kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?айталау. ?шб?рышты? периметрін табу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Не делай зла - вернется бумерангом, не плюй в колодец - будешь воду пить, не оскорбляй того, кто ниже рангом, а вдруг придется что нибудь просить. Не предавай друзей, их ты не заменишь, не теряй любимых - их ты не вернешь, не лги себе - со временем проверишь, что ложью сам себя ты предаешь. (Омар Хайям)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?айталау. ?шб?рышты? периметрін табу.»

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Үшбұрыштың периметрін табу.
Сабақтың мақсаты: Үшбұрыштың периметрін табуға төселдіру; 
өрнектерді және олардың мәндерін табу, салыстыру, мазмұнды есепті шығару дағдыларын жетілдіре түсу. Танымдық қабілеттерін ойлауын, зейінін,есте сақтауын дамыту. Оқушыларды өзгені тыңдап,өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме әдіс,сұрақ-жауап,машықтық жұмыс,көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта мүмкіндігі бойынша флипчарт беттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүректен жүрекке
Психологиялық дайындық 
«Мен бәрін жасай аламын»
Бүгінгі күн тамаша,
Мен өзімді жақсы сезінудемін.
Менің көңіл күйім керемет жақсы.
Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.
Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін
ІІ. Білімдерін тексеру:
«Ғылымдар патшалығында»
Әлемді таңқалдырған сарай бар. Онда ақылды әрі білгір математика тұрады. Математика өз сарайына жалқаулар мен түк білместерді кіргізбейді. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді. Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше болады.
Оның шарты:
Ал,достарым келіңдер
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Есеп шығарып көріңдер
Олай болса,алдымен білімімізді кеңейтіп алайық. Ал іске сәт!
Өткен сабақты пысықтау тапсырмасына «Бәйге» сайысы
1. Басталатын нүктесі бар түзу сызық ............................Ортадағы 20 
2. 30 бен 5 санының қосындысы.....................................Сол жақтағы 10
3. Тік төртбұрыштың қасиетін ата...................................Сол жақтағы30
4. 1 ғасырда неше жыл бар?............................................Оң жақтағы 20
5. Екі жағы тұйықталған сызықты не дейміз?.................Сол жақтағы 20
6. Периметр дегеніміз не?................................................Ортадағы 30
7. Ең үлкен екі таңбалы сан..............................................Ортадағы 10
8. Теңдеу деген не?...........................................................Оң жақтағы 30
9.7 ондық 3 бірліктен құралған санды ата.......................Оң жақтағы 10

ІІІ. Дәптермен жұмыс: Математика патшалығына ену үшін алдымен «Тас қақпаны» ашуға мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
№1 қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.









№2 үшбұрыштардың периметрлерін тап. Екі фигурадан құрылған төртбұрыштардың периметрін тап.






Егер тапсырма дұрыс орындалса «Тас қақпа» ашылады
Қорытынды: кесінділер өлшеміне қарай әр түрлі болатынын, периметр табу үшін оның қабырғаларының ұзындықтарын қосатынымыз туралы білімдеріңді көрсете білдіңдер
Ойнайық та,ойлайық!
IV.«Аққала жасау» ойыны
Берілген өрнектердің нәтижесін есептеп, жауабына сәйкес аққаланы қасына әкелу 
20+7 =
(30+7) -7 = 
100-60 =
(43-3) -9 =
93-7 =
8онд. 5бірл. =
Дурыс жауаптары: 27, 30, 40, 31, 86, 85

«Күміс қақпаның» тапсырмасы
Топпен жұмыс
Ітоп: Өрнектің мәнін табу
73 + 9
46 + 8
84 – 7
82 – 9
54 – 8
77 + 7
ІІтоп: Теңдеу шешу
Х + 9 = 17
Х – 36 = 34 
V. Сергіту сәті

«Алтын қақпаның» тапсырмасы

№4 Салыстыру

№5

Сурет – 5

Жалаушы – 25 ?

Шар - ? сонша

Ш: 5+25=30

(5+25)+30=60

Ж: 60 әшекеймен безендірілді.

«Алтын қақпа» ашылады.
Қорытынды: Мінеки, балалар, біз мазмұнды есептерді шығару жолдарында жақсы меңгергенімізді көрсете білдіңдер

VI. Сабақты қорыту: «Ойлан тап!»
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)
Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (3 бұрыш)
Оңынан оқысаң да, сол сан, солынан оқысаң да, сол сан.Ол қандай екі таңбалы сан? (қырық)
Сарай ішінен «Алтын сандық» шығады.
«Алтын сандықтан» көгершін ұшып шығып, тест тапсырмасын береді.
Тест
1. 30-бен 50-дің арасындағы толық ондықты көрсет
а) 20
б) 40
в) 60

3.Тік төртбұрыштың қасиеті.
а) қарама-қарсы қабырғалары тең
б) үш қабырғасы тең
в) екі қабырғасы тең
4. 1 метрде неше сантиметр бар?
а) 90
б) 100
в) 99
«Ой қорыту»
Осы патшалықта математиканың «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» серіктері де бар екен. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады да данышпан математикаға келіп жүгінеді.
Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.
Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.
Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білімді болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек. Олай болса менің айтқан мақал-мәтелдерімнің жалғасын айта қойыңдар
«Білім азбайды, (ақыл тозбайды)»
«Оқусыз – білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)»
«Оқу – білім бұлағы,(білім – өмір шырағы)» 
деген мақалдарды әркез есте ұстап жүрулерің керек екен

«Алтын сандық» ашылып,ішінен көгершіндер шығады.көгершіндердің аузында «5»тік, «4»-тік бағалары көрінеді,оқушыларды бағалау

VII.Үйге тапсырма №3 беті 128 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?айталау. ?шб?рышты? периметрін табу.

Автор: Исаева Данагуль Блимовна

Дата: 18.01.2016

Номер свидетельства: 278788


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства