- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәттілік тілеймін.
«Ұшқыр ой» ойыны.
«Алғырлар»
1. Ең кіші екі таңбалы сан. он
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. 4 ондықтан құралған сан. Қырық
4. Қосылғыштың мәні қосынды
5. Кеміту амалы. азайту
6. Егер 3 қорап сіріңке үшін 9 тг төленсе, онда осындай 5қорап сіріңке үшін ____неше тг төлеу керек?
7. 1 мин ішінде сұңқар 3 км ұшса, онда 6 мин ішінде ол ____ км ұшады?
8. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
9. 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт. 10. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
«Тапқырлар»
1. Бір таңбалы сан Бір
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі Сүйір
4. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
6. 2 ц картоптан 16 кг крахмал алынады. 3 ц картоптан ___кг крахмал алынды?
7. 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
8. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?
9. 5 санын 20 пен 50 сандарының қосындысына көбейт. 10. Қандай санды 2-ге бөлгенде 14 шығады?
«Кім жылдам» ойыны
Шарты : Оқушыларға «Қанағаттандырмағандықтарыңыздан» сөз беріледі осы сөзден қай топ көп сөз құрастырады.
«Жалғасын тап» ойыны
Оқы және....тоқы
Білім йнемен .......
Мектеп кеме, ......
Оқу білім ...... ,
Білім өмір.....
Еңбек етсең ....... тояды ......
Жалқаудың .........
Біріңші байлық......
Тазалық денсаулық......
Дені саудың .......
Өнер алды ..........
«Өнер» сайысы .
Топтар өз өнерлерін ортаға салады .
- Қойылған сұрақтарға тездетіп, алдарыңыздағы жетонды көтеру арқылы жауап бересіздер. 1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Жауабы: Тоқтар Әубәкіров 2. Тәуелсіздігіміздің биыл қанша жылдығы тойланды? Жауабы: 25 жылдығы 3. Көкжиектің негізгі төрт тұсын атап бер. Жауабы: Солтүстік, Оңтүстік, батыс, Шығыс 4. Аю жыртқыш жануарға жата ма? Жауабы: Жатады 5. Ересек адамда неше тіс болады? Жауабы: 32 6. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Жауабы: Екіге бөлінеді 7. Мақалды жалғастыр. Күш білекте емес, … Жауабы: Жүректе 8. Мәтін түрлерін ата. Жауабы: Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. 9. Жұмбақ шешуін тап Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл? Мұғалім 10. Есепте. Қалам-8 теңге тұрады. Дәптер – 10 теңге тұрады. Барлығы қанша теңгеге алынды?
«Тездет, бірақ қателеспе!» Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. «Алғырлар» тобы. 1. Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді) 2. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу) 3. Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә) 4. Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ) 5. Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) 6. 120 минутта 3сағат бар. (жоқ. 2сағат) 7. Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең) 8. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә) 9. 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36) 10. Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)
«Тапқырлар» тобы.
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді. (жоқ. кім? не?) 2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км. (иә) 3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі. (жоқ. Аңыз) 4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта. (иә.) 5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең. (жоқ. 9 - ға.) 6.Үш би. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би. (иә) 7. Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш. (жоқ. бастауыш) 8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа) 9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш. (иә) 10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ. (иә)
«Анаграмма» Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек. Кесіб - бесік Иот - той Арыбмод - домбыра Саж - жас Анызақ - қазына Екерем - мереке Ысабот - отбасы Сытай - айтыс луқоық – оқулық
Зыбоқ – қобыз
«Басшылар сайысы» Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі. 1. Айтыстың түрлерін ата? ( қыз бен жігіт, бәдік айтыс) 2. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? ( домбыра, жетіген, сырнай) 3. Кәсіби мереке күндерді ата? ( мұғалім; дәрігер, шахтер, шопан) 4. Күй атасы кім? (Құрманғазы )
5. Оқушы айнасы (күнделік )
6. Абайдың шын атын атаңыз? (Ибраһим) 7. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
8. Күйді орындаушы кім ? (күйші )
9. Кесінді ұзын ба, түзу ұзын ба ? (түзу )
10. Жылқыға жұрнақ жалғанса, кім болады ? (жылқышы )
- Осымен сайысымыз аяқталды.
- Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Анықтама.
18 ақпанда 2016 жылы қазақ сыныптары аралығында «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» атты интеллектуалды ойын өтті.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін, ойын арқылы тиянақтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәндерге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.
Ойын барысында оқушылар екі топқа бөлінді «Алғырлар», «Тапқырлар». Ойын барысында оқушыларға әртүрлі тапсырмалар мен қызықты сұрақтар берілді. Әр топтың оқушылары ойынға белсенді қатысып, білімдерін көрсетті.
Ойынның қорытындысында «Алғырлар» тобы жеңімпаз болып атанды.
Дайындаған: Бахыт Т., Тулеубаева А.Г.
«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» интеллектуалды ойын «Алғырлар» тобы сұрақтарға жауап беруде Топпен жұмыс