Просмотр содержимого документа
«?алды?пен ауызша б?лу »
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен ауызша бөлу
Сабақтың мақсаты:1. Ауызша қалдықпен бөлу және оны тексеру жайлы білімін тиянақтау.
2. Әр алуан математикалық іс-әрекет барысында оқушылардың танымдық
Қабілетін шыңдап, логикалық ойлау жүйесін дамыту
3. Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз ойын еркін
Дәлелдеп айтуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточка, асық
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау
ә) Сабаққа деген қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Матаматикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Бағалаумен таныстыру
2. Үй тапсырмасын тексеру:
72:2 42:2 52:2 62:2 82:2
72:3 42:3 52:3 62:3 82:3
3. Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы пысықтау: Ауызша есептеу:
А) Бөлінгіш 18, бөлгіш 6. Бөліндінің мәнін тап.
Ә) 9 бен 8 сандарының көбейтіндісін тап.
Б) 4-ті 9 есе арттыр.
В) 16-ны 4-ке арттыр.
Г)9 бен 3 сандарының қосындысын 3 есе кеміт.
Ғ) 10:3=3 (қалдық 1) яғни 10 асықты 3 балаға үш-үштен теңдей бөле отырып 1асықтың артып қалғандығын дәлелдеу арқылы жаңа сабақты ашу
4. Жаңа сабақ: Қалдықпен ауызша бөлу 43:8 :8
: 8 мысалында - нің орнында 8-ге бөлінетін немесе 8-ге бөлінбейтін сандардың бірі болуы мүмкін бұл жөнінде 1-тапсырманы орындау арқылы тереңірек түсінеміз.
№ 1 а) а:8; а=0; 8; 16; 24; 32; 40 деп алып, мәнін табу.