Просмотр содержимого документа
«Ғажайып адам. М.Тәнекеев»
Сабақ тақырыбы: Ғажайып адам. М. Тәнекеев. Сабақ мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру. 2. Дамытушылығы: Оқушының әр ойын жинақтап айта білуін және тарихи танымын дамыту. 3. Тәрбиелілігі: Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс – тәсілдері Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқан портреті, Қазақстан барысы портреттері, интерактивті тақта, бейнежазба.
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме, балалар? - Көңіл - күйлеріңіз қалай? Отырыңыздар. Сабаққа қажетті құралдарымызды алып, сабаққа дайындалып отырамыз.
2. Қызығушылықты ояту: Бүгін қандай жағымды сөздер естідіңіздер еске түсірейік. -Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Бағалау туралы айтып кету.(медаль)
Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?
- Ш. Мұртазаның «Интернат наны»әңгімесі.
1-оқушы. Әлтайды сипаттап бер.
2-оқушы. Интернат не екенін түсіндір. Интернат балаларының өмірі неліктен қиын болды?
3-оқушы. Жаңа жыл қарсаңында балалардың түсіне ойыншық, кәмпит емес, неліктен нан кіреді?
4-оқушы. Мәтін немен аяқталды?
5-оқушы. «Жаңажылдық жаңаша түс» эссе оқу.
2.Қызығушылықты ояту.
Притча
3.Мағынаны тану.
«Ғажайып» сөзіне анықтама.
4.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу, бөлім бойынша сұрақ қойып, түсіндіру.
Сұрақтарға жауап беру.
- 450кг темірді иығына салып көтеріп келе жатырған кім деп ойлайсыңдар?
- Қажымұқан кімді көрді?
- Балуандарға адамдар не айтты?
- Балуандар сейфті көтере алды ма?
- Сейфті кім көтерді, қалай көтерді?
- Қайда болған оқиға?
- Қара Иван кім?
- Аренаға Қажымұқан қалай кірді?
- Арбаны қалай сүйреді?
- Қажымұқан сахнадан қалай шықты?
Сергіту сәті
Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
5.Сөздікпен жұмыс.
Шөгу - түйенің жатуы.
Түйенің күйіс қайыруы - түйенің шайнаңдауы.
Сейф дегеніміз - арнайы жабдықталған бөлмеде (сақтау орнында) тұрған секция ішіне орнатылған шағын металл жәшік-сейф.
6.Видео Қажымұқан туралы.
Қажымұқан Мұңайтпасов қазақ халқының атақты палуаны. Ол 1871 Ақмола облысына қарасты Қараөткел ауданының Қоспа деген жерінде туған. Оның аталары шетінен батыр болған. Қажымұқанның әкесі Мұңайтпас күш иесі болса да, бар өмірін жалшылықта өткізген. Қажымұқан 8 жасында-ақ ауылдың 15-16 жасар жігіттерін жығып жүрген. Жастайынан байдың ауыр самаурынын көтеріп, қаппен тезек, астық, 60 шелектік бөшкемен су тасып, жалшылықта өсіп, күшін шыңдайды. Кейін жалшылықтан құтылып, палуандық жолға түседі. Омбы, Қазан, Петербор, Москва, Киев қалаларында орыс, украин, татар палуандарымен, Францияда, Германияда француз, ағылшын, неміс, Серия, Қытай палуандарымен белдесіп, атағы шығады. Дүниежүзінің 24 елін аралап, палуандарымен белдесіп, жеңістерге жеткен. Өзі күреске қатысқан жылдары ол 48 алтын, күміс, қола медалдарына ие болған. Қажымұқан деп аталу себебі, ол балуаннан асқан қасиеті үшін “қажы” есімі сыйға берілген. Содан бері Қажымұқан деп аталған. Балуанға арналған “Геркулес”, “Алып” журналдары шығарылды.
7.Топтық жұмыс. Хат келді, бұнда мекен-жайыда бар екен.
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
«Егер мен Қажымұқандай ғажайып күш иесі болсам» эссе
1.Салыстыру
1.Білемін:
Жаңа дерек:
1.Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген спортшыларымызды ата.
Мәтінге өзің басқа тақырып ойлап тап.
Көрініс
8. Бекіту.
«Кім зерек»
1.Мәтіннен өзіңді таңдандырған, мақтаныш сезімін тудырған сәттерді оқып бер.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Қажымұқан мәтінін бөлім бойынша оқу, баяндау.