kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Я тебя люблю сумашедшая

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған. 4 сынып сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Я тебя люблю сумашедшая»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№10 сабақ
Тақырып:Махаббат – өмір өзегі Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, сыйластық, махаббат
Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып- 5

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

-«махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
-сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту
-оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.


2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,


олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.
№10 сабақ.Туған ел


4.Мұғалімнің сыйы. Көктем сәні
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.
-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.
-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға  жағалай қарап алып. – Көктем сәні неде?
-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.
-Тоғай,-деді Қоян.
-Тау мен тас,-деді Арқар.
-Дала,-деді Қасқыр.
-Ашық аспан,-деді Түлкі.
Салқын самал,-деді Бұғы.
-Еңбек,-деді Піл.
-Шалқыған көңіл, деді Аю.
-Шаттық,-деді Керік.
-Күлкі,-деді Борсық.
-Жігер,-деді Есек.
-Шуақ,- деді Саршұнақ.
Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырған Елікке қадады:
-Сен неге үндемейсің?
Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның  алдына келіп:
Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні-осы  айтылғандардың  бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады.Еліктің  сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.
Сұрақтар:
-
Аңдардың табиғатқа деген көз қарасы қандай?
-
Елік табиғат сұлулығын  қалай бағалады?
-Табиғат сұлулығы қандай сезімге бөлейді?



5.Дәйексөз.
«Сүйіспеншілік  — жүректен».

Ш.Құдайбердіұлы

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)


6.Шығармашылық жұмыс.
1-тапсырма: Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді  хат арқылы жолдайық. (Балалар  хатты сыныптағы почта жәшігіне салады. Сол хаттарды ата-аналар жиналысында беріліп,  аналары өз ойлары мен бөліседі).

2-тапсырма: Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсыну.

(Балалар шығармашылығы)

1-ші топқа

Отан

2-ші топқа

Табиғат


7.Топпен ән айту. «Бақыт құшағында»
Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма, білмедім.
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.
Қайырмасы.
Кел билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым таң нұрынан ашылған.
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.


8.Үй тапсырмасы.
№11 сабақ Отбасы татулығы


9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Я тебя люблю сумашедшая

Автор: Сейдахметова Алтынай Сейтбековна

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365701


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства