kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару.
Саба?ты? ма?саты: 
Білімділігі: 1. Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару?а ?йрету ж?не баланы? ойлау ?абілетін арттыру. 
Дамытушылы?ы: 2. О?ушыларды? ой-?рісін, ?зіндік іс-?рекетін, д?ние туралы танымын ж?не ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Т?рбиелігі: 3. Заман талабына сай жан-жа?ты, білімді болуын, логикалы? ойлау сезімін оятып, ??ыптылы??а, жина?ылы??а, тазалы??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: Ойын  саба?.
Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, топты? ж?мыс, жазба ж?мыстары, ?з бетінше ж?мыс.
К?рнекілігі: ребустар,топшамалар,ертегі кейіпкерлері 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару»

Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: 1. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға үйрету және баланың ойлау қабілетін арттыру. 
Дамытушылығы: 2. Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, дүние туралы танымын және қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: 3. Заман талабына сай жан-жақты, білімді болуын, логикалық ойлау сезімін оятып, ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жазба жұмыстары, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілігі: ребустар,топшамалар,ертегі кейіпкерлері 

Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту

Психологиялық тренинг

1.«Мен кіммін?» Әр оқушы өзін-өзі есімінің бірінші әрпіне байланысты өзінің жақсы қасиетін айтып,өздерін таныстырады. Мысалы:Ақылды Аружан.

2.Сәлемдесу

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз!

ІІ Үй тапсырмасын бекіту

3.Оқушыларды топқа бөлу

Ұлттық тағамдар,ұлттық киімдер,ұлттық бұйымдар арқылы оқушыларды 3-топқа бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын бекіту

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ Мағынаны тану

-Балалар,қандай мереке жақындап қалды бізге?

-Жаңа жыл

-Жаңа жылда бізге сыйлықты кімдер береді?

-Аяз ата мен ақша қар

- Аяз ата мен Ақша қарды сиқыршы ертегілер елінде қалдырыпты. Жаңа жыл мерекесіне Аяз ата мен Ақша қар келу үшін біз оларды құтқаруымыз керек.Біз қазір ертегілер еліне сапар шегеміз. Ертегілер елінің қақпасынан өту үшін біз мына ребустарды шешіп,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып алуымыз керек.

1.Ой қозғау «Ребус шешу»

3-топқа ребустар беріліп,ребустың жауабы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.


Жауабы: Теңдеу

Міне,балалар біз ребусты шешіп ертегілер елінің қақпасын аштық.

2.Жаңа сабақты түсіндіру

Есепті теңдеу құру арқылы шығару

32 кг алманы 4 дорбаға бөліп салынды. Дорбалардың әрқайсысына қанша кг алма салынды.

Дорбалардың әрқайсысына х алма салынды дейік, онда барлығы 36 кг алманы белгісіз сан х-ке бөлгенде 4 дорба болады.

32: х= 4

х= 32:4

х=8 яғни 1 дорбаға 8кг-нан алма салынған.



IV Оқулықпен жұмыс

Біз ертегілер еліне келдік.Сиқыршының сарайына дейін біз кедергілерден өтуіміз керек.

1-кедергі Аюдың тапсырмасы

М-1 Жасырын санды тап

? х 8 = 64 7 х ? =49 ? х9 =63

72: ? = 8 81 : ? = 9 ?:5= 8


2-кедергі Ағаштың тапсырмасы

Е-2

Мен бір сан ойладым,оны 8-ге көбейттім 56 болды.Қандай сан ойладым?

Х . 8 = 56

Х = 56:8

Х =7


3-кедергі Гномдар тапсырмасы

Е-3

3 топқа арналған тапсырма

1-топ

Бірнеше қорап сатып алынды,олардың әрқайсысында 8 қаламнан бар.Барлығы 40 қалам сатып алынды.Неше қорап болады?Есепті теңдеу құру арқылы шығар.


2-топ

5 қорап сатып алынды,олардың әрқайсысындағы қаламдар саны тең.Барлығы 40 қалам болады? Есепті теңдеу құру арқылы шығар.


3-топ Себетте бірнеше алма болды.Олар 4 дорбаға 8 данадан бөлініп салынды.Себетте неше алма болды? Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

V Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ





4-кедергі Су перісінің тапсырмасы

Е-4

3-топқа тапсырмалар

1-топ Балалар әр қорапқа 8 ойыншықтан салды. 40 ойыншықты салу үшін неше қорап қажет болды?


2-топ Әрқайсысы 9 теңге тұратын бірдей бірнеше қолшам сатып алуға 72 теңге жұмсалды.Неше қолшам сатып алынды.


3-топ Сөрелерге бірнеше қатар кітап қойылды.Олардың әрқайсысында 7 кітаптан бар.Барлығы 28 кітап қойылды.Неше қатар болды?

5-кедергі Мыстан кемпір тапсырмасы

М-5

3-топқа тапсырмалар

1-топ

980- 456 +72:8

465+25:5 * 5


2-топ

10:2 * 7 +678

458+297-599


3-топ

987-546+135

500-9 *7 +45

Міне,балалар берілген барлық тапсырманы орындап,барлық кедергіден өттік.Біз сиқыршының сарайына да келіп жеттік.Енді Аяз ата мен Ақша қарды құтқару үшін біз сиқыршының тапсырмасын орындауымыз керек.

6-кедергі Сиқыршының тапсырмасы

1-топ

980

170+

+310

+525

2-топ

230

940-

-260

-18

3-топ

800

580+

590 +

+500+25

VІ Толғаныс

Міне,біз Аяз ата мен Ақша қарды құтқарды.Сіздерге риза болып,олар сыйлықтар алып келген екен.Енді сол сыйлықтарда алу үшін мына тапсырмаларды орындайын.

Топшамамен жұмыс (жеке жұмыс) Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.

VІ Қорытынды Кері байланыс парағын толтыру.

  • Балалар,бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

  • Есепті теңдеу құру арқылы шығару

  • Қазір мен сіздердің жаңа сабаққа түсінгендеріңді және сабақтың қаншалықты ұнағанын білу үшін мен сендерге кеменің суретін беремін.

  • Егер бүгінгі сабаққа түсінсек және сабақ ұнаса, барлық тапсырманы орындасаң кеменің желкенін жасыл түспен боя.

  • Егер сен сабақты түсіне алмасаң,сабақта қиындықтарға кез болсаң,онда кеменің желкенін сары түспен боя.

  • Егер сен сабақта берілген барлық тапсырманы орындай алмасаң,сабақты түсінбесең,мұғалімнің көмегі қажет болса,кеменің желкенін қызыл түспен боя.

VІІ Бағалау.

Топ басшылар өз топ мүшелерін бағалап,смайликтер береді.

VІІ Сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Е-6 138- бет.










Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі







Ашық сабақ тақырыбы:


«Есепті теңдеу құру арқылы шығару»











Пәні: Математика

Сыныбы:3ә

Уақыты:21 желтоқсан 2015 жыл

Пән мұғалімі:Кажкенова Ботагөз Оразқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару

Автор: Кажкенова Ботагоз Уразовна

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278359


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства