Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға баулу. | Ресурстар: ән, оқулық, дәптер, интерактивті тақта |
Сабақтың міндеттері: -еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру; -еңбекке қызығушылықтарын арттыру; -еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. | |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындығымызды көрсетейік. Бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық. Армысың сұлу күн! Армысың ашық аспан! Қайырлы күн баршаға! Тыныс алуға зейін қою. Тыныштық сәті. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10) | Ескертулер: 5 ереже: талап, тәртіп, тыныштық, тазалық, татулық |
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Еңбексүйгіш пен Еріншек» - Еңбексүйгіштің қасиеттерін айту. - Еріншектің қасиеттерін айту. - «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер? Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін әрең көреді. - «Адал еңбек, еңбектің жемісі» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? | 106-107 бет ертегі |
3.Жағымды ой – пікір( Дәйексөз) Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай. Адам бойынан табылып жататынең ең бір жағымсыздық – еріншектік. Бұл әдет бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші залымдық, - деген екен». Жалқаулық кедергілерді тудырады, жолыңды болдырмайды. Нәтижесінде көңілің де, қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» деп айтқан. | |
4. Оқиға айту. Мүғалімнің сыйы. Мультфилм «Үш шебер» Ойын – жаттығу: Еңбек Қырға шықсаң, өрлеп,( Қолды кезекпен жоғары көтереді. ) Мұның аты – Еңбек. ( Екі қолын жаяды. ) Кесте тіксең , зерлеп, ( Оң қолымен ине тігеді. ) Мұның аты – Еңбек. ( Екі қолын жаяды. ) Сабағыңа жөндеп. ( Көршісіне сол қолын жаяды. ) Әзірленсең – Еңбек. Қиындықтың бәрін ( Құшағын ашады. ) Еңбек қана жеңбек. ( Екі қолын жаяды. ) | Қазақфильм Режисер Б.Омаров |
5.Шығармашылық жұмыс ( топтық жұмыс ) - Кестені толтыру: Еріншек – Еңбекқор (қасиетін жазу) - Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме жазу. - Еңбек туралы мақал-мәтел жазу. «Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді, бақытқа кенеледі». | |
6. Топпен ән айту. «Болайықшы осындай» Сөзі мен әні: А. Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады, Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүл толады. Қайырмасы: Еңбекшіл осындай, Болайықшы, досым-ай. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. | |
7. Үй тапсырмасы. «Әдемі әже» Р. Әбілқадірова. | 97-98 бет |
8. Сабақтың қорытынды сәті. ( ойымызға түсіреміз ) - Бүгінгі сабақта не ұнады? - Қандай әсер алдыңыздар? Енді көздеріңізді ашыңыздар. Еңбектеріңіз үшін рахмет! Сабақ аяқталды. | Әуен тыңдап, өзін-өзі сезіну. |