kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Е.Елубаев. Төрт түлік 3-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сыныпқа арналған ашық сабақ.Төрт түлік. Е.Елубаев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Е.Елубаев. Төрт түлік 3-сынып»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «А»

Күні: 21.02.2017

Мұғалім: Сапарова Назира Сарсекеновна

Сабақтың тақырыбы:Ескен Елубаев. Төрт түлік

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ерекшеліктеріне тоқталу.Олардың еті де,сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.

Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыларын дамыту.Төрт түлік малдың пайдасы туралы білімдерін толықтыру,тіл байлығын ,ой өрісін ,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабқтың әдістері: түсіндіру,сұрақ-жауап,,топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,постер..

:Сабақтың пәнаралық байланысы:дүниетану,музыка,математика,қазақ тілі,дене шынықтыру

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз

2.Үй жұмысын тексеру.

Тұманбай Молдағалиев

Жаттап келуСұрақтар қою.

-Ақын көл бейнесін неге теңеген?

-Көл жағасында қандай дыбыстар естіледі екен?

3.Топқа бөлу .Топпен таныстыру

Жұмбақтар жасыру.
1-ші топ Қозы

2-ші топ Бұзау

3-ші топ Құлын

4-ші топ Бота

Екі айнасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Екі найзасы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар . (түйе)

Қамыс құлақ

Тостаған тұяқ,

Мінсең қанат.

Сүті –дәрі,

Еті –тамақ. (жылқы)

4. А)-Енді балалар бұлардың барлығын біз нелер деп атаймыз?

- Балалардың жауабы (Төрт түлік)

Олай болса бүгін Ескен Елубаевтың Төрт түлік өлеңмен танысамыз

5.Дәптермен жұмыс (дұрыс отыру туралы айту)

Бүгінгі күнді тақырыпты жазу

Ә) Автор жайлы мағлұмат беру.

Ескен Елубаев — 18 ақпан 1942 жылы, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істегенЕң алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды.Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.

Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

  • Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;

  • Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;

  • Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;

  • Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.


-Өлеңді оқып беру .

-Тізбектей оқу.Топпен жұмыс(әр топ 1 шумақтан оқып мағынасын ашу)

Сұрақтар қоя отырып талдау.

Жылқышы құралы не екен? –жүген,ұзын құрық,

Қойшы құралы не екен?- көген

Сиыршы құралы не екен?-бұйда

Түйеші құралы не екен? –ноқтаны,түйе жүн шекпен

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қысырақ бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады.

Шұбат – қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі.Түйе сүтінің қоректік, емдік қасиеттері ежелден белгілі. Шұбат жеңіл қорытылады, асқазан жолының бездерінен сөл шығаратын қасиеті бар. Қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады. Ол қанның құрамдас бөліктеріне және қанның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Қанның қызыл және ақтүйіршіктері артады. Бауырдағы зат алмасу қалпына келеді. Шұбат созылмалы гастрит ауруына шалдыққан кісілердің осы науқастан айығуына жақсы әсер етеді. 

6.Сергіту сәті :Сәйкестікті іздеу(сурет арқылы)

Жануар

Төлі

1.түйе

2.Қой

3.Жылқы

4.сиыр

1.қозы

2.бұзау

3.бота

4.құлын


Әр топқа тапсырма

Өз топтарының аттарына байланысты,сол малдың пайдасы ,пірі, қалай дыбыстайды,суретін салу

Әр топ ортаға шығып қорғайды.

Қосымша мәлімет:

Жылқы пірі – «Қамбар ата»,
Түйе пірі – «Ойсылқара»,
Сиыр пірі – «Зеңгі баба»,
Қой пірі – «Шопан ата»,
Ешкі пірі – «Шекшек ата»

8.Төрт түлік жайлы слайд

Төрт түлік қалай дыбыстайды?

-сиыр мөңірейді;

-жылқы кісінейді;

-қой маңырайды;

-түйе боздайды.

Биені құраулап

Түйені көс-көстеп

Сиырды аухаулап

Ешкіні шөрелеп

Шақыра аламыз

Сауамыз,бағамыз.

9.Сабақты қорытындылау.

Төрт түлікті қадірлеген халқымыз балаларды да төл атымен еркелеткен (ботақаным,құлыншағым,ақ лағым,қошақаным ) деп.Осы төрт түлікке байланысты өлеңдерде жазған өзіміз білетін өлең ,ол қай өлең?

-Әрине «Қошақаным » әні , «

Қане баріміз бір еске түсіріп жіберейікші. (әнді орындау)

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Тақтада екі түрлі мінез көрсетіп тұрған бейнелер тұр ,егер сабақ ұнаса күліп тұрған бейнеге,ұнамаса ренжіп тұрған бейнеге алдымыздағы жүрекшелерді жапсырамы

10.Үйге тапсырма:1-топ: Автор туралы мәлімет

2-топ: Қымыз туралы мәлімет

3-топ: Шұбат туралы мәлімет

4-топ: төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер

11Рефлексия: Бүгінгі сабақ түсінікті болса, көңілді смайликке, түсінбеген жерлері болса көңілсіз смайликке аттары жазылған стикерларды жапсыру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Е.Елубаев. Төрт түлік 3-сынып

Автор: Сапарова Назира Сарсекеновна

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства