Күні:12.12.2016ж Сынып: 1 «А» Пән:Сауат ашу. | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | Мектеп: «Комсомол»ЖОМ Мұғалім:Буртебаева Г |
Сабақтың тақырыбы | Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, қазақ тілі сабағы |
Тілдік құзыреттілік | Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | I Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері:Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне жылы тілектер айтады.Барлығы бірге: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінген қандай тамаша, қандай қуаныш! Балаларды бағдаршам көздері арқылы топқа бөлу. | Шаттық шебері Бағдаршам түстері |
Сабақтың ортасы 8 минут | II Өткен сабақты пысықтау. -Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік. Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды. Болса дағы сақалы, Секеңдеуді қоймайды.Ол не?(Ешкі) III Жаңа сабақ. 1 Ой қозғау.Жұмбақ: Қанат қағып ұшады, Гүлден гүлге қонады. (Көбелек) Буынға бөлу: Кө-бе-лек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып тұр? К-К-К К-таңдайдың орта шетіне нық жабысып,бірден кілт ажырап кетеді.К-дауыссыз қатаң .өз алдына буын жасай алмайды. Кесе ,мектеп ,шелек сөздерінде К дыбысы қай буында кездеседі? К—дыбысы сөздің басында ,ортасында және сөздің соңында кездеседі. «Орным қайда?»ойыны. Тақтадағы буындардан сөз құрайық. Ке-ме,те-рек, ке-се,ше лек ,мек-теп. 2.Дәптермен жұмыс. -К әрпін жазып үйренейік.К-балалар қаламды қолға алып,к әрпін ауада жазайық.Енді дәптерге жазыңдар! 3.Оқулықпен жұмыс. №1 Өлеңді тыңда. Ата ақылы. Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Дидактикалық материалдар. Суреттер |
Сергіту сәті 1 минут | Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/ | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут | №2 Ойлан,тап. №3 Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап іздеңдер. №4 Суретте бейнеленген заттардың әрқайсысын ата. Бұлардағы ортақ нәрсе не? | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия | Кеменің суреттері |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін кері байланыс орнату.Қабілеті жоғары оқушыға дыбыстық талдау жасату.Сөзден сөз ққұрауға үйрету. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |