2013-2014 о?у жылында 4-сыныпта ана тілінен ?ткізген ?.М?сірепов « Ана ??ша?ында» атты саба?ымда ?лы жазушы ?.М?сірепов ?мірімен таныстыра отырып, Ке?ес Ода?ыны? Батыры ?.С?ма??лов ?мірінен ма??лмат береіп, алыпты? да, батырды? да анадан туатынды?ын, ананы ??рметтеп, ?адірлей біуге ?йрете отырып, о?ушыларды шы?армашылы??а баулу ма?сатында «Мені? анам» атты эссе жаздырдырып о?ушыларды? аналарына деген сезімдерін ?а?аз бетіне т?сіруіне ы?пал еттім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?.М?сірепов «Ана ??ша?ында» »
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ана құшағында»
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету.
2.Өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып,әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қаблетін дамыту.
1.-Үлек дегеніміз не екен қане ,үлекке сипаттама беріп көрейік
-Үлек жалғыз өркешті , нардың бурасы .Айбатты ,батыл ,қорқу
дегенді білмейді.Еңбегі өте зор,ауыл түйелерін бағады
2-слайд
2.Түйе жейтін қандай шөптер айтылған?Тағы да қосуға бола ма?
3.Түйе туралы мақал –мәтел айту.
4..Мүлкібай ата портретін кім айтады?
-Қоржиған ,бойы кішкентай,ап – арық.Көнілді ,балаларды жақсы көреді ,
себебі ,ол малға барғанда бүкіл баланы жинап апарады.Малды да жақсы көреді.
Үлектің оны тындайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан ,қараған
.Бұдан шығатын қорытынды .Үлектің иесі -адам .Ендеше адам бағындырмайтын белес жоқ.
Жаңа сабаққа дайындық.
Сөзжұмбақ шешу . 3- слайд
III. Жаңа сабақ.
Күннің жады Ғ.Мүсірепов « Ана құшағында» әңгімесі 4-слайд
1.Ой қозғау. «Ана құшағы» дегенде ойларыңа не келеді?
Күннің шуағы жылы ,Ананың құшағы жылы
Осы ана құшағын сезіндіріп,сол сәтті баян ететін «Қазақ солдаты» романының үзіндісімен танысамыз.
Әуелі роман авторы Ғ.Мүсіреповпен танысайық. 5-Слайд
6-слайд.кітаптарын да көрсету.
Кеменгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?Бұл- шығарманың бас кейіпкері Кеңес Одағының Батыры Атыраулық ержүрек жауынгер Қайырғали Смағұлов. 7-Слайдтан суретін көрсету.
Бұл баланы бәрі Қайрош деп атайды.10 жастағыҚайрошқа ауылдың сиыр,бұзау,торпағын бақтырып қояды.Оның алдына 87 бас мал салып беріп,егер бір бас малды жоғалтсаң, 10жыл қораға қамаймын дейді ,қара мұртты.(сол кездегі басқарма)
Ойбай ,мен қашан оқимын деп жүргендебір қасқа торпақ жоғалып кетеді.Ары санаймын 86, бері санаймын 86.Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.
«Зытып келем ,зытып келем ...
Артыма қарай-қарай зытып келем..
Қайрош сол зытқаннан Гурьев(Атырау)қаласындағы балалар үйіне орналасады.
-Балалар үйі кімдерге арналған?
-Панасыз, әке-шешесіз балаларға арналған.
Құлыным ,Қайрошым.......Қайда жоғалып кеттің? Деп әлсіз дауыс естілді.
Кімнің дауысы деп ойлайсыңдар ?
Әрине анасының дауысы.Біз танысқалы отырған үзінді осылай басталады.
Ана туғаннан бастап бізді мәпелеп күтеді ,балдай тәтті сүтімен емізеді,еркелетеді.Олешқашанда сені тастап кетпейді.Ана туғаннан өскенге дейін ,сені күтіп баптайды.Ананы жақсы көрмейтін жан жоқ.Сен анаңның дауысын ұмытпайсың. Кәрі қария да өз анасының дауысын ұмытпайды.
Мақсатты оқу- Анасы мен баласының бір –біріне деген ыстық сезімін баяндайтын тұсты тап .Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқы.
СЕРГІТУ СӘТІ:АНА ТУРАЛЫ ЖЫР.
3.Дәптермен жұмыс .Қайроштың анасына сипаттама жазу
8-слайд
Қайроштың анасы ауыл анасы .Басында үлкен жаулығы,көк шұбар кең көйлегі бар.Мейірімді ,ақылды.Дауысы жылы, әлсіз.
1. Ана туралы мақал –мәтелдердің жалғасын табу. 9-слайд
4.Топтастыру : Ана кім? 10-слайд
5. «Менің анам» шағын эссе жазу.
IY.Бекіту сұрақтары:11-слайд
1.Анасы Қайрошты қайда іздеп келді?
2.Қайроштың досының аты кім?Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің?
3.Ана мен баланың ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
4.Мария апай деп отырғаны кім деп ойлайсың?
Y.Сабақты қорытындылау:
1.Қайрош неліктен анасымен ауылға кетіп қалмады?
2.Егер сен Қайроштың орнында болсаң не істер едің?
.Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіреді,білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді.Оралда оқып елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылады да ,сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады.Ал 1943 жылы Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.1945 жылы елге оралып өмірінің соңына дейін жас ұрпаққа білім берумен айналысады.1943 жылы майданда жарақаттанып 1ай демалысқа Алматыға келеді .Астанада батырды сол кездегі Орталық комитеттің хатшысы Жұмабай Шаяхметов қарсы алып, батырмен кездесу өткізіп , сол жиынға қатысқан жазушы-журналистерге батыр жайында шығарма жазуға тапсырма береді.Осы кездесуде Ғ.Мүсірепов батырға
«Қайырғали, сен менің бүгінгі зор табысым ,болашақ жазылатын шығармамның тақырыбысың» деп батыр туралы шығарма жазуды қолға алады.Жазушының көп еңбегінің арқасында осы «Қазақ солдаты» романы дүниеге келді.
Бұдан шығатын түйін:
-Батыр да, ақын да, алып та анадан туады.
-Ана алдында асқар тау да аласа,- деп аналарымызды мақтан етіп құрметтеп жүрейік!
Дүниенің нұры,өмірдің гүлі ,қызықтың қызығы-ананың қолында.Ана бір қолымен бесікті тербетсе ,екінші қолымен әлемді тербетеді.
Барлық адам ана алдындағы парызын өтеп ,ақ сүтін ақтап,ананың шашына ақ түсірмей,тек осы киелі жандардың бақытын ойлауға тиісті.Себебі,ең бақытты адам- анасы бар адам .Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
YI.Үйге тапсырма :
Ғ.Мүсірепов «Ана құшағында» әңгімесінің мазмұнын біліп келу және аналарымызға арнап 4 жол өлең құрастыру.