Балалар ақын өлең жазу үшін ақынға шабыт керек.Ақынға шабыт дем берген соң Көкшетаудың әсем де,сұлу табиғатын жырлаған.
Мына тақтадағы өлең шумағына зер салайық. Осы шумақтағы «көркем», «көк» орман тоғайдың айрықша сипатын анықтау үшін қолданып отыр.Бір нәрсені көптен айырып,көзге көбірек түсерлік етіп айту үшін ол нәрсенің атына көркейтетін,айқындайтын бейнелі сөз қосылады.Сол сияқты ақын көлді сұлу қыздың көзіне теңейді.Сөйтіп көлдің әсемдігін көз алдыңа елестетеді.Белгісіздеу нәрсені белгілі бір нәрсеге,белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа бөлеп, көркемдеп,ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз теңеу деп аталады.
Теңеу көбіне-дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары немесе бейне тәрізді деген сөздер арқылы жасалады.
Буклетпен жұмыс:Көкшетаудың көркем табиғатының суреттерін оқушыларға көрсету.
Сабақты бекіту:Сұрақтарға жауап алу.
1)Ақын осы өлеңді жазғанға шабыт берген не?
2)Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
3)Ақын тауды неге теңейді?
4)Ақын суреттеп отырған тауды көз алдыңа елестетіп көрші,қандай сурет салар едің?
V.Біздің сыныпта балалар Азат Көкшетауға барады,өзінің алған әсерін айтып берсін.
Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу және Көкшетау туралы не білесің,және суретін салып келу.