Еңбек | Уақыты: | |
Сабақтың атауы | «Күнбағыс» панносы |
Сілтеме | Еңбек оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | Сабақтың мақсаты; міндеті; Оқушыларға қағаздан гүл шоғын дайындау әдісін үйрету. Эстетикалық ойлау, көзбен көру қабілетін, қол шеберліктерін және жұмыс орынды дұрыс ұйымдастыруды дамыту. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын гүл шоғы. Сабақты қажетті құрал жабдықтар: гипс, қатырма қағаз, қайшы, жіп, сым, бояу, қылқалам. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. | Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады |
Қызығушылықты ояту | Ал, қазір біз мынадай гүл жасаймыз. (дайын гүл шоғын көрсету) Ол үшін: көк, жасыл түсті қатырма қағаз, қайшы, гипс, сым, акварель немесе гуаш, қылқалам қажет. - Жұмыс орны дайын ба? - «Көктікен» гүлі бес бөліктен тұрады. 1.- Гүл күлтесі. 2 - гүл ұрығы.(аталығы) 3 - сабағы. 4 - жапырағы. 5 - гүл. Көктікен гүлін дайындаудың реті: 1. Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз. 2. Дөңгелектерді суреттегідей етіп әрлейміз. 3. Өсімдіктің аталығын жіңішке сым темірден жасаймыз. 4. Аталық табиғи түрге ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз. 5. Содан кейін барлық үш дөңгелекті гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз. 6. Сабақты жұқа жасыл түсті қағазбен ораймыз. 7. Жапырақ сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі. |
Мағынаны тану | Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік техникасын сақтайық. 1. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл. 2. Қайшыны қасыңдағы оқушығаа сілтеме. 3. Қайшыны ашық тастама. 4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау. |
Сергіту сәті | Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатты-қатты соғайық. | Оқушылар денелерін жатықтырады |
Ой толғаныс | Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.
Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.
Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.
Гүл қайда болса көбелек сонда.
Гүл өмір қызығы.
Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі.
Гүл сабағымен қадірлі, Ас табағымен қадірлі.
Гүлсіз болса жер мұнды, Күлкісіз болса ел мұңды.
Гүлсіз бұлбұл үнсіз.
Гүлсіз жапырақ тұл, Көксіз топырақ тұл.
Гүл табылады, мал сатылады. |
Үй тапсырмасы | Жұмысты аяқтау | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
| Парақшаларды толтырады |
Кері байланыс |