Тақырыбы: |
| • І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңіндегі көктем бейнесі. |
Күтілетін нәтиже: |
| Білім | Табиғат, жыл мезгілдері туралы білетіндерін еске түсіреді. Өлеңнің мазмұны негізінде көктем мезгілін сипаттайды. |
| Түсінік | Өлең туралы ұғымын кеңейтеді. Жазғытұрымдағы табиғат өзгерістерін түсіндіреді. |
| Қолданыс | Өлең жолдарындағы көктем құбылыстарының сипатталуын көрсетеді. |
| Анализ | Көктем мезгілінің табиғи өзгерісін, белгілерін, жер жағдайына байланысты ерекшеліктерін салыстырады. |
| Синтез | Өлең тақырыбына сәйкес табиғаттағы өзгерісті өз сөздерімен жазады. |
| Баға | Табиғаттағы өзгерістерді бейнелеуде І.Жансүгіровтың ақындығын шебер бағалайды. |
Сабақ құрылымы: |
| І. Ақпарат блогы (12 мин) ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин) ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (12 мин) ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы (7 мин) V. Күтілетін нәтиже блогы (4 мин) |
Оқыту әдісі: |
| • Танымдық, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап |
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
| • Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмектеседі, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: |
| • Белсенді танымдық (интерактивті). |
Танымдық тапсырмалар: |
| • Сабақтың ЛТ, ЖБЕА және ИТр блогында беріледі. |
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: |
| • Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ИТр блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу. |
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
| • Тақырыпты қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалдарын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайд мәтінін) тұжырымдап үйрену; логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу; өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы. |
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
| • Жазғытұрым, көк майса, қыстау, желіндейді. |
Ақпарат көздері: |
| Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 2-сыныпқа арналған оқулық. Әдебиеттік оқу әдістемесі. 2-сыныпқа арналған. Интернет желісі 4. Қосымша материалдар |
Сабақты бағалау: |
| • Оқушының оқу іс-әрекеті ол сабақтың технологиялық картасындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ИТр блогындағы тапсырманы және үй тапсырмасын орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады. |
Үй тапсырмасы: |
| • Астана қаласындағы көктем мезгілі жайында шағын өлең құрастырып келу. |