Просмотр содержимого документа
«?айталау саба?ы "Астана?а саяхят "»
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаттары: білімділік: Оқушылардың білімдерін қорыту және бекіту; дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, білімдерін практикалық жұмыста қолдану, ойлау қабілетін дамыту; тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, Отанға, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру; Сабақтың көрнекілігі: Саясат схемасы, кестелер, суреттер, кеспелер, Астана туралы бейнефильм және суреттер.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі:
1 сәлемдесу
2 түгендеу
3 әңгімелесу
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс айлары қандай?
-Қазір ай қалай деп аталады?
-Аптаның қай күні?
-Ауа-райы қандай?
ІІ. Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Бүгінгі сабақта біз сіздермен Астанаға саяхат жасаймыз. Жолымызда бірнеше кеденнен өтуіміз керек. Ол жай кеден емес. Әр кеденде кеденшілер бар, олардың тапсырмаларын орындауымыз керек. Орындағаннан кейін олар жетон беріп тұрады. Сол жетон арқылы бағалаймыз. Қараңдар, қандай керемет автобуспен жол жүреміз.
Сол автобусқа билет алуымыз керек. Ол үшін осындай тапсырманы орындауымыз керек.
/Сөздегі жоқ әріпті қою және ауызша фонетикалық талдау жасау/
Аялдама «Оқу, аудару кедені» /кеспелер арқылы жеке жұмыс/
Бір сөйлемнен таңдап алып, қазақ тіліне аудару.
Мой друг сидит на высоком стуле. На столе лежит вкусный хлеб. В библиотеке много хороших и интересных книг. На окне стоит красивый цветок. Твой папа работает на заводе. Моя бабушка вяжет носки. Наш дом большой и светлый.
Аялдама «Демалу кедені»
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
Қосымша тапсырмалар
Мұғалім: Ауыл мен ауылдың арасында кең дала , қалың орман кездеседі. Онда әр түрлі үй жанурлары және әр түрлі андар кездеседі.