Сабақ тақырыбы: Қағазды жырту Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру. 2. Қағаздың жырту тәсілдерін үйрету, бүктелген үшбұрыштарды құрастырып бейнеге айналдыру барысында икемділігін, шеберлігін дамыту. 3. Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Көрнекіліктер: мақал - мәтелдер, суреттер. Керекті құрал - жабдықтар: түсті қағаз А - 4,қаздың суреті,жұмбақ, дәптер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Салем алтын күнім менің
Салем аспан көгілдір
Салем жарқын досым менің
Қуанатын күн бүгін. 2. Үй тапсырмасын тексеру.
-Аппликация деген не?
-Алатау қайда орналасқан
-мата түрлерін ата
3. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: - Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағазды жырту тәсілін меңгереміз.Еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Сабағымыздың негізгі мақсаты: Біз негізінен қағазды бөліктерге бөлу үшін қайшыны пайдаланамыз.Ал бүгінгі жұмысты орындау кезінде біз қайшыны пайдаланбаймыз.
Жұмбақ
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап. (Қаз)
«Сен білесің бе?» айдары
Қаз – үйрек тұқымдасына жататын құс. Қаздың жабайы түрлерінің салмағы 2 – 6 кг, дене тұрқы 60 – 100 см. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Әр ұяда 5 – 8 жұмыртқа болады, оны мекиені басады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265 – 350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Тұқымына, күтіп бағуына, ауа райына қарай 4 – 8 ай жұмыртқа салады. Қазды 5 – 6, кейде 8 жыл қолда ұстауға болады. 3 – 4 мекиенге 1 кежек қосады. Қазды әдетте 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 16% белок, 35% май болады. Қаз майы – үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.
«Көлдегі қаздар» аппликациясын қағазды жырту тәсілі арқылы жасаймыз ↓ Жұмыстың орындалу барысы.
1.Басқа түсті қатырмақағаздың бетіне шетінен жиек қалдырып,ақ түсті қағаз желімде.
2.Көк түсті қағазды бірнеше қабаттап бүктеп шық.Бүгілген сызық бойымен қағазды жыртып ал.
3.Ақ қағаздың бетіне көк түсті қағаз жолақтарын желімде.Бұл жолақтарды желімдегенде,жолақтардың астыңғы жиегі мен екі шетіне ғана желім жақ.
4.Суретте көрсетілген ретпен бірнеше қаз жаса.
5.Қағаздың жоғарғы жағына сұр түсті қағаздан жыртып,бұлтты желімде.
6.Дайын қағаздарды көл бетіне орналастыр.
Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық, Қане, қанат жазайық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып — ұшып алайық, Орнымызға қонайық.
Мақал - мәтелдердің ұйқасын табу керек.
1.Еңбектің наны тәтті
--------------------
2.Еңбек түі-----------
3.Еңбек етсең ерінбей
----------------- Жұмысты әрі қарай жалғастыру, әр оқушыға жекелеп көмек көрсетіп, жұмыс жасау жұмыс барысын бақылау.
Бекіту сұрақтары: 1. Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті? 2. Аппликация деніміз не? 3. Қағаздың қандай қасиеті бар? 4. Қағаздан тағы да қандай бұйымдар жасауға болады? Оқушылардың жұмысын бағалау. Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.