Гагарин Юрий Алексеевич (9.3.1934 ) Ресей, Смоленск облысы Гагарин ауданы Клушино селосы 27.3. 1968 М?скеу, ?арыш?а т???ыш ??ан Адам, полковник (1963) Ке?ес Ода?ыны? батыры.
1951 ж. М?скеу ма?ында?ы Люберци ?аласында?ы ?ол?нер училищесiн 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бiтiрген. 1955 жылдан Ке?ес Армиясы ?атарында. 1-Чкалов ?скери авияция ?ш?ындар училищесiн бiтiрген (1957) кейiн Солт.
Гагарин Юрий Алексеевич (9.3.1934 ) Ресей, Смоленск облысы Гагарин ауданы Клушино селосы 27.3. 1968 Мәскеу, Ғарышқа тұңғыш ұқан Адам, полковник (1963) Кеңес Одағының батыры.
1951 ж. Мәскеу маңындағы Люберци қаласындағы қолөнер училищесiн 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бiтiрген. 1955 жылдан Кеңес Армиясы қатарында. 1-Чкалов әскери авияция ұшқындар училищесiн бiтiрген (1957) кейiн Солт. Флоттың жойғыш авиация бөлiмдерiнде қызмет еттi. 1960 ж. Ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкелер отрядының командирi болды. 1961 ж. 12 сәуiрде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесiмен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Ол Жердi айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейiн Жерге қайта қонды. Бұдан кейiн ол ұшқыш-ғарышкер ретiнде өзiнiң ұшу шеберлiгiн жетiлдiрiп, ғарышкерлердi үйретiп-жаттықтыру iсiне тiкелей араласып, ғарыш кемелерiнiң ұшу процесiн басқаруға қатынасып отырды. 1968 жылы Әскери-әуе инж. Академиясын бiтiрдi. 1964-68 ж. Ғарышкерлердi даярлау орталығы бастығының орын басары болды. Ол бiрнеше елдерде болып қайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықтар академиясының құрметтi мүшесi. Ленин орденiмен, медальдармен және көптеген шет ел ордендерiмен марапатталды.
Гагаринге Чехословакияның Социалистiк Еңбек Ерi, Болгарияның батыры, Венгрияның Еңбек Ерi атақтары берiлдi. Гагарин ұшақпен жаттығу кезiнде қаза тапты. (Владимир обл. Киржак ауданы, Новоселово селосының маңында). Мониондағы (Мәскеу облысы) Әскери-әуе академиясына, айдың арғы бетiндегi кратердiң бiрiне Гагарин есiмi берiлген. 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегi ғарышкерлердi даярлау орталығы Гагарин атында. Ресей ҒА-ның ғылыми-зерттеу кемесi, дүние жүзiнiң көптеген оқу орындары, қалалар, көшелер мен алаңдар Гагарин есiмiмен аталады. Мәитiнiң күлi Мәсекудiң Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.
Гагариз мұздығы-Жетiссу (Жоңғар) Алатауының солтұстiк беткейiндегi аңғарлық типтегi мұдық. Сарқан өз алабындағы Ақшығанақтың бастауында орналасқан. Ұзындығы 4,4 км, аумағы 4,9 км2, көлемi 0,36 км3, орташа қалыңдығы 70 метр. Мұзқар (фирн) сызығы 3700 м биiктiкте өтедi. Орталық моренамен екiге бөлiнген мұздық етегi 3140 м биiктiкте аяқталады. Мұзданудың тiк бағыттағы биiктiгi 1090 м. Мұздықты Гагарин шыңы (абс. Биiктiгi 4232 м) екiге бөледi, шығыс бөлiгi батыс бөлiгiнен екi еседей үлкен. Аумағы жылына 10 м жылдамдықмен жоғары шегiнiп (кемiп) келедi. Мұздыққа және шыңға тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагариннiң есiмi берiлген.