Просмотр содержимого документа
«Е?бекке баулу "?а?аздан та?ия жасау"»
Еңбекке баулу Сыныбы: 1ә
Тақырыбы: Қағаздан тақия жасау (аппликация)
Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет мақсат - міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік: қазақ халқының бас киімімен таныстыруды жалғастыру.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік: қазақ халқының дәстүріне деген құрметпен оған қызығушылығын тәрбиелеу.
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі: өрнектерді бір қалыппен жүргізуді үйрету, оюдың таныс түрлерін кезектестіре отыру, көз мөлшерді, түс сезімі мен симметрияны дамыту.
Сабақтың түрі:саяхат-сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: аралас, машықтық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданылатын педагогикалық технологиялар: ұжымдық және топтық, тірек карта арқылы оқыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өтілу әдісі: түсіндермелі-иллюстративтик, репродуктивтік, машықтық.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, халық өнері, математикалық түсініктер.
Оқыту құралдары: Мұғалімге: тақияның үлгілері, “қарлығаш”оюының бейнелеу сызбасы. Оқушыларға: қарындаш,қайшы,желім,түрлі түсті қағаз және қатырма қағаз Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жұмыс орындарын дайындау (слайд) 3.Саяхатқа шығу.
А) Көрме залы (қазақ халқы ассамблеясына 20 жыл,зергер,тоқыма,ағаш бұйымдары,ою-өрнек, киімдер) (слайд және көрме)
Ә) Шеберхана (жұмыс істейміз,безендіреміз)
4.Тақия туралы мәлімет(слайд) 5.Тақия суреттері(слайд)
6.Қауіпсіздік ережелерін қайталау
7.Жұмыс істеу жолын түсіндіру
-қатырма қағазды аламыз
-тепе-тең етіп бүктейміз
- бүктелген жерін саусақтарымызбен басамыз
-шаблонды аламыз
-қатырма қағаздың бүктелген жағына қоямыз
-жай қарындашпен бастырамыз
-қайшымен қиып аламыз
-тақиямыз дайын
-тақияны безендіру үшін ою қиямыз,ол үшін жолақ қағаз аламыз
-жолақ қағазды бір бүктейміз
- жолақ қағазды екі бүктейміз
-бүктелген жерге «қарлығаш» оюының шаблонын қоямыз