі т?йетайлы болатын жербедері. (сай)
Жазы?ты? бір т?рі. (т?белі)
«?аза?ты? ?са? шо?ылы?ы» немесе Батыста ?лытаудан шы?ыста Тарба?атай?а дейін, солт?стікте К?кшетаудан о?т?стікте Бал?аш ма?ына дейінгі аралы?ты? атауы. (Сарыар?а)
?ытай тілінен аудар?анда «Аспан тау» ма?ынасын беретін тау. (Тянь-Шань)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?аза?станны? физикалы? картада бейнеленуі"»
Пәннің аты: Дүниетану
4 сынып
Уақыты: 15.10.2015ж
сағ: 9.50
Кабинет: 307
Мұғалім: Р. Төлеубай
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанның физикалық картада бейнеленуі
Сабақтың мақсат ы
Еліміздің физикалық картада бейнеленуін өз беттерінше оқып үйренуге баулу.
Ақыл - ой белсенділігіне жұмылдыру арқылы оқушылардың интеллектуалды іскерліктері мен логикалық ойлауын, тілін жетілдіру. Еліміздің кеңдігін, қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу.
Күтілетін
нәтижелері
Еліміздің бейнесін физикалық картадан оқып түсіне алады.
Топ мүшелері қолдауды сезіне отырып топтың жұмысын бірлесе атқарып, өзара білім алмасады;
Талқылап, ортаға салып, өздігінен білім алуға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады.
Оқушылар өз ойларын толық, дәлелді, әрі ашық айта алады.
Алматы «Атамұра» баспасы. 2015 жыл. 4-басылым, өңделген.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Ресурстар Көрнекілігі
Оқулық, физикалық карта, географиялық карта, интербелсенді тақта, ақ қағаз, маркер, стикерлер, дидактикалық кесте.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
t
Ынтымақ
тастық атмосферасын қалыптас
тыру
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Біз кімбіз? (қазақпыз)
Біз қандай елміз? (Көп ұлтты елміз)
Біз тағы кімбіз?
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу, әр топ мүшелеріне топтың ережесі мен қызметін тағайындайды.
Оқушылар сәттілік тілейді. Топтарға бөлінеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін құрады.
3'
Қызығушы
лығын ояту
«Қазақстан» сөзжұмбағын шешу:
Баурайында әсем Алматы орналасқан тау (Іле Алатауы)
Теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық (ойпат)
Алтайдың ең биік шыңы (Мұзтау)
Өзі зор және терең болғандықтан теңіз атанған көл. (Каспий) Мұхит суларына жалғасы бар суларды «теңіз», ондай жалғасы жоқ, құрлықтағы сулар «көл».
Картада тауды бейнелейтін түс. (қоңыр)
Табаны тегіс, екі жағы беткейі түйетайлы болатын жербедері. (сай)
Жазықтың бір түрі. (төбелі)
«Қазақтың ұсақ шоқылығы» немесе Батыста Ұлытаудан шығыста Тарбағатайға дейін, солтүстікте Көкшетаудан оңтүстікте Балқаш маңына дейінгі аралықтың атауы. (Сарыарқа)
Қытай тілінен аударғанда «Аспан тау» мағынасын беретін тау. (Тянь-Шань)
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
Әр топ мәліметтерді көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оның мақсатын анықтайды.
5'
Мағынаны тану
Қазақстанның жер көлемі қанша?
Карта деген не?
Қазақстан қанша аймаққа бөлінеді? Неге? (Айналысатын шаруашылығына байланысты экономикалық аймақтар)
Топтық жұмыс.
Сарамандық жұмыс:
Физикалық картадан жер бедерін анықтайық! Ол үшін:
І топ: төбелі жазықтарды
ІІ топ: биік тауларды
ІІІ топ: аласа тауларды
ІҮ топ: ойпатты жазықты табады.
Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс. Оқушылар картадан бояуына қарап, тегіс және төбелі жазықтардың, аласа және биік таулардың қай жерде жатқанын анықтау. (Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Қу, Абралы, Ереймен, Баян, Шыңғыстау, Қызыларай-гранит тау, Ақтау-әктастан тұрады, Қаратау орташа, аласа тау, Әншітау, Қызылтау-қызыл граниттен тұрады).
Бекіту: Қазақстаннның жер бедерінің ерекшелігі:
Қазақстанның батысы мен солтүстсгінде тегіс жазықтар кең алқап құрайды. Арал, Балқаш маңы, Сыр бойы құмды төбелі жазық. Қыратты жазықтар, шоқылар, аласа таулар алып жатқан орталық бөлігі-Сарыарқа деп аталады. Шоқы – биіктігі 12-20 метрден 50-60 метрге дейін баратын, қатты тау жыныстарына тұратын төбе. Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар.
Дәптермен жұмыс:
Каспий маңы ойпаты-тағаша иіліп жатыр.
Сарыарқа-Қазақтың ұсақ шоқылығы.
Алтай-
Жоңғар Алатауы-
Тянь-Шань-
Еліміздің ұлан-байтақ аумақты алып жатуының қандай маңызы бар?
Қазақстан неліктен «пайдалы қазбалар қоймасы» деп аталған.
Жұппен жұмыс: Физикалық картадан масштаб көмегімен тағы нені таба аламыз?
І топта: Атырау қаласы мен Астана қаласының арасын;
ІІ топта: Астана мен Талдықорғанның арасын;
ІІІ топта: Астана мен Алматының арасын;
ІҮ топта: Астана қаласы мен Өскемен қаласының арасын шаршы шақырыммен есептеп тап.
(Алматы мен Талдықорғанның арасы 280 км-ден астам)
Физикалық картада не бейнеленеді?
Картадан көкжиек тұстарын көрсете аламыз ба?
Біздің еліміз – Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы деп аталады. Ұлан – байтақ жеріміздің кеңдігі сонша, Батыс Еуропадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай - 5 мемлекет немесе Ұлыбританиядай - 11 мемлекеттің, Жапониядай - 17 мемлекеттің жерімен пара-пар. Жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің ішінде 9-орында. Ол 2,7 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр. «Пайдалы қазбалар қоймасы» деп те бекер аталмаған. Елімізде жер шарында кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі кездеседі. Картамыздан олардың шартты белгілерін кездестіреміз. Қазақстан мыс қоры жөнінен дүние жүзі бойынша 3-орында.
Темір кені қоры бойынша АҚШ-тан 1,5 есеге артық, яғни бүкіл Батыс Еуропадағы темір кенінің жалпы қорынан асып түседі. Атом қуатын өндіретін уранның дүниежүзілік қорының 25 % барланған.
Пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері жер бетіне шығып немесе жақын орналасқан. Сондықтан олар арзанға түседі.
Қазақстан Батыс пен Шығыс елдерінің арасында орналасқан. Оның аумағы арқылы Орта Азия мемлекеттерінен және Қытайдан Ресейге баратын және одан әрі Батыс елдерімен байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдары өтеді. Түрлі жолдар торабында жатуы шет елдермен сауда және шаруашылық қарым-қатынасын дамытуға барынша қолайлы жағдай тудырады.
Физикалық картамен жұмыс.
Мәтінді өз беттерінше оқу, іздену.
30'
ІХ. Ой қозғау стратегиясы.
Топтастыру.
І топ: Қазақстанның жер бедері қандай?
ІІ топ: Қазақстанның жетістігі қандай?
ІІІ топ: Қазақстанның байлығы қандай?
ІҮ топ: Қазақстанның физикалық картадағы орны қандай?
Ой толғаныс
Инсерт әдісі.
Не білеміз? Не білгім келеді? Нені білдік?
Бағалау:
Өзін-өзі бағалау
Формативті бағалау
(екі жұлдыз бір тілек)
4'
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Сабаққа пікіріңіз, ұсынысыңыз.
Сабақ бойы алған білімі туралы ойлана біледі
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
2'
Келесі қадамға тапсырма:
Реферат дайындау.
Х.Қорытынды.
Күнделіктеріне түртіп алады
1'
«Қазақстан» сөзжұмбағы
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н -
сызу
Слайд құру
Рефлексия.
Маған бұл сабақ не үшін қажет?
Сабақтағы менің жетістіктерім ...
Рефлексия.
Мен сабақта мына тапсырмаларды таңдадым, өйткені:
-Бүгінгі сабақта мен . . . үйрендім;
-Маған . . . қиын болды;
-Маған . . . қызықты болды.
Рефлексия.
«Бағдаршам» Балалар карточкалармен жұмыс жасайды:
Жасыл – осындай жұмыстар көп болсын, үйренеміз;
Сары – ұнады, бірақ бәрі қызықты емес;
Қызыл – ұнамады, қызықсыз.
«Кубизм» стратегиясы.
1. Салыстырыңыз. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
2. Талқылаңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. Ажыратыңыз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажырат.
5. Қолданыңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме немесе эссе жаз.
6. Зерттеңіз. Құрлық бетінің негізгі түрлері қандай?
Қазақстандағы көлдер
1. Қазақстандағы ең терең көл
2. Қазақстандағы ең ащы көл
3. Қазақстандағы ең тұщы көл
4. Тұщы көлдердің ішіндегі ең терең көл
Біздің еліміз – қазақстан немее Қазақстан Республикасы деп аталады . Қазақ жері ұлан – байтақ кең . Ол 2 миллион 724 мың шаршы километр аумақты алып жатыр . қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9 – орын алады . Оның аумағына батыстағы ірі деген бірнеше мемлекет сыйып кетер еді . Кең байтақ жерді алып жатқандықтан , еліміздің табиғат жағдайлары алуан түрлі және табиғи байлықтарға барынша бай
Қазақстанның физикалық картасына қарасақ , оның жерінің басым көпшілігі жасыл және сарғыш бояумен боялғаны көзге түседі . Олар ойпатты және биік жазықтар . Оңтүстік – шығысы мен шығысында басы бұлттан асақан қарлы шыңдары бар биік тау жоталары созылып жатыр . Республикамыздың солтүстігі – қара топырақты дала . Бұл өңірде миллиондаған гектар жерге егін егіліп, жыл сайын астықтан мол өнім алынады . Көп жерін шөлейт пен шөл алып жатыр Бұл өңірлерде негізінен , қой , жылқы , сиыр , түйе малы өсіріеді . Өзен бойлары мен тау алды өңірі суармалы егіске пайдаланылады .
Бұл қызық! Ең, ең,ең Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс Ең терең көл-Байкал Ең терең ойпат – Қарақия ойпаты
Эпиграф: «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын».
Балалар біз өткен сабақтарда қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары туралы үлкен тарауды оқып, таныстық.
Ал, Қазақстанда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?
Ойпат, жазық (Ккаспий, шығыс Еуропа, Батыс Сібір)
Үстірт «Үстірт. Торғай үстірті. Жем)
Аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар
Биік тау (Алтай, сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань).
(Бәрін картадан көрсету)
Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін
Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін Батысты – Теңіз деңгейінен төмен жатқан – Қарарқия ойысы – 132 метр мен ең биік тау – Тянь – Шань – 6995 метр – Хан Тәңірі.
Ал енді Шығыс Қазақстан өңірінің көрікті жерлерін теледидардан көрейік. Жақсылап назар салыңыздар.
Видеокөрініс
Осындай тамаша жер бедері қалай пайда болғанына тоқталайық. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыбын тақтадан жазады. Енді өзіміз танысқан терминдерді есімізге түсірейік: