kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аратпа с?зді? тыныс белгісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?аратпа с?зді? тыныс белгісі.
Саба?ты? ма?саты: ?аратпа с?зді? тыныс белгісі туралы т?сінік беремін.

Білімділік:  О?ушылар?а ?аратпа с?з туралы топтастырыл?ан ??ым ?алыптастыру?а м?мкіндік ту?ызу.                                                           

 Дамытушылы?: О?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс жасау ар?ылы теориялы? ойлауын, с?йлеу тілін дамыту.                                                                                                                                                                             Т?рбиелік: О?ушыларды ?йымшылды??а, досты??а, адамгершілікке т?рбиелеу. 
Саба?ты? т?рі: аралас саба?. 
Саба?ты? ?діс-т?сілдері: к?рнекілік, с?ра?-жауап, талдау, топтау. 
Саба?ты? к?рнекіліктері: тірек сызбалар, ереже плакат, ?има ?а?аз, слайд, постер.

П?н аралы? байланыс : ?дебиеттік о?у, д?ниетану
Саба?ты? барысы: 
І. ?йымдастыру кезе?і: 

Балалар, б?гін бізді? ?аза? тілі саба?ымыз?а ?атысу ?шін ?она?тар келіпті.?она?тармен с?лемдесейік.

Психологиялы? дайынды?:

 Ана тілі? - ары? б?л,

?яты? боп т?р бетте.

?зге тілді? б?рін біл,

?з тілі?ді ??рметте. – деп ?адір Мырза – ?лі бабамыз айт?андай ?аза? тілі саба?ын бастаймыз.
О?ушыларды? назарын саба??а аудару. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аратпа с?зді? тыныс белгісі.»



Күні: 12.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздің тыныс белгісі.
Сабақтың мақсаты: Қаратпа сөздің тыныс белгісі туралы түсінік беремін.

Білімділік: Оқушыларға қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, топтау. 
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, ереже плакат, қима қағаз, слайд, постер.

Пән аралық байланыс : әдебиеттік оқу, дүниетану
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 

Балалар , бүгін біздің қазақ тілі сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіпті.Қонақтармен сәлемдесейік .

Психологиялық дайындық:

Ана тілің - арың бұл ,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте. – деп Қадір Мырза – Әлі бабамыз айтқандай қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

Сынып кезекшісінен оқушыларды сұрап, түгелдеу. Оқушыларды топқа бөлу.

1 –топ Ту 2 – топ Елтаңба 3 – топ Гимн

Оқушыларға қандай топ сабақ белсене, шапшаң жауап беріп отырса өте жақсы деген бағамен бағаланатындарын айтып өту.

Миға шабуыл: Балалар бүгінгі сабақтан не күтесіңдер? Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жақсы баға, қызықты тапсырмалар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 

4 – жаттығу. Оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

Айым, бөлмедегі гүлдерге су құй. Балам, аталарыңа батырлар жырын айтып берші. Көрші, үйге кіріңіз!

Оқушыларға оқытып, сұрақ – жауап арқылы бағалау.

  1. Бастауыш дегеніміз не ? Кім? не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Мысалы: Жаңбыр жауды. Оқушылар жазды.

  2. Баяндауыш дегеніміз не ? Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

  3. Сөз таптарын ата ? ( Зат есім, етістік, сын есім , сан есім)

  4. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша ?

  5. Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Мысалы : Досжан – студент. Абай - халық ақыны.

  1. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.

  2. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не ? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыштан тұратынын білесің. Сөйлемнің қалған мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға кімнің? ненің? қандай? кімге? неге? қайда? кімді? нені? қалай? қанша? неше? нешінші? қайдан? қашан? немен?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 

Мақсатын хабарлау. Қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсінік беру.
Жаңа сабақ. Қаратпа сөздің тыныс белгілері.

  1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Жанар қолыңды жу.Айгүл, су алып кел.

  2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса, екі жағынан үтір қойылады.

Мысалы: Жарайды ,Серік, көмегіңе рақмет!

  1. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында тұрса , алдынан үтір қойылады. Мысалы: Оқып жүрмін , ата.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 
- Жай сөйлем дегеніміз не? 
-Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? 
-Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір. 

-Қаратпа сөз дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс

Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті. О о дыбысы

Отан сөзін бір қатарға жазғызу. Отан деген сөз әр уақытта бас әріппен жазылатынын айтып өту. Отан сөзіне дыбыстық талдау жасау.

О – дауысты , жуан

Т – дауыссыз, қатаң

А – дауысты , жуан

Н – дауыссыз , үнді

Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді тап. (ауызша орындату)

1 –топ

Балам, әрбір жер атауының өзіндік тарихы бар.

2 –топ

Қалай, балақай, тауға шыққан ұнай ма?

3 – топ

Тезірек жүрейік, қыздар, апай тосып қалды.
2-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісін қой. Оқушыларға диалог оқыту.

Диалог дегеніміз не?

Монолог дегеніміз не? Оқушылардан сұрай кету.

  • Түлкі , қайда барасың?

  • Тауық іздеп барамын.

  • Маймыл қайда барасың?

  • Сауық іздеп барамын.

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға , солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

3-жаттығу. Сызба бойынша қаратпа сөзі бар сөйлемдер құрастырып жаз.

Әр топ екі сөйлемнен құрастырады. Құрастырған сөйлемдерін тақтаға жазады

Қатесі болса ,түзетеміз. 
4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісін қой.

1 – топ. Балнұр, үлкендерге не айту керек?

2 –топ. Бар алғысымды саған арнаймын, анашым.

3 – топ. Кәне, жігіттер, жүрісті үдетейік.

ҮІ.Сабақты бекіту: 
Жұппен жұмыс: Шығармашылық диктант. Өзара тексеру 
1. Өмір жасың ұзақ болсын, ...! (балам)

2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік. (балалар , балалар)
3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар.  
Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам. 
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. 
Балалар, бүгін біз не үйрендік? 
Қаратпа сөз дегеніміз не? 
Қаратпа сөз қандай тыныс белгісі арқылы ажыратылады? 
ҮІІІ.Үйге тапсырма:  5-жаттығу

Бағалау (түрлері) 
-оқушының өзін-өзі бағалауы 
-топтың өзін-өзі бағалауы 
Бағалау: Топтар арасынан өте жақсы жауап беріп отырғандарды 5 ,

жақсы жауап беріп отырғандарға 4 , нашар жауап беріп отырғандарды 3 деп бағалаймын .
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?аратпа с?зді? тыныс белгісі.

Автор: Оралова Бахыт Сагадин?ызы

Дата: 25.04.2016

Номер свидетельства: 322394


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства