Просмотр содержимого документа
«?аза?ша?ыз ?алай? »
№ 15 мектеп - лицей
«Қазақшаңыз қалай?»
Тәрбие сағаты.
4 сынып
Өткізген: Мамбаева С.Г.
Астана-2014
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал – мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған плакаттар,ұпай беретін таяқшалар.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалімнің сөзі: - Құрметті оқушылар, ұстаздар, бүгін біз «Тілдер мерекесіне арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс шарамызды ашық деп жариялаймыз. Бұл шарада оқушылар 2 топқа бөлініп сайысқа түседі. I – топ «Тапқырлар», II – топ «Алғырлар».
Шарамыздың мақсаты: қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сайыстың жалпы турлары:
«Сәлем сөздің бастауы».
«Сөйлей – сөйлей шешең боласың» сурет бойынша әңгімелесу.
Кім тапқыр? - сөз тіркесін құрау.
Кім жүйрік? – әріп бойынша сөз айту.
«Білімді мыңды жығады» - тиісті әріпті қой.
Сөзжұмбақты шешу.
Капитандар сайысы – өз отбасы жайлы айту.
Балалар, !Қазақ тілі» еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа 5 ұпайдан және капитандар сайысына да 5 ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай – 5, ең төмен – 2.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – деп әділ қазылар алқасын сыйлаймыз.
Төселген жазушы емес менің затым
Көркемді жұмыс емес жазған хатым.
«Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ.
Салмақтап ел танысын ерлер атын, - деп 1 – сайысымызды бастаймыз:
1 – сайыс «Сәлем - сөздің бастауы». Екі топтың сәлемдесуі. Танысу.
1 – топ «Алғыр» Тобымыз: - «Алғыр!
Ұранымыз: - Біз алғырмыз, алғырмыз. Жеңіске біз жетеміз!
2 – топ – «Тапқыр» Тобымыз: - «Тапқыр»
Ұранымыз: - Ойлан да ойна. Тапқырлықпен ойла.
Оқушылар өздері салған суреттерімен таныстырып өтеді.
2 – сайыс – «Сөйлей – сөйлей шешен боласың». Сурет бойынша әңгімелесу.
8 – сайыс – «Капитандар сайысы». Өз отбасы жайлы айту.
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.
Мұғалімнің сөзі:- Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттербойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанынаөз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар
Қазақтың тілін ғаламат!
Ана тіл – арым, иманым
Аманат саған, аманат!
Міне, осындай өлең шумақтарымен «Тілдер мерекесіне арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс шарамызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, атсалысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!