kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Етістік т?рлері. 400-406 жатты?у

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Етістік т?рлері. 400-406 жатты?у

Саба? ма?саты: 1) О?ушыларды? с?йлемнен етістік т?рлерін таба білуге, ?ай с?збен                     

                             байланыс?анын таба білуге, с?ра? ?оя білуге ?йрету.

                             2) О?ушыларды? тіл байлы?ын, с?здік ?орын, ойлау шеберлігін, сауатты  

                              жазу  да?дысын дамыту.        

                            3) Тап?ырлы??а, белсенділікке, ?йымшылды??а, ізденімпазды??а

                              т?рбиелеу.

Саба? ?дісі: Т?сіндіру, с?ра?-жауап.

Саба? т?рі: аралас саба?

Саба? к?рнекілігі: о?улы?, кесте, ребустар, ойындар.

Саба? барысы: I. ?йымдастыру кезе?і.

                            Психологиялы? дайынды?. Смайликтер пайдалану.

                            II. ?й тапсырмасын тексеріп, с?рау.

Ребус шешу, «Етітстік» с?зі шы?ады. Ережесін с?рау, етістік т?рлерін с?рау, кесте бойынша. Ойын “ Жал?астыр ” о?ыды – о?ып отыр, к?рді - к?ріп т?р.

                         III. Жа?а саба?.

К?н ретін жазу, 3 топ?а б?лу. 400-жатты?у. Ж?мба?ты  жат?а жазу, етістікті табу.

Жолбарыс?а ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Тыш?анды ?ана ?стайды.   (мысы?)

 

Мысы? туралы с?ра?-жауап ар?ылы ??гімелеу.

Сергіту с?ті:  Мысы? сия?ты мияулау.

401-жатты?у. « ?рмек » ?ле?ін м?нерлеп о?у, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.

« ?рмек » туралы ма?л?мат беру.

Сергіту с?ті: «?йректер» ?ніне би ?оз?алысымен.

402-жатты?у 3 топтан 3 о?ушы шы?ып, 2 с?йлемнен жазады.

1 о?ушы: К?з келді. К?н суыта бастады.

2 о?ушы: Ш?п сар?айды.  А?ашты? жапыра?тары т?сті.

3 о?ушы:??стар жылы жа??а ?шып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.

403-жатты?у. К?п н?ктені? орнына тиісті зат есімді ?ойып, оны к?рделі зат есімге айналдырып, с?йлем ??рап жазу.

...  о?ыды.                  ...  емдеді.                  ...  тікті.

...   секірді.                 ...  ??йды.                  ...  к?мектесті.

Сергіту с?ті: «?ара жор?а».

404-жатты?у. С?зж?мба?ты шешу, “?имыл” с?зі шы?ады.

Ойын: «Понтамимо».

405-жатты?у. Жа?ылтпашты жат?а жазу.

                        ?міт т?біт т?тті,

                        Т?бітті т?тіп бітті.

Т?біт с?зіні? айтылуы мен жазылуын т?сіндіру. Т?біт туралы м?лімет беру.

Шы?армашылы? ж?мыс, с?зкесте

Шо?+бала = болаша?           шелек+ек = келешек

Жыл+баз = жалбыз              таса+ба? = тасба?а

 

IV. ?йге тапсырма: 406-жатты?у.

V. ?орытындылау: - Б?гінгі саба?та ?андай ж?мыстар жасады??

VI. Ба?алау. О?ушыларды мада?тау.

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Етістік т?рлері. 400-406 жатты?у »

№253 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Дәрменқұлова Қатира



Қазақ тілі (2 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Етістік түрлері. 400-406 жаттығу

Сабақ мақсаты: 1) Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен

байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету.

2) Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты

жазу дағдысын дамыту.

3) Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа

тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: оқулық, кесте, ребустар, ойындар.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Смайликтер пайдалану.

II. Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау.

Ребус шешу, «Етітстік» сөзі шығады. Ережесін сұрау, етістік түрлерін сұрау, кесте бойынша. Ойын “ Жалғастыр ” оқыды – оқып отыр, көрді - көріп тұр.

III. Жаңа сабақ.

Күн ретін жазу, 3 топқа бөлу. 400-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, етістікті табу.

Жолбарысқа ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)



Мысық туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

Сергіту сәті: Мысық сияқты мияулау.

401-жаттығу. « Өрмек » өлеңін мәнерлеп оқу, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.

« Өрмек » туралы мағлұмат беру.

Сергіту сәті: «Үйректер» әніне би қозғалысымен.

402-жаттығу 3 топтан 3 оқушы шығып, 2 сөйлемнен жазады.

1 оқушы: Күз келді. Күн суыта бастады.

2 оқушы: Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті.

3 оқушы:Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.

403-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, оны күрделі зат есімге айналдырып, сөйлем құрап жазу.

... оқыды. ... емдеді. ... тікті.

... секірді. ... құйды. ... көмектесті.

Сергіту сәті: «Қара жорға».

404-жаттығу. Сөзжұмбақты шешу, “Қимыл” сөзі шығады.

Ойын: «Понтамимо».

405-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру. Түбіт туралы мәлімет беру.

Шығармашылық жұмыс, сөзкесте

Шоқ+бала  болашақ шелек+ек  келешек

Жыл+баз  жалбыз таса+бақ  тасбақа



IV. Үйге тапсырма: 406-жаттығу.

V. Қорытындылау: - Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?

VI. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.





























































№253 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Дәрменқұлова Қатира





Математика (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу.

Сабақ мақсаты: 1) Оқушыларға теңдеу құруды, оны шешу тәсілдерін түсіндіру.

2) Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, ептілігін дамыту.

3) Сауатты жазуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: оқулық, суреттер, ребустар, ойындар.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

  1. Ойын: «Сиқырлы үшбұрыш».

  2. Ребус шешу. Домбыра елік уық  теңдеу.

III. Жаңа сабақ.

Күн ретін жазу, тақырыпты жазу.

№1 есеп. 16-X47-40

16-X7

X16-7

X9

16-947-40

77

№2 есеп. Түсіндіре отырып, шешу.

97- 70-

Сергіту сәті.

№4 есеп.(ауызша)

Ойын: « Кел, ойнайық!»

№5 есеп.

Жеңіл машина – 40л. Жеңіл машина – 40л. ?

Жүк машинасы -?, 20л артық Жүк машинасы -?, 20л артық

Шешуі: 40+2060(л) Шешуі: (40+20)+40100(л)

Жауабы:60л жүк машина Жауабы: барлығы 100литр

Ойын: «Тиінге көмектес».

№6 есеп.

6+6+618, 18-6-6-60, 18-3-3-3-3-3-30

Математикалық жұмбақ.



Аружан болса жетіде,

Бақытжан болса тоғызда.

Екеуін қоссаң шырағым,

Диастың жасы шығады.(16)



Шығармашылық жұмыс.

IV. Үйге тапсырма: №3 есеп

V. Қорытындылау. Сабақта қандай жұмыстар жасадық?

VI. Бағалау. Мадақтау.



































































Тәрбие сағатының тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, нақыл сөздер, қазақтың салт - дәстүрлері туралы суреттер.
Шаттық шеңбер: ( Балалар ортаға шығып, шеңбер жасайды. Көктемге ризашылықтарын білдіріп, өлең жолдарын айтады.)
Көктем келді, шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай - ау, алақай,
Көктем қандай, көктем қандай көңілді!
Тәрбиеші: - Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар.
Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс - құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен - кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. Бұл күндері бар адамзат пен бірге табиғатта «наурыз» тойын тойлайды. Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа күн дегеніміз - адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта бастауы. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.
- осы күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
- Бұлақ көрсең көзін - аш - деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады. -
Бір тал кесең, он тал ек - дескен қариялар бұлақ басына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн - Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер - Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді екен, міне осындай игі дәстүріміз бар. (слайд көрсету)
Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір - біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген - деп слайдтарды көрсету
- Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Наурыз - көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.
Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар деп наурыз көже туралы түсінік беру.( слайд арқылы)
Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.
Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді, және де ұзақ сапарға шығар кезде үлкен кісілерден бата сұраймыз. Олар бізге «Жол болсын», «Жолың ақ болсын», «Жолың ашық болсын» деген ықыласты, ізгі тілектерін айтып, бізге бата берген. Үлкендерге көмектесіп, көмек көрсетсек, ол кісілер батасын берген. Мұндай бата алу игі іс болып табылады. Міне, «Жаңбыр менен жер көгерер, Бата менен ел көгерер» деген нақыл сөз осыдан қалған деседі. (слайд көрсету)
Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен. Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған деп слайдтағы суретін көрсету.
ұл мерекені ел болып, ауыл болып тойлаған қазақ елі екі ауыл жастары бір - бірімен айтысып жатса, балалары ұлттық ойындар ойнаған Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" «Алтыбақан тебу» ойындары аса бір қуанышпен өтетін. (слайд көрсету)
Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. (Слайд көрсету) «Қыз таңдау», «Қыз айттыру», «Қыз ұзату», «Беташар» т. б көптеген салт - дәстүрлеріміз бар деп, «Бесікке салу» салтын көрсету. Көрініс. (ата - аналар сәбиді қалай бесікке сау керектігі жайлы айтып, балаларға көрсетеді)
Тыйым сөздер. Сапарға шықпайды;
Ешкіммен ренжіспейді;
Жаман, былапыт сөздер айтпайды;
Жаман қылықтар көрсетпейді.
Шаш, тырнақ алмайды.
Іс тікпейді, Кір жумайды
Наурыз дастарқанын мол етіп жасаса, келер жыл ырысты, берекелі болады деп болжаған. Қазақ халқының ұлттық тағамдары: бауырсақ, шелпек, қатық, жент, наурыз көже т. б (слайд арқылы суреттерін көрсету)
- Міне осындай керемет көктемде, табиғат та, Жер - Ана да, жан - жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал - теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт - береке, бақ - дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел - белестерге қызылды - жасылды кiлем төселедi. Ұлан - байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарды сақтап, Ұлы күнiн тойлайды. Ендеше балалар, бүгінгі «Наурыз» мерекелеріңіз құтты болсын, аспанымыз ашық, деніміз сау, бейбітшілік болсын!
Енді балаларымыздың өнерлерін паш етейік.
Алмас - Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып.
Жылды бір қарсы алайық!
Марьям: Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық
Таңшолпан: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Бақдәулет: Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Мөлдір: Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтамын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.
Айша: Ата - бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың
Ализа: Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!
Ерасыл: Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық
Ұлдана: Ал, балалар ойнайық
Ойнайық та, ойлайық
Күні, түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық
Қыздардың орындауында «Қамажай биі». Ұлттық ойындарды дәріптеу.
« Арқан тартыс» ойынын ойнату. «Қол күрес» ойыны.
Соңында барлығы «Қара жорға» биін билейді.



























































№253 орта мектеп

























Өткізген: Дәрменқұлова Қатира

























Қызылорда қаласы

Армысыздар аяулы ұстаздар, аналар мен патша көңіл көрермендер! Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздар!
Құрметті аналар, қыз қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.
АНА..... Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде!? Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған ғой. Олай болса кешіміздің шымылдығын тамаша әнмен ашсақ.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Ана деген - тіршіліктің тірегі.
Мерекеңмен қасиетті Аналар!, - дей келе, сіздерге бақыт, ұзақ әрі қызық ғұмыр, әлемнің нұрын, көктемнің шуағын тілейміз.
Ананың тілегінен, ананың жүрегінен, ананың махаббатынан, ананың құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Себебі мына жарық дүниенің мәні де сәні де сіздерсіздер.
(ән)
Ана - жұмақ, мен - шуақ саябағы.
Ана - шырақ, мен - сұрақ санадағы.
Ана - теңіз, мен - қайық тербетілген.
Ана - бұлақ, мен - құрақ жағадағы.
Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
(ән)
Енді, бүгінгі кештің көркін кіргізетін, салиқалы ақылдарын, тұшымды ойларын ортаға салып, қыздарымызбен еркін сырласатын қонақтарымызды шақырсақ.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің.
Ана деген алтын қазық, алтын бақ,- деп, кербез көңілді Күміс Қапашқызын қарсы алайық.
Ана десем шешек ашып жанары.
Өмірімнің бастау алар тарауы.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйдің жұлдызы боп жанады,- деген жырдың жалынымен жан баласына жаттығы жоқ Жанар Садуақасқызын ортаға шақырамын.
Келесі қонақпен таныс болыңыздар, мейірбан мінезді Мейрамгүл ханым.
Мектепте ұстаз.
Үйде пана
Садық апай біздің
Сүйікті ана. Сабырлы да сымбатты Садық Қуанқызын қарсы алайық.
Әкелетін отбасын береке
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар
Құтты болсын нұрға толсын мерекең,- деп батыл да бақытты Базаргүл апайымызды шақырамын.
Ана деген қамқоршы әрі қорғаның.
Ана білсең, ортаймайтын орманың.
Аналардың мен алдында бас иіп,
Ана жайлы жүректен жыр толғадым,- дей келе ақжарқын да аңқылдақ Алмагүл апайды ортаға шақырайық.
Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән,
Шабыт қысып мен де өзімше толғанам.
Аналармен өмір мәңгі көрікті,
Тіршілікті келешекке жалғаған,- деген жыр жолдарымен күміскөмей Күміс Ақанқызын шақырамын.
Ана деген үш - ақ әріп тіршілік
Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып.
Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,
Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік, деп Айжан апайды қарсы алайық.
Қонақтарымыз жайғасып болса, осындай жандардың құрметіне әсем әуенді әнді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.
Енді әсерлі әңгімемізді бастасақ. 8 наурыз халықаралық деңгейде аталып өтілетін мерекелердің бірі ғой. Осы мейрам сіздердің жанұяларыңызда қандай ерекшелікпен өтеді?
Қазіргі қыздардың тәрбиелену процесіне көзқарастарыңызды білсек?
«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді халық. Өз қыздарыңыздың басқан қадамын қаншалықты бақылауда ұстайсыз?
Қыз баланы қонақ, жатжұрттық санап, оның бетінен қақпай, мейлінше еркін жіберіп, не кием, не ішем дегізбей өсіріп жатқан жанұялар бар. Алайда осындай тәлімнің кесірінен келін болған қыздар барған жерінде мінезін көрсетіп, керісіп жатады. Бұған қарсы айтар уәждеріңіз болса тыңдайық.
«Баланы жастан» дегенге менде толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?»- деп сұраған екен. Сонда атақты драматург «Балаңыз неше жаста?»- деп қарсы сауал қойыпты. «Өмірге келгеніне екі апта болды»- депті оған сауал қоюшы. Сонда Бернард Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз»- деген екен. Ал бұған керісінше қазақта «Балаңды 7 жасқа дейін патшадай сыйла,....» деген мақал бар. Бұл пікірлердің қайсысына қосыласыз?
Қазіргі педагогтар мен ата - аналарды толғандырып жүрген проблемалардың бірі «қиын бала» мәселесі. Жалпы «қиын бала» деген кім және ол қайдан шығады?
Психологияда «байқатпай тәрбиелеу» деген бар. Бұл әдістің бала тәрбиесіне күшті әсер ететіні анықталған. Психологтар: «Құрғақ сөз тәрбие болмайды. Бала ата - анасының істегенін жасайды» деседі. Демек, балаларға қалай өмір сүруді айту емес, көрсету керек шығар?
Мереке қарсаңында біздің кешімізге келіп салиқалы да саналы ақыл - кеңестеріңізбен, ой - пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге көп рахмет.
Аналар, арулар мен сұлу қыздар!
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,
Ең бақытт, ең құрметті болыңыздар..




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Етістік т?рлері. 400-406 жатты?у

Автор: Дарменкулова Катира Абдубековна

Дата: 30.01.2015

Номер свидетельства: 164214


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства