kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елта?ба мен Ту туралы жыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды жа?а тараумен таныстыру, «Елта?ба мен Ту туралы жыр» м?тінімен таныстыру ар?ылы, елімізді? р?міздері  туралы білімдерін ке?ейту, о?ушыларды? Отан?а, ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыру, с?здік ?орларын,шы?армашылы? ойлау ?абілеттерін дамыту, о?ушыларды ынтыма?тасты??а, патриотты??а р?міздерді ??рметтеуге т?рбиелеу ма?сатында жаса?тал?ан саба? жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елта?ба мен Ту туралы жыр»

Сабақтың тақырыбы: Елтаңба мен Ту туралы жыр

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба

мен Ту туралы жыр» мәтінімен таныстыру арқылы,

еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.

2. Оқушылардың Отанға, туған жерге деген

сүйіспеншілігін арттыру. Сөздік қорларын,

шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа,

рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Ана тілім – бала шағым, өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен не үйрендім?» тақырыбына шағын эссе жазып келу.

ІІІ топтан бір-бір оқушыға оқыту.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Өткен тарау бойынша 7 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындату.

ІV. Жаңа сабақ.

Туған жер туралы бір шумақ ән тыңдату.

-Бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау – «Туған өлкем – тұғырым» деп аталады.

Ассосация әдісі.

-«Туған өлкем – тұғырым» дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?

-Отанымыз, туған жеріміз, ауылымыз, өскен жеріміз, мемлекетіміз, елбасымыз, рәміздеріміз.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Туған жеріне, өскен еліне арнап жыр жазбаған ақын жоқ шығар. Өйткені кімге болсын өзінің туған жері ыстық. Бұл бөлімде сендер Отан, туған жер тақырыбына жазылған тамаша өлеңдермен, әңгімелермен және олардың авторларымен танысасыңдар.

Кез- келген мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін айрықша белгілері болады. Ол – мемлекеттік рәміздер. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі және оларды құрметтеуге парыз етіледі. Мемлекеттік рәміздердің түр түсі мен қолданылу тәртібі Конституциялық заңда белгіленеді және қорғалады.

Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы сонау көне заманнан бастау алады. Ерте кезде әрбір ру-тайпаның өз таңбасы және таңба белгісі салынған байрағы болған.

Біз бүгін өз рәміздеріміздің пайда болуы туралы Кеңес Оразбекұлының «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінінен оқитын боламыз.

Олай болса, топтарға рәміздердің атауын бергім келіп тұр.

І топ: «Елтаңба» тобы

ІІ топ: «Ту» тобы

ІІІ топ: «Әнұран» тобы

Оңт Қазақстан обл Әл-Фараби атындағы

Сарыағаш ауданы Кеңес ҚазҰУ-дың журналистика

Дарбаза кеншары Оразбекұлы факультетін бітірген



«Егемен Қазақстан», «Ұлан» «Ай аттары қайдан шыққан?»,

Газетінде жұмыс жасаған. Қазір «Мүшел жас», «Наурыз көже»,

«Мөлдір бұлақ» журналының «Қанатты сөз – қазына»

бас ред орынбасары кітаптарының авторы



Оқулықпен жұмыс.

І топ: 1-оқушы мәтінді оқиды

ІІ топ: 1-оқушы түсінгенін айтады

ІІІ топ: тізбектей оқиды

Сөздік жұмыс:

Пырақ – қанатты арғымақ

Желік – күш қуат

Ауыздықтау – бағындыру

Мұғалім қосымша түсінік береді.

Ергенеқон- шатқалдағы қоныс дегенді білдіреді. Ергенеқон түркі халықтары қоныстанған Жерұйық мекен.


Қазақстан тарихы


Ежелгі

Қазақстан

тарихы


Қазақстанның

ерте орта ғасырлар

дағы мемлекеттері


Қазақстан

ның орта ғасырлардағы мемлекеттері


Қазақ хандығы мен жүздері


Ресей империясы құрамында


Қазіргі заман


Ғұндар мен сақтар- б.з.б 1-мыңжылдықта қалыптасқан ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі қалықтарының арғы тегі.


Картамен жұмыс.

Картадан Дунай, Амур, Румды көрсету.

Рәміздер туралы видеоролик көрсету.

Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға назар аударайық.

І топ: Қос Пырақ қандай елдерді аралапты?

ІІ топ: Қыран олардан не деп сұрайды?

ІІІ топ: Пырақ не деп жауап береді?

Енді балалар, Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрайық. Ол үшін диалог дегеніміз не екенін еске түсірейік.

Диалог дегеніміз- шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуі.

Пырақ пен Қыран арасындағы диалогты көрініс етіп қою.

Сергіту сәті: «Көк тудың желбірегені» әніне видеоролик

Дәптермен жұмыс.

Мәтінге сүйеніп, мақалдарды аяқтап жазу.

І топ: 1.«Ат – ердің ...»

2.«Бергеннің қолынан, ...»

3.«Ел аралаған ...»

ІІ топ: 1.«Отан – оттан да ...»

2. «Өз елім – өлең ...»

3.«Әркімнің өз жері - ...»

ІІІ топ: 1.«Туған жер - ..., туған ел - ...»

2.«Кісі елінде ..., өз еліңде ...»

3.«Төртеу түгел болса, ...»

Шығармашылық тапсырма:

І топ: Елтаңбаны қорғау

ІІ топ: Туды қорғау

ІІІ топ: Әнұранды қорғау

V. Жаңа сабақты бекіту.

«Білім аукционы» ойыны.

1.Мемлекеттік Елтаңбада нелер бейнеленген? (5 балл)

2.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (10 балл)

3.Мемлекеттік Тудың авторлары? (10 балл)

4.Мемлекеттік Әнұранды кімдер білуі керек? (5 балл)

5.Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? (10 балл)

6.Тудағы қыран құс нені білдіреді? (5 балл)

VІ. Қорытынды.

«Инсерт» стратегиясы

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім








VІІ. Үйге тапсырма: әңгімелеу

VІІІ. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.

















«№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Елтаңба мен Ту туралы жыр»

Пәні: Әдебиеттік оқу



Өткізген: Карлыева А















Жаңаөзен қаласы

2014/2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Елта?ба мен Ту туралы жыр

Автор: Карлыева А?шолпан Шаш?ымбаевна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312330


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства