Ұйымдастырушылық- ізденістік | -Адамдардың айтатын сөздері әртүрлі болады. Кейбір дыбыстар ауыз қуысынан еркін шықса, ал кебіреуі кедергіге ұшырайды. Айнаны алып қарандаршы, дыбысты айтуға не көмектеседі? -Әрине, ауыз. Қараңдаршы, ауыз қуысында нелер бар? Бұлар дыбысты айтуға көмектеседі. -Мен сендерге дыбыс айтамын, ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар. Тәрбиеші «е» дыбысын айтады. -«Е» дыбысын ауыз қуысында кедергіге ұшырады ма? -«Е» дыбысын әндетіп айтсақ болады. -Е-е-е. Өйткені «е» дыбысы дауысты, оны қызыл түспен белгілейміз. «Е» дыбысының әріп таңбасын кассаға апарып салады. -«Е» дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар. Қостілдік құрам: дыбыс-звук, сөз-слова, түйе-верблюд, елік-олень. -«Е» әрпі ешкі, елік, ерін, етік, есек, ел сөздерінің басында кездеседі. Кесе, күрек, бел сөзінің қай жерінде кездеседі? -Бие, шие, түйе сөздерінің қай жерінде кездеседі? Сергіту сәті: Мен өркешті түйемін, Басымды жерге иеміе. Маң-маң басып далада, Жантық жеуді сүйемін. Дидактикалық ойын: Бастаушы допты бір балаға лақтырып, жануардың атын айтады, бала допты кері лақтырып, төлінің атын айтады. Мысылы: сиыр-бұзау, бие-құлын, түйе-бота, есек-қодық, мысық-марғау. Тәрбиеші артынан қайталайды: Е-е-е ат үстінде ер, Ең-ең-ең үлкені мен, Ең-ең-ең екі жағы тең. -Балалар, енді біз тең сөзіне талдау жасаймыз. -Бірінші дыбысты қаттырақ оқимын, т-т-тең. -Сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыты қандай түспен белгілейміз? -Бәріміз көк түсті қоямыз. Тәрбиеші екінші дыбысты қаттырақ созып оқып, қандай дыбыс қандай түспен белгілейміз? -Енді тағы бір дыбыс қалды, тең-ң—ң. -«Ң» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? -Оны қандай белгімен белгілейміз? -«Тең»сөзінде барлығы қанша дыбыс бар? -Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз? Тақтаға кеспе әріптермен ер сөзін жазып, балаларға оқытады. Ер сөзіне өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектесіп, қатесін түзейді, үйретеді. Дәптермен жұмыс: дәптердегі №25 тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. | Айнамен жұмыс. -Ауыз. -Тіл, тіс, ерін. Балалар айнаға қарап қайталайды. -Жоқ. Балалар әндетіп айтады. Балалар естеріне сақтайды. Қайталайды. -Ортасында. -Аяғында. Іс-қимылмен жасап көрсетеді. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар естеріне сақтап қайталайды. 2-3 рет «т» дыбысын қайталап, дауыссыз дыбыс екенін айтады. -Көк түстітекшемен. 2-3 рет «е» дыбысын қайталайды. -«Е» дауысты дыбыс. -Қызыл текшемен. -«Ң» дыбысын қайталап айтады. -Дауыссыз. -Көк түсті текшемен белгілейміз. -Үш дыбыс. -Екеуі дауыссыз, біреуідауысты. Тақтадағы сөзді оқиды. Ер сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.. |