Просмотр содержимого документа
«Геолог, ғалым Қ.И.Сәтбаев»
15.04.2014 1 Ж сыныбы
Сабақтыңтақырыбы : 157- жаттығу. Геолог. Ғалым Қ.Сәтбаев.
Сабақтың мақсаты : Өлеңді мәнерлеп оқып,негізгі идеясын түсінуге,сөйлемдегі тыныс белгілерін білуге оқушылардың өзіндік әрекет жасауына ықпал ету.
Әдіс тәсілдер : Топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, Ізденіске итермелеу
Модульдер: ЖЕСО,СТО,ОБжК Топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау,диалогтік оқыту,Ізденіске итермелеу
Күтілетін нәтиже : Тақырыптың мазмұнын ашу .
Бағалау : "Бағдаршам" сигналдары,жиынтық бағалау.
Ресурстар : Ғалым Қ.Сәтбаевтың суреті,Ә.Қайрановтың суреті, ребус,сызбалар,маркер,стикер,смайликтер.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгелдеу. Көңіл күй ахуалын қалыптастыру.
Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз.
Отшашудай жарқырап ,шапаттаймыз.
Түрлі-түсті фигуралар арқылы оқушыларды 4- топқа бөлу:
I топ "Достық" III топ "Алғырлар"
II топ "Зеректер" IV топ "Тапқырлар"
II.Үй тапсырмасын сұрау.
156-жаттығу,"Сурет сабағы" ,"Суретші ата Қастеев" өлеңдерін жаттау
III.Негізгі бөлім.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ребус шешу "Геолог"
IV.Мақсат қою кезеңі.
1.Ә.Қайранов кім ? Қай жылы қайда туған ?
1958 жылы Баянауыл ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келді
2.Ә.Қайрановтың "Геолог" өлеңімен оқып танысу.Өзім 1 рет оқимын
а) "Геолог" өлеңін оқу.(іштей оқу)
Оқушыларға оқыту
Әр топқа бір-бір шумақтан оқытамын.
Өлең оқуға критерийлер құру
1.Мәнерлеп оқуы
2.Қатесіз оқуы
3.Дауыс ырғағы
"Бағдаршам сигналдарымен" бағалау
Қызыл түс - төмен
Сары түс - орта
Жасыл түс - жақсы
Сұрақ-жауап арқылы өлең мазмұнын ашу
1.Елімізде қандай қазба байлықтар бар ?
2.Қазба байлық не үшін керек ?
3.Геолог қандай мамандық деп ойлайсыңдар ?
Балалар біздің сыныпқа Ғылымдар патшалығынан бірнеше хат келіпті ,хаттың сыртында кімге жолданғаны жазылып та тұр екен.Қане оқиық.Хаттар әр топқа табысталады.
I топ: Жас достар ! Қазақстан ғылымына өз үлесін қосқан ғалым,кен орындарын зерттеуші кім деп ойлайсыңдар ?
II топ: Қаныш Имантайұлы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында 1899 жылдың 12 сәуірінде Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді.
III топ : Бүгінгі күні Қаныш Сәтбаев атында қала, мектеп,көшелер бар.
IV. топ : Қаныш Сәтбаев аталарыңдай білімді ғалым болу үшін сендерге не қажет деп ойлайсыңдар ?
Балалар бұл хаттарда кім жайлы жазылыпты ?
V.Топтық тапсырмалар.
1) "Геолог" сөзіне ассосация құру
2) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
3) "Геолог"өлеңіне байланысты сурет салу
4) Қаныш Сәтбаев жайлы шағын эссе жазу
Топтық жұмысты қорғайды.
Әр топтан көшбасшы топтағы жұмысты таныстырады.
Сергіту сәті
V.Дәптермен жұмыс.
Балалар 157-жаттығуды дәптерлеріне және төрт топтан төрт бала тақтаға шығып орындайды.Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңдер.
1) Дала қандай тамаша !
2) Гүлдер неткен әсем !
3) Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе?
4) Жазда күн тым ыстық болады.
"Бағдаршам" арқылы бағалайды.
VII.Қорытынды бөлім.
Сабақты бекіту сұрақтары қойылады.
- "Геолог" өлеңінен не түсіндіңдер ?
- Өлеңді қандай ақын жазыпты ?
- Ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білдің ?
- Сөйлемдердің соңында қандай тыныс белгілері келеді ? Рефлексия.Стикерлерге "Бүгінгі сабақтан алған әсерім" жөнінде жазып Қанағаттандым, көңілім толмады белгілеріне апарып жапсырады.
VIII.Үйге тапсырма беру : "Геолог" өлеңін жаттау және бір шумағын көшіріп жазып келу.171 бет.