Әдісі: түсіндіру сұрақ жауап, ой қорытындысын жасау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махабатқа толтырады
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзі, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан жағым
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырма берілді?
Мариям Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңін жатқа оқу (4-5 баладан сұрау)
III.Үй тапсырмасын бекіту
Көктем туралы не білесің?
Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды?
1 қатар 1 шумақты
2 қатар 2 шумақты
3 қатар 3 шумақтың мазмұнын бір екі сөйлеммен айтып берін.
Жасыл желегін жамылып көктем келді. Таудың басын қар жапса да, етегі гүлге оранды.
Жер беті жаңарып, құлпырды. Өзен, көлдердің маңы құстардың әсем үніне толды. Мал төлдеді, баулар гүлдеді, егіс көктеді.
Жазық далада қызу еңбек басталды. Малдар төлдеп. Балалар улкендерге көмектесіп мәре сәре.
Логикалық екпін дегеніміз не?
Логикалық екпін сөз ішінде белгілі бір буынның кущті, көтеріңкі айтылып, айқын естілуі.
Мақсат қою кезеңі. Біз әдебиеттен осыған дейінгі сабақтарымызда Қ.Аманжоловтың «Көктем», М.Хәкімжанованың «Көктем жыры» өлеңдерімен таныстық. Көктем десек алдымен көз алдымызға нелер келеді?
Жарқыраған күн Бүршік жарған ағаштар
Көктем
Ән салған құстар Жайқалған гүлдер
Олай болса балалар, бүгін біз Тұманбай Молдағалиев ағамыздың «Гүлдер» өлеңімен танысамыз. Үгінгі біздің мақсатымыз «Гүлдер» өлеңінмәнерлеп, түсініп оқып уйрену. Гүлдер қандай? Гүлдер не үшін қажет? Пікірталас туғызу.
Жаңа сабақ. Кіріспе. Тұманбай Молдағалиев қазақтың белгілі ақыны, ыршыл меризмді дамытқан ақын. Қазақстанның халық жазушысы. 20.0.1935ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген. 1956 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастаған.
Хронологиялық кесте бойынша сөйлеу.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Тақтаға алуан түрлі гүлдер суреті ілінеді.
Оқушылардың оқуы.
А) тармақтарға бөліп оқу
Б) бір екі оқушының мәнерлеп оқуы.
Енді, өлеңнің құрылымына көңіл аударайық.
Өлең неше шумақтан тұрады? (уш)
Бірінші шумақ неше тармақтан тұрады? (жеті)
Екінші шумақ неше тармақтан тұрады? (тоғыз)
Үшінші шумақ неше тармақтан тұрады? (жеті)
Әр шумақтың ұйқастарына назар аударайық.
1 шумақ 2 шумақ 3 шумақ
а а а
а а а
б б б
б а б
б с с
б с с
с д д
____ с _____
3 ұйқас г 4 ұйқас
_____
5 ұйқас
Байқап отырсақ, ш шумақтың да соңғы тармақтары алдыңғы тармақтардағы ұйқастардан өзгеше. Бырақ, ол өлеңнің ұйқасына кері әсер етіп тұрған жоқ, қайта сол шумақтаы ойды нақтылап тұр.
Осы шумақтарда не туралы айтылады? Қане анықтап көрейік.
Үш қатар үш шумақтың мазмұнын айтып береді.Қиналған жағдайда мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы жетелеп отырады. Бірінші шумақта не туралы айтылған? Әр түрлі гүлдердің, қанаттарының желбіреп, таңмен ерте оянып, күн нұрына боянып, далаға көрік беріп тұрғандығы айтылған.
Екінші шумақта не туралы айтылған? Гүлдердің құлпыра өсіп, қып қызыл гүлдердің өртке ұқсап тұрғандығы туралы, оның ірін жүрегі лүпілдепанасына сыйлау үшін үзіп алғандығы туралы айтылады. Яғни, бұл шумақтагүлдерді өртке, отқа теңеп айтыр тұр, себебі, гулдер сап сары, қып қызыл өрттей болып тұр.
Үшінші шумақта, әсем гүлдердің ырғалғанын, нұрланғанын, құлпырғанын ұнатып, сәби балаға ұқсатып тұр. Себебі, гүлдерде сәби сияқты нәзік болып келеді.
Осы өлеңде балалар, байқап отырсақ гүлдер сөзі қайталанып отырады. Үлдер сөзінің қайталануы гүл сөзініңәсерін күшейтеді. Әдебиетте мұны Кайталау әдісі деп атайды. Қайталау сөз әсерін күшейту. Ақын оқырманның назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылыстыбірнеше рет қайталау әдісін қолданады.
5.Дәптермен жұмыс
Енді, балалар, үш қатар бір бір шумақ өлең жолдарын құрастырайық.
(құлпыртып) гүлдерді (құлпырды) дала (шаттық сыйлап) балаға
(табиғат) түрленді (күлімдеп) бала (гүлдер толды) далаға
(гүлдері) жайқалып (жайнады) гулдер үзіп алып сыйладым
(шаттыққа) бөленді (қуанды) ана (мейірімді) анаға
Қорыту: Сонымен, біз бүгін сабақта не туралы өттік? Гүл туралы өттік.
Ендеше, осы гүл туралы ойға түйгенімізді қорытындылау мақсатындаәр қатар алдарымыздағы аппликациялардың көмегімен эмблема жабсырайық.
Әр қатар өз эмблемаларын қорғап, сабақты қорытындылайды.