Просмотр содержимого документа
«?а?азбен ж?не ?атырма ?а?азбен ж?мыс істеу. »
Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.
Мақсаты:1.Оқушыларға қағаз туралы түсінік бере отырып, оны белгілеуге, өлшеуге үйрету. 2. білімін, ой – өрісін дамыту. 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
IV.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1.Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.
Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.
Ағаш дайындау
Ағашты орманнан әкету
Қағаз фабрикаларында қағаз жасау
Қағаз қалай жасалады?
Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.
Сендер мыналарды жасай аласыңдар: - қағаз бен қатырма қағазды белгілеу және өлшеуді;- қағаз бен қатырма қағазды бүктеуді;- оларды қайшымен қиюды;- оларды желімдеп, бояуды;- заттарды құрастырып, модельдеуді;- қағазбен аппликация құруды.
Үйренесіңдер: - пышақпен кесуді; - түрлі тақырыптар бойынша сюжетті суреттер құрастыруды.
Сергітусәті:Суретті,нобайды,сызбаны талдау арқылы бөлшектің құрылымын көзге елестетеміз:а) б ө л ш е к – материалдың тұтас бір бөлігінен дайындалған бұйым; ә) қ ұ р ы л ы м – белгілі бір құрылғы, б) б ө л ш е к э л е м е н т т е р і – жекелеген бөліктер.в) бұйымды дайындаудан бұрын оның құрылымын мұқият зерттеу керек, яғни бөлшектер мен оның элементтерінің пішінін, өлшемдерін, санын, қызметін және өзара орналасу жағдайын анықтап, оларды бір-бірімен біріктіру тәсілдерін білу керек.