Просмотр содержимого документа
«" Ескен Елубаев "Т?рт т?лік" " атты та?ырыпта саба? жоспары »
Сабақтың тақырыбы:Ескен Елубаев Төрт түлік
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ерекшеліетеріне тоқталу.Олардың еті де,сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыларын дамыту.Төрт түлік малдың пайдасы туралы білімдерін толықтыру,тіл байлығын ,ой өрісін ,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
А)-Енді балалар бұлардың барлығын біз нелер деп атаймыз?
- Балалардың жауабы (Төрт түлік)
Олай болса бүгін Ескен Елубаевтың Төрт түлік өлеңмен танысамыз
5.Дәптермен жұмыс (дұрыс отыру туралы айту)
Бүгінгі күнді тақырыпты жазу
Ә) Автор жайлы мағұлмат беру.
-Өлеңді оқып беру .
-Тізбектей оқу.
Сұрақтар қоя отырып талдау.
Жылқышы құралы не екен? –жүген,ұзын құрық,
Қойшы құралы не екен?- көген
Сиыршы құралы не екен?-бұйда
Түйеші құралы не екен? –ноқтаны,түйе жүн шекпен
6. «Ел құты –төрт түлік мал» мақалдың мағынасын ашу дәптерге жазу.
Мақалдар
Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер.
Ешкі -малдың ептісі,
Жылқы –малдың тектісі.
7.Сергіту сәті
8.Әр топқа тапсырма
Өз топтарының аттарына байланысты,сол малдың пайдасы ,пірі, қалай дыбыстайды,суретін салу
Әр топ ортаға шығып қорғайды.
9.Төрт түлік жайлы слайд
10. Сәйкестікті іздеу
жануар
төлі
1.Ит
2.Қой
3.Жылқы
4.сиыр
1.қозы
2.бұзау
3.күшік
4.құлын
11.Сабақты қорытындылау.
Төрт түлікті қадірлеген халқымыз балаларды да төл атымен еркелеткен (ботақаным,құлыншағым,ақ лағым,қошақаным ) деп.Осы төрт түлікке байланысты өлеңдерде жазған өзіміз білетін өлең ,ол қай өлең?
-Әрине «Қошақаным » әні , «
Қане баріміз бір еске түсіріп жіберейікші. (әнді орындау)
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Тақтада екі түрлі мінез көрсетіп тұрған бейнелер тұр ,егер сабақ ұнаса күліп тұрған бейнеге,ұнамаса ренжіп тұрған бейнеге алдымыздағы жүрекшелерді жапсырамыз
12.Бағалау
Үйге тапсырма:Өлеңнің кез-келген бөлігін жаттау және малға байланысты қазақ халқының тыйым сөздерін іздеп ,сұрастырып жазып келу.