Просмотр содержимого документа
«Ит-адамны? досы. М?сіндеу.»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Лалагүл»ересек тобы.
Күні:04.11.2014ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Мүсіндеу.
Тақырыбы:Ит-адамның досы.
Мақсаты: Адам мен жануар бейнесін мүсіндеу іскерлігін қалыптастыру,Ойлау қабілетін,қол қимыл әрекетінің үйлесімділігін,шығармашылық қабілетін,көркемдік ойлауы дамыту.Балаларды үй жануарларын сүюге,оларға қамқор бола білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.an
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:үй жануары туралы альбомдар қарау.
Мен сіздерге үн таспа алып келдім.Оның ішінде мультфильмдер бар.Қане көрейік.Ит туралы мультфильмнен үзінді қойылады.
-Балалар мультфильм не туралы?
Балалар мультфильмді қарайды.Ит туралы екенін айтады.
Іздену ұйымдастырушылық
Ит адамның досы,ит-жеті қазынаның бірі.Ол үй жануары.Балалар мен сіздерге итті мүсіндесек қалай болады.№1 жұмыс дәптеріндегі сюжетті суретті қараңдар.Ең алдымен,үлкен кесекті алып жұмсартып,денесін үлкен сопақша пішін етіп келтіреміз.
-Кішірек кесекті алып,алақанға салып сопақша етіп басын жасаймыз.
-Төрт кесекті алып,есіп төрт аяғын келтіреміз.
Сергіту сәті.
Бас бармағым-атам
Балаң үйрек –әжем,
Ортан терек-әкем,
Шылдыр шүмек-шешем
Титтей бөбек-мен.
Сергіп алсақ,мүсіндеуді жалғастырайық.
-Аяқтарын кескіш құрал көмегімен бедерлейміз де дене мүшесіне орналастырамыз.
-Тұмсығын жасау үшін басын таяқшамен денесіне орналастырамыз.Көзін түймеден, дәннен,бұршақтан т.б жасаймыз.Аузын сызамыз,әсемдейміз.
-Құйрығын жасау үшін кішкене кесекті есіп,денесінің артқы жағына орналастырамыз.
-Міне,күшігіміз де дайын болды.Қане күшігімізге әдемі үйшік жасап берейік.
Балаларыдың өз бетімен жұмысы.
Балаларға көмектесу.
Дидактикалық ойын: «Үйшік құрастыру.»Шарты:Балалар екі топқа бөлінеді,әр бала текшелерді бір-бірлеп қосып,күшікке үйшік құрастырып шығады.Қай топ бірінші аяқтайды,сол топ жеңімпаз болады.
Ит туралы тыңдайды.
.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар бір-біріне көмектеседі.
Үйшік құрастырады.
Рефлексивті түзетушілік
Балалар біз нені мүсіндедік?
Ит-не үшін керек екен?
Жарайсыңдар сендер күшікті әдемі мүсіндедіңдер.
Ит.Ит-адамның досы,ол үйді күзетеді.Жасаған күшіктерін көрмеге қояды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Иттің адамға дос екенін,жеті қазынаның бірі екенін
Игереді:Негізгі бөліктері туралы түсініктерді игереді.
Меңгереді:Табиғи материалдарды пайдалана отырып,оны өз ойларынан әшекейлей білуді.