kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ел ертеңі болар ермін !Тәрбие сағаты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ел ертеңі болар ермін. Бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ел ертеңі болар ермін !Тәрбие сағаты.»

Сабақтың тақырыбы: Ел ертеңі болар ермін.
Сабақтың мақсаты:
Ел болашағына болжаммен қарап, келешекке көз жүгірте отырып жас буынды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отанды, ата-ананы қастерлеуге, табиғатты аялап, әлемдегі бар сұлулықты бойларына сіңіре білуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, жауапкершілікті сезініп, білім, ғылым жолында еңбектене білуге, салауатты өмір салтын сақтай отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, ана тілімізді құрметтеп, ұжымда ұйымшылдық танытып, сыйластықты бойларына сіңірген, білімді, білікті ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өлең шумақтары, мақал-мәтелдер айту,
Сабақтың көрнекіліктер: тақырып, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Осынау ұлан-байтақ жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, «Аруақ!» -деп атқа қонып, маңдай терімен, қасық қаны қалғанша, қарайып қара жерге тамғанша, елімізге, жерімізге көз жүгіртіп, қол сұққан жауларымызбен арпалысып, міне біздердің егемен ел атануымызға үлкен үмітпен қарап, тұғырлы ел болуымызды армандап, тәуелсіздігімізді алып беріп, тыныш, бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндіктер бере отырып, осы жерімізді, Отанымызды біздерге аманат етіп қалдырып кеткенін ұмытпайық. Ертеңімізді тарихымызбен ұштастырып, өзімізге берілген аманатты келешек ұрпаққа «Аманат»-деп тапсырайық.
«Мен 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.»-деп Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2030 » стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып, Қазақстан халқының мәртебесін асқақтатуды көздеген. Алайда бұл үшін бәріміз бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан, Отанымыз бір - ел болуымыз керек.
Отан! «Отан- отбасынан басталады» - деп бекер айтылмаған. Отбасы мүшелерін табиғаттың көркем бейнесіне теңеген. Әке-асқар тау, Ана-қайнар бұлақ болса, Баланы жағасындағы құраққа теңеген. Ірге тасы берік қаланып, түтіні түзу шыққан отбасының тәрбиесі де берік, әрі түзу болатынын жасырмайық. «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген- тон пішер»-деп ұлдарын ұсталыққа, қыздарын шеберлікке баулыған. Соның ішінде «қызға қырық үйден тыйым»-деп қыз тәрбиесіне де қатаң мән берген. Сонымен бірге «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі»-деп қызды табиғаттың сұлу бейнесіне теңеп, ал табиғатты қызды қалай аяласа, табиғатты да солай аялау керектігін ескерген. Ал, ақын-жазушыларымыз табиғатты да, Отанды да, Ата-ананыда, қылықты қыздармызды да өз жырларына қосқан.
Ендеше жұректен жыр төккен, ақындықты ту еткен жастарымызға кезек берейік.
(Оқушылар кезекпен-кезек өз шығармашылығынан Отан, Туған жер, Әке, Ана, Отбасы туралы өлең шумақтарын оқиды, содан кейін алдын ала жаттауға берілген ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқиды )
1-Оқушы: «Туған өлкем»
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махабатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықдың тәрізді ол тұрағы,
Асқар тауым, жазық далам, арманым,
Туған өлкем-жерұйығым, жұмағым.
Бала кезден артықсың сен мекенім
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан-жылға арта берсін берекең,
Асқақтай бер жарқын болсын ертеңің!
2-оқушы; «Туған ел»
Аймалайды өркен желі
Нұрға оранып көк пен жері,
Бала сағым бұлдырайды,
Гүлмен ойнап бөктердегі
Қаз-үйректің таныс әні,
Ерке өзенмен табысады,
Бір-бірінен күле қалып,
Ақтолқындар алысады
Терек, қайың жымыңдасып,
Самал желмен, тұр ымдасып
Жапырақтар тербеледі
Бір-бірімен сыбырласып.
Би: «Қора жорға»
Тіл, сөз, еңбек, білім туралы кім қандай мақал-мәтелдер біледі?
(оқушылар алма кезек өздері білетін мақал-мәтелдерді айтады )
1. Өнер алды-қызыл тіл.
2.Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
3.Көре –көре көсем, сөйлей –сөйлей шешен боларсың.
4.Жақсы сөз- жаным ырыс.
5.Еңбек етсең -емерсің.
6. Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.
7. Білім-инемен құдық қазғандай.
8. Білімді мыңды, білекті бірді жығар.
Қорытынды. Оқу-білім бұлағы, білім- өмір шырағы. Адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді. Тілсіз адамның болашағы жоқ. Мемлекетімізде ана тіліміз, туған тіліміздің мемлекеттік дәрежеде екендігін елбасымыздың мына сөздерінен айқын байқауға болады: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас. » Бұл сөздермен елбасымыз қазақ халқына деген сый-құрмет оның тіліне деген құрметпен байқалуы керек деп айқын айтып тұр. Бұл еліміздегі әрбір азаматтың тілге деген көзқарасын түзеуге мемлекеттік бағдарлама аясында, республика көлемінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауыл мен елді мекен, мәдениет мекемелерінің атауы қазақ тіліндегі атауға алмастырылады. Облыста тілді оқыту орталығы ашылып, онда курсты аяқтаған қызметкерлер сертификаттарын алуда.
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ел ертеңі болар ермін !Тәрбие сағаты.

Автор: Сейткулиева Бибінұр Қалдашбайқызы

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 415029


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства