Просмотр содержимого документа
«І. Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы «Күйші» поэмасы»
Тақырыбы: І . Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы «Күйші» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Бiлiмдiлiк: І . Жансүгіровтің өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту,Көркем туындыны түсініп,мәнерлеп оқу және идеялық -тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру
Дамытушылық: Ақын шығармасындағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты, оқиғалар шиеленістерін зерделеуге үйрету, оқушылардың дүниетанымын,өнерге деген сүйіспеншілік қасиеттерінің көзін аша отырып,рухани имандылыққа, ізденіске,іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Тәрбиелiк:. Поэманы талдай білуге төселдіру,сын тұрғысынан ойландыру
арқылы түйіндік ойларын айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға
дағдыландыру,оқушының шығармашылық тапсырмалар арқылы ,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өнер құдіретін сезінуге,халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Шығармашылық сабақ
Әдісі : Оза оқыту,Іздендіру,Сын тұрғысынан ойлау,түсіндірмелі,әңгімелесу.
Көрнекілігі:электронды слайдтар, кітап көрмесі, тірек-сызбалар.
ІІ .Ұйымдастыру: Сәлемдесу
Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.
Жаңа түсiнiктер мен iс-әрекеттер тәсiлiн қалыптастыру
Хронологиялық кесте бойынша өмір жолы мен шығармашылығын түсіндіру
Кім?
Қашан?
Қайда?
І
Л
И
Я
С
Ж
А
Н
С
Ү
Г
І
Р
О
В
\
1894 жылы 14 мамырда
Қазіргі Талдықорған өңіріндегі Ақсу ауданында дүниеге келеді
1921 жылы
Ташкенттегі 2 жылдық мұғалімдер институтынан соң мұғалім болып қызмет атқарады
жылы
Мәскеудегі журналистика институтына түседі
1928 ж.
Институттыбітіріп шығады ,”Сағанақ”атты тұңғыш кітабы жарық көрежді
1930-1931 ж
Елге келіп, “Еңбекші қазақ” (“Егемен Қазақстан”) газетінде еңбегін жалғастырады
1932-1934 ж
Қазақстан жазушылар ұйымын басқарады
1934-1935ж
1927-1937 ж
“Қазақстан” баспасының директоры қызметін атқарады
Поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мүра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», « Күйші », «Құлагер» поэмалары , «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.
1938 ж.
Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған Ілияс жазықсыз жазаға ұшырады, репрессия құрбаны болды.
Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары . Ақынның қаламынан туған «Күй», «Дала», « Күйші », «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады.
Поэма дегеніміз не?
Поэма - (грекше poiema - туынды) өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
“ Күйші ”1934 жылы. Ақын- күйдің құдіреттілігін көркемдігін , құдды өрнек өрген қол - өнер шеберіндей, әуен – саздан ғаламат музыкалық туынды туғызған сазгердей қиыстыра сөзден өрнек салып, поэзия әлемінде « Күйші » поэмасын дүниеге әкелген еді. Ақын- күйдің құдіреттілігін көркемдігін , құдды өрнек өрген қол - өнер шеберіндей, әуен – саздан ғаламат музыкалық туынды туғызған сазгердей қиыстыра сөзден өрнек салып, поэзия әлемінде « Күйші » поэмасын дүниеге әкелген еді.
“ Күйші ” поэмасының тақырыбы :Күй өнері
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Күй 14 ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтик-лирикаға негізделген. Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
Негізгі ойы: Қазақтың күй өнерін дәріптеу, күйшінің еліне,анасына деген сағынышын,сезімін, күй өнері арқылы жеткізу
“Күй құдіреті “
“Қыз қалауы”
“Көңіл толқыны”
“Қыз сезімі”
“Ерулік”
“ Күйші ”
Оқыс жиын”
“Хабаршы”
“Сапақтың жазаға тартылуы”
“Қызға ұмтылған сезім жоқ”
“Азат”күйі
Поэма - 11 бөлімді, 4 тармақты,
11,12 буынды қара өлең(ааба)ұйқасына құрылған.
Ақынның Қарашаш портретін түрліше жасауына баға бер
Қалың қас ,қылаң қабақ, керқұба қыз,
Қара шаш,алма сағақ, құралай көз.
Сырықтай ордадағы сымдай бойы,
Тал шыбық, қыпша белдің өзі нағыз
Қаралап қарсы алдында сұр мегежін,
Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.
Шөп желке,шолақ бұрым,қотыр-қотыр,
Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр
Жыландай жиырылған кесірткі қыз.
Қарашаш ақылы дария,алтын басы,
Әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы.
Өз басын мың қараға теңгермеймін ,
Кененің кеңесінің ақылдысы.
Ү. Үй тапсырмасы
1. Поэмадан үзінді жаттау
2.“Ел іші - өнер кеніші” тақырыбына ойтолғау жазу.
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Ілияс Жансүгіров -қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Ақын шығармалары -қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі өнеге.