Тақырыбы: XXIғасыр көшбасшысы.
Мақсаты: 1. Қабілетті оқушылардың негізгі пәндерден білімдеңгейін анықтау.
2. Танымдық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа үйрену. Уақытты үнемдей отырып, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес, зияткерлік сайыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі, математика,дүниетану.
Көрнекіліктер: сабаққа қажетті сызбалар, «Тірек сөздер»
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, тест сұрақтары, «миға шабуыл» стратегиясы, болжау, деңгейлеп оқыту әдістері.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Дайындық кезеңі.
2. Сабақтың тақырыбы мен алға қойған міндеттерімен таныстыру.
II.Кіріспе.
1. Төрешіні, экспертті тағайындау.
2. Ойынға қатысушы оқушылар өздерін таныстырып, өмірде алға қойған мақсатын айтады және қарсыластарына сәт сапар тілейді.
I. айналым «Бәйге»
1-тапсырма. Негізгі пәндерден қойылатын викториналық сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауапқа «5» ұпайдан қойылады. «Миға шабуыл» стратегиясы.
1. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы неде?
2. Асан қайғы не іздеген ?
3. «Сәулелі жұлдыз» іздеген адам кім?
4. Сырым батырдың шешендік сөздері.
5. Төле бидің «Қарлығаш әулие» атану себебі.
6.Ауаның ластану себебі, оны болдырмау жолдарын ата.
7. Судың үш күйін ата.
8. Жыра неден пайда болады?
9. Өсімдік тобына нелер жатады?
10. Барыс септігінің сұрағын ата.
11. Зат есімнің түрлерін ата.
12. «АҚШ» сөзінің мағынасы. Бұл қандай сөз?
13. Қарсы мәндес сөздерге мысал келтір.
14. Сөйлем арасында қандай жағдайда сызықша қойылады?
15. Тұрлаулы мүшелерді ата
16. Тіктөртбұрыш деген қандай фигура?
17.Әріпті өрнек деген не?
18. Үш тәулікте неше сағат бар?
19. Сағат 15-00 ді басқаша қалай айтуға болады?
20.Белгісіз қосылғышты табу үшінқандай амал орындалады?
2-тапсырма Тірек сөздерден қиял-ғажайып ертегісін құрастыру. «Қыз, алма, айдаһар,ит,бақыт». Ертегі мазмұны мен көркемдігіне қарай бағаланады.
Ең жақсы құрастырылған ертегіге 5ұпай қойылады.
(Ұпай сандарын нақтылау )
II.айналым «Дода»
Негізгі пәндерден деңгейлік сұрақтарға жауап беру.
1-тапсырма. Пән таңдау,сұрақ таңдау . Деңгейлік тапсырмалар сұрақтың қиындығына қарай бағаланады.
Қазақ тілі.
1. Етістіктің түрлерін ата.
2. Әңгімелеу мәтінінеше бөліктен тұрады?
3. Құрмалас сөйлем деген не? Мысал келтір.
4. Мәтіннің тақырыбы нені білдіреді?
5. «Қансонар» сөзінің мағынасы қандай?
Ана тілі
1. Қабанбайдың шын есімін ата.
2. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
3. шешендік сөзге мысал келтір.
4. «Кейіптеу» деген не?
Математика
1. Санды санға бөлгенде не шығады?
2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?
3. Бірдей 2 костюм 7200теңге тұрады. Осындай 3 костюм неше теңге тұрады?(10800)
4. Ауданы 81 кв. Дм шаршының қабырғаларының ұзындығы қандай? (36дм)
5. Мотоциклшы 30км/сағ жылдамдықпен жүрсе, ол 150км жолға қанша ұақыт жұмсайды? (5сағ)
Дүниетану
1. Адамды адам еткен кім? (еңбек)
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? (тас, көмір, мұнай.)
3. Қара металл мен түсті металды қалай ажыратады? (магнитке тартылғандарды –қара металл, тартылмағандарды –түсті металдар)
4. Қазақстан жерінің көлемі қандай?
5. Республикадағы ең ірі темір кен орыны қай облыста орналасқан? (Қостанай облысы, Соколов –Сарыбай кен орны)
2.-тапсырма Тест тапсырмаларын орындау.
1. 2адам тоғызқұмалақты 2сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?
а)2сағ ә)4САҒ б)1сағ
2. Қосарланып жегілген ат арбамен Жандос 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді.
а)12 шақырым ә)25 шақырым б)50шақырым
3.4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1жұмыртқаның пісуі үшін неше минут уақыт керек?
а)16мин ә)1мин б)4мин
4. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
а)иә ә)жоқ б)мүмкін
5. Алма ағашында 30 алма, ал жөке ағашында одан 2 есе көп алма өсіп тұр. Жөке ағашында қанша алма өсіп тұр?
а)60 алма ә)0 алма б)15 алма
6. Ағаш басыеда 20 балық отыр еді, кенет олар 2топқа бөлініп ұшып кетті. Әр топта неше балықтан?
а)10 балық ә)2 балық б)мүмкін емес
7. Ауладар жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
а) 2бұзау, 1 тауық
ә)4 бұзау, 2 тауық б)4 тауық, 1 бұзау
8. 8-ші наурызда 2 шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3орамал сыйға тартылды . Кімсыйлықсыз қалды?
а) шешесіне жетпеді ә)немересіне жетпеді б)барлығы сыйлық алды
Екі айналым бойынша ұпай сандарын есептеу.
Ұпай саны кем 4 оқушы ойыннан шығады. 2 оқушы IIIайналымға өтеді.
III. айналым «Жорға»
3 тақырып бойынша сұрақ таңдау. Оқушы өзі таңдап алған сұраққа жауап береді.
1-тапсырма.
Салт-дәстір
1. Балаға қатысты жасалатын салт-дәстүр түрін ата.
2. Бесік жырын айтып бер.
3. «Тұсау кесу» дәстүрі тұралы не білесің?
4. «Сүйінші сұрау» дәстүрін қай кезде қолданады?
5. «Ақ киізге көтеріп, хан сайлау» дәстүрін айтып бер.
Өнер.
1. Жаяу Мұса деген кім? Неліктен олай атаған?
2. «Натюрморт» деген не?
3. Адалбақан қандай қызмет атқарады?
4. қобызды бірінші кім жасады?
5. «Алып бала» деп аталған кім?
Еркін тақырып
1. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орында ? (9-орын)
2. Жылқыдан алынатын сусын. (қымыз)
3. «Отан» партиясының жаңа аты. (Нұр-Отан)
4. Қ.Р. Конституциясында балаларға арналған қандай заң бар?
5. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (бірдей)
2-тапсырма. Тірі сұрақ. Өлең-есеп.
1-сайыскерге: Ертеңгісін атам,
2 серкені қорадан қуып еді.
Егіз бөрте лақ ере шықты.
Бөрте лақтардың енесі
Олармен ере шықты.
Сонда барлығы неше ешкі далаға шықты? (5 ешкі)
2-сайыскерге: Біз үлкен жанұя, ең кішіміз Әлия.
Қалғанымыз мыналар:
Раушан, Болат,Дариға,
Айтжан, Ержан, Даналар,
Гулжанымыз тағы бар,
Қане, есептеп алыңдар.
(10 адам әке-шешесімен қосқанда)
Ұпайларды санау , жеңімпазды анықтау.
Марапаттау.