kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ?неріні? ал?аш?ы ?арлы?аштары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

С

С?ра? ?ойып,с?ра?тар?а жауап береді.  

Негізгі б?лім:

 

 

 

 

 

 

 

 

Жа?а саба?:Саба?ты? ма?саты хабарланады. О?улы?пен ж?мыс: м?тін мазм?нымен ж?мыс,м?тін    мазм?ны бойынша сурет салу, жуан-жі?ішке с?ра?тар. О?улы?пен ж?мыс болады.Белсенді та?тада электронды? о?улы?тан таныстырылым к?рсетіледі. Ке?ейтілген тапсырма: А). Топтар?а б?лініп, т?жірибе ж?мысын жасайды.(??м,саз, ?ктасты? ?асиеттерін, т?р-т?сін,?ай жерде ?олданылатынын аны?тау).

В).?аза?станда ас т?зы ?ай жерлерде ?ндіріледі?

Негізгі с?здер

Пікірлер

А?ынды к?лдер

А?ынсыз к?лдер

К?лден ?зен а?ып шы?ады

К?лден су а?ып шы?ады.

  С).?ай к?лді? суы ащы?Сызба ??р.

?зен                 А?ынсыз к?л    

  Т?з. 

?зірге кедергісі бар  балалар?а:топшама.

Топты? ж?мыс:

1-топ: «Венн диаграммасы» (Саз ж?не ?ктас пен ас т?зын салыстырып,диаграммалайды).

2-топ:«Серпілген сауал»  ( Саз ж?не ?ктас.Ас т?зы).

3-топ:«Бал?аш –?аза?станда?ы бірегей к?л» деген та?ырыпта ша?ын шы?арма жазу.

Топты? ж?мыстан со?  «Екі ж?лдыз бір тілек»,«Басбарма?» ар?ылы      бірін-бірі ба?алау.

 

 М?тінді кезекпен о?ып,мазм?нымен ж?мыс жасайды. С?ра?тар беріп, с?ра?тар?а жауап береді. Ынталандыру ма?сатында ?олдау к?рсетіп, «Екі ж?лдыз бір тілек»,«Басбарма?»,  саба? барысында о?ушылар бірін-бірі ба?алап отырады.

 

Ресурстарды о?ып, танысады. Бір-бірімен м?лімет алысады, жазады, суреттерді жапсырмалайды.

 

А,В,С де?гейдегі ке?ейтілген тапсырмалары орындайды.

 

 

 

 

 

?зірге кедергісі бар балалар топшамалармен ж?мыс жасайды

 

 

?р топ ?зіне берілген тапсырманы топта талдайды,постер дайындап, оны ?ор?айды.

3-топ «Бал?аш –?аза?станда?ы бірегей к?л» деген та?ырыпта ша?ын шы?арма жазып,о?иды.

Топты? ж?мыстан со?  «Екі ж?лдыз бір тілек»,«Басбарма?» ар?ылы    о?ушылар бірін-бірі ба?алап отырады.

 

?орытынды:

 

 

«??пия зат» ?дісімен саба??а ?орытынды жасалады.

С?ра??а жауап береді.

Ба?алау:

 

Жиынты? ба?алау. Кері байланыс: «Тал?ылау бойынша серіктестер».

    О?ушылар ?здері ?йренген ?ш н?рсе туралы стикерге жазып,о?иды.          

?йге тапсырма:

 

 

55-58-беттер.(?осымша деректер жинау.Энциклопедиядан ?аза?стан к?лдері туралы о?ып келу).

?й тапсырмасын к?нделікке жазады.

Саба?ты? талдауы:

 

 

 

Кіріспе б?лімінде о?ушылар?а ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптыстырып, ?зін-?зі ретке келтіру ма?сатында психолгиялы? ахуал орнатып, сергіту жатты?уы ( «Мен ?аза?пын ») жасалды.  О?ушылырды? жыл мезгілдерін, ай аттарын еске са?тау ?шін ?ыс айлары (желто?сан, ?а?тар, а?пан) атауларымен     топ?а б?лдім . Саба? барысында уа?ытты тиімді пайдалану ?шін о?ушыларды ?ш топ?а б?лдім. Топты? ереже айтылды.

 « Серпілген сауал» ?дісімен   о?ушылар  м?ртебесі жо?ары ж?не т?менгі с?ра?тар ?ойып, жауап алды. Сонымен ?атар с?ра? ?оюшы о?ушы ?зі де жауапты толы?тырып отырды. Б?л ?дісті ?олдануда о?ушылар с?ра? ?ойып, жауап беруге, сын т?р?ысынан ойлау?а, с?йлеуге, ?з ойын еркін жеткізуге, ?зіні? білгенін ?згемен б?лісе отырып, білім алу?а ?ызы?ушылы?ы артты, ?зіндік сын-пікір айту?а ?йренді.

Т?саукесер кезінде   жа?а саба??а  ?адам жасап, белсенді та?тамен таныстырылым, ?аламтор желісінен алын?ан материалдар «Стоп кадр» ар?ылы к?рсетіліп, саба?ты?  ма?саты т?сіндірілді.

-Суретте нені к?ріп т?рсыздар?

-Саба? не туралы болады деп ойлайсыздар?

- Пайдалы ?азбалар?а не жатады?-деген с?ра?тар ар?ылы саба?ты? та?ырыбы  мен ма?саты ай?ындалды, кіріспе тапсырмасы орындалды.

Негізгі б?лімде О?улы? материалдарымен, ресурстармен  танысып   ж?мыстанды.Топты? ж?мыс?а  1-топ: «Венн диаграммасы» (Саз ж?не ?ктас пен ас т?зын салыстырып,диаграммалауды).

2-топ:«Серпілген сауал»  ( Саз ж?не ?ктас.Ас т?зы).

3-топ:«Бал?аш –?аза?станда?ы бірегей к?л» деген та?ырыпта ша?ын шы?арма жазу берілді. «Бал?аш –?аза?станда?ы бірегей к?л» деген та?ырыпта ша?ын шы?арма жазып,о?ыды.?р топ ж?мысынан кейін «екі ж?лдыз бір тілек», «басбарма?» ар?ылы балалар бірін-бірі     ба?алады. ?орытынды б?лімде  бекіту ма?сатында  «??пия зат» пайдаландым. Кері байланыс?а « Тал?ылау бойынша серіктестер» алдым.О?ушылар:

-Не н?рсе о?ай болды?

-Не н?рсе ?иын болды?

-Не білгім келеді?-деген с?ра??а о?ушылар ?здері ?йренген ?ш н?рсе туралы стикерге жазып,о?ыды.           

Саба? бойынша ?згертулер:

О?ушылар арасында ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру, топ ережесін са?тау ар?ылы уа?ытты тиімді пайдалану. Дарынды ж?не к?шбасшы балалар?а ке?ейтілген тапсырмаларды ж?не ?зірге кедергісі бар о?ушылар ?шін ?діс-т?сілдерді т?рлендіруге ?згерту енгізу керекпін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ?неріні? ал?аш?ы ?арлы?аштары. »

Сабақтың тақырыбы: Қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштары.

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ музыка өнерінің даму ерекшелігімен және оның тарихымен таныстыру.Елімізде халықтық және әлемдік музыка өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан өнер қайраткерлерімен таныстыру.

2.Музыка өнері арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу, ән орындаушылық, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды өз елінің музыка мәдениетін білуге, музыка өнерін сүйіп, оны игеруге, өнер қайраткерлерінің еңбектерін бағалай білуге, еліміздегі музыка өнерінің дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, өнер қайраткерлерінің суреттері.нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған кестелер, сөзжұмбақ.

Әдісі: түсіндіру, ойын, шығармашылық жұмыс, сөзжұмбақ шешу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І..Ребус шешу. Көз Н Дәптер

А)Жалпы өнер дегеніміз не?

Өнер------ ән айту --------өлең шығару -----айтысу -----мүсіндеу ------сурет салу ----ағаштан бұйымдар жасау -----тоқу---- зергерлік-------------т.б.

  • Осы өнер түрлерінің ішінде біз бүгін музыка өнерімен, оның даму тарихымен, алғашқы өнер қайраткерлерімен танысамыз.

ІІ.Кіріспе. Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.-деп Абай атамыз ән мен күйдің, жалпы

музыка өнерінің құдіретін, музыка өнеріне деген өзінің ыстық ықыласын білдіреді..

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыка дәстүрі дүниеге келді. Ұрпақтан – ұрпаққа ауызекі түрде жеткен халық музыкасы оның рухани өмірінен, қоғамдық қатынастарынан, күнделікті тұрмысынан ерекше орын алды.

Аты аңызға айналған Қорқыт, музыка ғылымы туралы «музыканың ұлы кітабы» трактатын жазған Әбу Насыр Әл Фараби, Қазтуған мен Асан Қайғы қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері. Қазақтың музыка өнері тереңде жатыр.Халық ән-күйлерін дүниеге келген сәбилеріне арнап «Бесік жырынан» бастап, қыран бүркітіне де, құмай тазыға да, жүйрік атқа да арнады.Жаз жайлауға көшкенде, күз қыстауға қайтқанда ауыл ақсақалы әнмен бата берді, ру басы ақсақалдарының кеңесі ән немесе күймен ашылды.

Ал хабаршы жақсылық хабарды, төтенше жағдайды ауылдан-ауылға терме түрінде ән әуені арқылы жеткізді. Әйелдер киіз үй тікседе, мал сауса да, өрмек тоқыса да, киіз басса да ән айта жүреді. Жиын-тойларда да, тіпті өлген адамды жерлеу салтында да жоқтау әнін орындаған.

Жалпы біздің қазақ халқы өнері халық, өнерді қадірлеген халық.Ендеше халықтың

«Гүлдерайым» әнін Ғазизаның орындауында тамашалайық.


ІІІ. Назерке: Атақты байлардың асында, жәрменкелерде, жайлауға көшкенде, қыстауға

қонғанда, үйлену тойларында, нәресте дүниеге келгенде, қыз ұзату

тойларында ұлттық ойындармен қатар ақындар айтысып, әншілер ән

айтып, күйшілер күй тартып өз өнерлерін көрсеткен.


1.Айтыс өнерін көрсету.Оқушылар айтысы. Тамырлан мен Динара

Тамырлан: Ассалаумағалайкум, армысыздар,

Ұстаздар, ата- ана, жігіт-қыздар.

Бүгінгі мерейлі той құтты болсын,

Ағайын аман-есен бармысыздар.

Динара: Әріптес, амансың ба. халың қалай,

Салатын бүгінгі күн әнің қалай.

Дұрыстап өткізейік бұл айтысты,

Бекерге кеудем соқтап дарылдамай.

Тамырлан: Алысқа шырқап шыққан даусыңыз,

Әрқашан өршіл болсын табысыңыз.

Айта отыр сыныбыңда қандай екен,

Ел-жұртқа мақтанатын табысыңыз.

Динара: Отырсын тілегіміз орындалып,

Айтысып жүрейік те шабыттанып.

Ризамын, Тамырлан, сіздің сөзіңізге,

Кәнекей, қояйыншы қолыңды алып.


Сабрина: Осындай өнер жарысында жеңіп шыққандар жүлде алып, үлкен сый-құрметке

ие болған. Олардың атағы жан-жаққа тарады. Өзгеше шебер орындаушылық

қабілеттері үшін үлкен құрметпен «Сал», «Сері» деп атаған.Біржан сал

Қожағұлұлы, Ақансері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы, Жаяу Мұса

Байжанұлы, Үкілі Ыбырай ,Ұлы Абай т.б. көптеген әнші-композиторлар

қазақ халқының ән мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.

2. «Көзімнің қарасы» әнін Мадияр орындайды.

3. «Жаяу Мұса» әнін Арсен орындайды.


Камила: Асқан домбырашы, күйші- композиторларда, қазақ халқының аспаптық

музыкасының, яғни күй өнерінің дамуына зор үлес қосқан Құрманғазы

Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас

Дүкенұлы т.б. өнер адамдарын атауға болады.

4.Үнтаспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдау.


Айдана: Қазақтың аспаптық халық музыкасындағы қобыз күйлерін қалыптастыруда,

оны жан-жақты дамытуда халық композиторы әрі асқан қобызшы Ықылас

Дүкенұлының халық музыкасының тарихында ерекше орын алды. Оның

«Қорқыт күйі», «Қамбар күйі», «Шыңырау» атты т.б. күйлері бар.

5. Қобызбен «Қошақаным» әнінің әуенін Назерке орындайды.


Толқын: Сыбызғы аспабына арнап композитор әрі сыбызғаша Сарымалай

классикалық күйлер шығарды. Ол «Нар идірген», «Қара жорға», «Бұлбұл»

т.б. күйлер шығарып, сыбызғышылық өнерін дамытқан.

Аида: Әйелдердің қоғамдық өміріне, әнші-күйшілік өнерге араласуына тыйым

салған ескілікті салт-жораның қиындығы мен кедергісіне қарамастан Нәзипа

Құлжанова, Майра Уәлиқызы, Дина Нұрпейісова сияқты қазақтың өнерпаз

қыздары түнек түндегі жарық жұлдыздай көзге түсті. Олар қазақтың тұңғыш

профессионал әнші әйелдері еді.

6.Үнтаспадан Динаның «Жігер» күйін тыңдау.

7.Домбырашылар тобы «Еркем-ай» әнінің әуенін орындайды.


Мадияр: Қазақ музыка өнерінің дамуы оның қалыптасуы ғасырлар бойы халық

даналығы тудырған музыка және поэзиялық фольклордың баға жетпес асыл

қазынасын игере отырып, оны шығармашылық жолменен

пайдаланды.Қазақтың опера және балет өнері мен бірге көптеген жаңашыл

өнер мәдениетін игеріп дамыта бастады.


Азамат: Кеңес дәуірінде қазақ өнер қайраткерлері батыл ізденіп, аянбай

еңбектенді.Тұңғыш қазақ театырының шымылдығы 1926ж. 13-қаңтарда

М.Әуезовтың «Еңлік -Кебек» спектакль трагедиясымен Қызылорда

қаласында ашылды. 1933жылы Алматыда ең алғаш музыка студиясы

ашылды.

8.Қойылым: «Қазыбек бидің төрелігі»

.Ғазиза: 1937 жылы Қазақстандағы ең алғашқы Қазақтың опера және балет театры

құрылды.М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» камедиясы мен Б.Майлиннің

«Шұға» драммасы қойылды.Осы спектакльдерде қазақтың бұлбұл әншісі

Күләш Байсейітова үлкен табысқа жетсе,қазақтың тұңғыш режиссері

Жұмат Шанин ерекше режиссерлік шеберлік қабілетін көрсетті.

9.Бейне таспадан К.Байсейітованың орындауында ән тыңдау


Ханшайым: Ал әнші-артистер Құрманбек Жандарбеков,Қанабек Байсейітов, биші

Шара Жиенқұлова т.б өнерпаздар актерлік талантымен жарқ етті. Әсіресе

би өнерінің дамуына,оның қалыптасуына зор үлес қосқан Шара

Жиенқұлованың еңбегі ерекше болған.

10. «Қамажай» биі .Бір топ қыздардың орындауында.


Динара: 1934 жылы Қазхақстанда ең алғашқы Біріккен қазақ-орыс опера театры

ашылып,халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы

Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», сонымен бірге 1935 жылы

«Жалбыр», «Ер Тарғын» опералары қойылды

11.Бейне таспадан «Қыз Жібек» операсынан үзінді тыңдау.


Аяжан: 1935 жылы құрамында хор коллективі: халық аспаптар оркестрі,би

ансамблі мен әншілер тобы бар Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ

филармониясы ашылды.

Арсен: Қазақ музыка өнерінің дамуына атақты композиторЕ.Брусиловский,

Л.Хамиди,М.Төлебаев,А.Жұбановтар зор үлес қосты.

Диана: 1944 жылы Алматыда тұңғыш консерватория, қазіргі Құрманғазы

атындағы консерваториясы ұлттық музыка мамандарын дайындайтын

үлкен оқу орны ашылды.

Сабина Қазақ өнерін ең алғаш шетелге танытқан атақты әнші Әміре Қашаубаев.

Ол Парижде өткен дүние жүзілік байқауға қатысып, өзінің ерекше

дауысымен әлемді таң қалдырған..16.Қазақ Халқының музыкалық

шығармаларын жиып –теруде және зерттеуде, жергілікті ұлт мамандарын

тәрбиелеуде орыс музыка маманы,композитор,музыка этнограф

А.Затаевичтің еңбегі зор.

Тамырлан: Қазақ музыка мәдениетінің жетістіктері 1936 жылы және 1959 жылы

Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде көрсетіліп

жоғары бағаға ие болды.

12. «Жалғасын тап» ойыны. Өнер туралы мақал-мәтелднр айту.Мақалдың алғашқы жолы айтылады,ал соңғы жолын оқушылар айтуы керек.


Өнерлі .......... ....................... . Талаптыға ........ .................... .

Өнерлі бала ........................... . Өнерді үйрен де, ..................

Өнерлінің қолы алтын,

............ ........... ..................

Ән көңілдің .................


13. «Қарлығаштар» сөзжұмбағын шешу

.

1.Қ









2.

А



3.


р









4.

Ы







5.


Л








6.






Ғ




7.








Ш






Т










А















1.Ұлы ақын,әнші-композитор.

2.Қазақтың би өнерін дамытушы биші қызы.

3.Қазақтың күйші қызы.

4.Қазақтың тұңғыш операсы.

5.Қазақтың бұлбұлы,24 жасында Халық артисі атағын алған әнші қыз.

6.Күй атасы-

7.Әлемді қазақ өнерімен таныстырған әнші.

8. Қазақтың тұңғыш режиссері.

9.Орыс музыка маманы,композитор,қазақ музыка өнерін зерттеуші.

10.Қобыз күйлерін дамытушы-композитор.

11.Қазақ халқының «Сері» атағына ие болған әнші –композитор.



14. «Өнер қарлығаштары» әнімен қорытындылау.









Сабақтың тақырыбы:Кітап- менің сырласым

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру.Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен,еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын,ой-өрістерін дамыту.Оқушыларды білімділікке,адамгершілікке, кітапты бағалай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта,(Ақын жазушылардың портреттері,нақыл сөздер,сөзжұмбақтар,ребустар, баспаның суреті,Иоганн Гуттенбергтің суреті)

Сабақтың түрі: пресс конференция

Пән аралық байланыс: математика,тарих, әдебиет,

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе. Жасымда білім бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махұрым қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?-деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады.Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар,өкінбейсіңдер,балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.

-Ал,балалар, бізге білім берер негізгі құрал не?

-Әрине ,кітап.Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.Айналадағы өмір мен,табиғатпен,адамның еңбегімен,құрбы-құрдастарыңмен жақсы болуға қандай да бір жақсы лық істеуге құлшындыратын да осы –кітап.БІз кітаптың маңызын жақсы білеміз,Бірақ оның шығу тарихын көп біле бермейміз.Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызда: Алғашқы кітаптарды қалай жасады?Кітап басу ісін кім ойлап тапты?Қазақ тілінде ең алғашқы шыққан кітап қалай аталады? Тағыда басқа бізді ойландырған сұрақтарға жауап табамыз.Бүгінгі сабағымыз пресс-конференция түрінде өтеді.(Балалар екі топқа бөлінген.Бірі газет- журнал тілшілері,бірі баспахана қызметкер лері.)Бүгінгі біздің сабағымызға «Алматыкітап»,»Атамұра»,»Дәуір», «Жазушы», «Өнер» баспасының қызметкерлерімен, «Балдырған», «Ұлан», «Айгөлек», «Балбұлақ», «Орал өңірі», «Серпін» газет-журналдарының тілшілері қатысып отыр

І.Конференция барысы:

Әміржан-«Балдырған» журналының тілшісі: Алғашқы кітаптардың шығу тарихын айтып берсеңіз?

Аяжан: «Алматыкітап» баспасының қызметкері: Кітап шыққалы бірнеше мың жыл болды. Содан бері оның бейнесі талай-талай өзгерді. Вавилондықтар,ассериялықтар,басқа да көне халықтар кітапты балшықтан жасаған.Жұп-жұмсақ балшық тақтаға үшкір таяқшамен ойып ерекше белгілер салына ды. Содан соң тақталар кептіріліп,күдіріледі. Сөйтіп талай-талай кітаптар жасалған.

«Дәуір» баспасының қызметкері-Салтанат: Ал Қытайда алғашқы кітаптар бамбуктан жасалған жұқа тақтаға жазылып,олар мықты жіпке тізілген.Кейінірек кітаптарын қыл қаламмен,тушьпен жібек матаға жазған.

«Атамұра» баспасының қызметкері-Имран: Ал Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазыл ған.Одан кейін папирус ойлап табылды. Қамыс тәрізді құрақтың жапырағы нығыздалып бір-біріне желімделеді де, ұзындығы бірнеше ондаған метр лента жасалған.Мұндай ленталар түтікке оралып сақталған. Папирус жазуға керекті ең жақсы материал саналған.

«Өнер» баспасының қызметкері-Ақерке: Ал Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылған.Ежелгі орыс елінде жазу,жұқалап сыдырылған қайың ағашының қабығына жазылған.

«Ұлан» газетінің тілшісі-Бекзат:Алғашқы басылған кітаптарды қалай атаған?

«Дәуір» баспасының қызметкері-Салтанат: Алғашқы басылған кітаптар кислографиялық кітаптар деп аталды. Бұл атау гректің «кисло»- «ағаш»,«графо»- «жазамын» сөздерінен шыққан.Ондай кітаптар былай жасалған.Ағаш тақтайдың тегіс бетіне оған жазылатын сөздің теріс бейнесі түсіріл ген. Содан кейін баспагер әріп сызықтарының арасын өткір пышақпен мұқият ойып, тазалаған. Сөйтіп жазылатын сөздің шығыңқы бедері жасалған.Оған бояу жағылғанда үстіне пергамент немесе қағаз бастырылған. Сөйтіп жаңағы тақтайдағы сөз қағазға жұққан.

«Орал өңірі» газетінің тілшісі-Мерей:Алғаш қай ел қағаз жасауды ойлап тапқан?

«Дәуір» баспасының қызметкрі-Салтанат:Қағаз жасауды адамдар екінші ғасырда үйренеді. Қағаз Қытайда ойлап табылды.Бірақ қытайлықтар оны жасаудың әдісін ұзақ уақыт құпия сақтаған. Қағаз Европада Х ғасырда ғана пайда болған.Олар қағазды шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасаған.Ал бірақ газеттер шығып,кітаптар басылып,оқушыларға оқулықтар,дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетіспеген.Содан соң ғана қағазды ағаштан жасауға көшкен.

«Айгөлек» журналының тілшісі-Мадина: Ең алғаш кітаап басу ісін ойлап тапқан кім?

«Жазушы»баспасының қызметкері-Ералы:Адамзаттың талай ұрпағы жеке әріптерден құрасты рылатын баспа үлгісін жасауға тырысқан.Бірақ немістің өнер тапқышы Иоганн Гутенбергтей дәл ойлап тапқан болмаған екен.

«Айгөлек» журналының тілшісі-Мадина: Гутенберг не ойлап тапқан?

«Жазушы» баспасының қызметкері-Ералы:Гутенберг май сығып шығаратын кәдімгі престі баспа хана станогіне айналдырған.Сөйтіп оны баспа құралы етіп бейімдеген. Ең бастысы оның қанша сөз басу керек болса,сонша сөз басуға мүмкін баспа үлгісін тапқандығы.Бұл үлгілер оп-оңай ауыстыру-ға болатын жеке литерлерден Құралды.Литер дегеніміз бір басында әріптің шығыңқы бедері бар кішкентай металл бөлшегі.Әріптің бетіне бояу жағылады да басқан кезде ол қағазға тұседі. Гутенбергтің ең басты өнер табысы осы.

«Өнер» баспасының тілшісі:-Ақерке:

-Қазақ жерінде кітап шығару ісі қай уақытта қолға алынды?

«Жазушы»баспасының қызметкері:Ералы:

-Негізінде орыс елінің өзінде кітап шығару 16 ғасырдың орта шеңінде басталған.Орыстың тұңғыш баспагері Иван Федоров болды. Ол «Апостол» атты кітап шығарды.Ал қазақ жерінде кітаптарды 18 ғасырға дейін көбіне араб әріптерімен жазылып,қол жазба тірінде таралған.Қазан көтерілісіне дейін 1800-1917 жылдар арасында қазақ тілінде 1100 дана ғана кітап шыққан.Оның өзі де басқа жерлерде Қазан,Ташкент қалаларындағы баспаларда басылған Қазақ тілінде тұңғын шыққан кітап «Сейфіл-Мәлік» деп аталады.»Мың бір түн» кітапынан үзінді.Қазақстанда кітап шығару ісі 1918 жылдан бастап шығарылған. Осы жылы өзіміздің Батыс Қазақстандағы Орда да тұңғыш баспа ашылған.

«Серпін» баспасының тілшісі:-Ершат:

-Кітап графикасы деген не?

«Өнер» баспасының қызметкері-Ақерке:

---Кітап графикасы деген кітапты безендіру,яғни кітаптың мазмұнын ашатын суреттермен құрылымын үйлестіру.Бұл орайда суретшілердің графикалық еңбектері қолданылады.

«Балбұлақ »журналының тілшісі:Диар:-Сіздің баспада қандай оқулықтар шығарылады?

«Атамұра» баспасының тілшісі:-Имран:ҚР-сында 1-4 сыныптарға арналған мемлекеттік білім стандарты қабылданды. Міне ,осы білім стандарты негізінде құрылған бастауын сынып оқулықтары «Атамұра»,»Алматыкітап» баспаларынан шығарылады.

«Балдырған» журналының тілшісі::Әміржан:-Қазіргі уақытта кітап басып шығару қалай жүреді?

«Алматыкітап» баспасының тілшісі:-Аяжан: Кітап басу процесі жылдан-жылға дамып ,жетіліп келеді. Осы заманғы баспаханаларда кітапттың барлық мәтінін,әріп теретін полиграфиялық машиналармен,әріп құятын қондырғылармен және фото тергіш автоматтармен тереді.Машиналар кітаптың суретерін әзірлейді.Бұдан кейін мәтін мен суреттердің баспа үлгілері жасалады да. Одан өте шапшаң жүретін аса қуатты баспа машиналар сағатына 4-5 мың көшірме қағазға түсіреді.Машиналар басылған қағазды топтап,түптеп,тігіп шығарады.

«Ұлан» газетінің тілшісі- Бекзат:Өзіңіздің ең алғаш оқыған кітабыңыз?

Менің ең алғаш оқыған кітабым-ол сүйікті-Әліппе. Әліппе бізге оқуды,жазуды,ертегі,әңгіме айтуды,сурет салып,мәнерлеп өлең оқуды үйретті.Сондықтан ,алғашқы оқыған кітабымыздың құрметіне «Әліппе»әнін орындап берейік.

2.«Әліппе» әні орындалады.

3.Аудандық,мектепшілік кітапханашылармен ой бөлісу,сұрақтар қою.

-Сіздің кітапханаларыңыз қай кезден бастап жұмыс істейді?

-Қанша кітаптар жинақталған?Қанша адам жұмыс істейді?

-Сізге кітапханашы болған ұнай ма,әлде кітап оқыған ұнай ма?

-Кітапханашы болу үшін қандай оқу орнында оқу керек?

-Қанша бала кітап алып оқиды?Кітаптар ұзақ уақыт сақталу үшін ен істеу керек?

-Бүгінгі пресс конференцияға қатысып ,кітап туралы ой бөліскен баспахана қызметкерлеріне және тілшілерге көп рахметімізді айта отырып ,тәрбие сағатының екінші бөліміне көшеміз.

Нарғыз: Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін,бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан.

Әмірбек: Мейірімім қанбас қаншама оқысамда,

Білім сырын зердеме тоқысам да,

Кітап дейтін жұп жазбас менің досым,

Қай кездке де келтірген көңіл хошың,

Сиөқырмен алады еліктіріп,

Білім құмар жандарды желіктіріп.

Кітап білім бұлағы сарқылмайтын,

Адам ойы тазарып жарқылдайтын.

Аяулым: Қырандай томағасы алынбаған,

Етеді жабық кезің жанымды алаң.

Сыйлықтар қатарында өзің тұрсаң,

Өзгесін сенен бұрын қабылдаман.

Ашылған екі бетің жайған қанат,

Өзіңнен болжап сенше болашақты,

Өткенге емін-еркін сайрандамақ,

Жолдайсың жер анаңа айданда хат.

Жоймайтын жемісісің әр тұста күшін,

Беретін қысжаз үшін бірдей өнім.

Қолынан жатса-тұрса тастамайтын,

Мен түгел ұстазымның ұстазысың.

7. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны.Берілген сөздерден кітап туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құрастыру.

1.Кітап ,білім, бұлақ,өмір, шырақ. ............ .......... (Кітап –білім бұлағы,білім- өмір шырағы.)

2. Ақыл,білім. азбайды,тозбайды. .......... ......... (Ақыл азбайды,білім тозбайды)

3.Надан, дос, кітап. ............. ............. . (Наданмен дос болғанша,кітаппен дос бол)

4.Артық. ғылым, кітап,оқы. ............ ......... ............. (Артық ғылым кітапта,Ерінбей оқып көруге)

5. Білім, қайнар, көз,кітап. ................. ................ (Білімнің қайнар көзі-кітап)

6.Кітап, ғалым, тіл,мұғалім ........... ............. .(Кітап- ғылым,тілсіз мұғалім)

7.Кітап, ұстаз,ұстаз ......... ................. . (өмір ұстазы)

8. Кітап көрмесі. Балаларға арналған ертегілер,әңгімелер мен А.Құнанбаев ,М.Әуезов, Б.Соқпақбаев,М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,т.б ақын –жазушылардың кітаптары туралы сұбхат жүргізілді.

9.Қорытындылау

Кітап-жан азығың» деп тегін айтылмаса керек. Жаныңды нұрландырып,көкірегіңді оятатын не екен? Әрине ,кітап. Ендеше ақын аталарымыздың кітап туралы айтқан өлеңдерімен б,үгінгі сабағымызды қорытындылайық.

А:Құнанбаев:Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

С.Сейфуллин: Оқу білім қазығы,

Адамның азығы,

Оқу өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.

Б.Майлин: Оқыса білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы.

Тірілтіп ,елге жан бітіп,

Ел үшін жұмақ қылады.

10. Хор .«Кітап» әні орындалады.































Кулмагамбетова Гульзира Науханова






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?аза? ?неріні? ал?аш?ы ?арлы?аштары.

Автор: Кулмагамбетова Гульзира Науханова

Дата: 15.02.2015

Номер свидетельства: 173472


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства