kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?али Орманов .Ана.Ашы? саба?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?али Орманов "Ана"

Саба?ты? ма?саты:

1. Білімділік: ?али Ормановты? «Ана» ?ле?імен таныстыру.Жа?сылы? атаулыны? барлы?ы к?нні? н?рынан, ананы? мейірімінен тарайтынын ??ындыру. 2. Дамытушылы?: О?у да?дысын ?алыптастыру ж?не жетілдіру, байланыстырып с?йлеуін дамыту, ?зіндік ой-пікірін айта білуге баулу.

 3.Т?рбиелік:  Анасын с?ю ар?ылы еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру. ана е?бегін ?адірлей білу, баланы? ана алдында?ы парызын ?теуге, т?сінуге, ?адірлеуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: суреттер, ма?алдар.

Саба?ты? т?рі:аралас

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап

Саба?ты? барысы:
I. ?йымдастыру б?лімі:

Шатты? ше?берін ?йымдастыру.-  Балалар б?гінгі саба?ымыз с?ттілікпен ?тсін деген ниетпен бір-бірімізге жа?сы тілектер айтайы?. Тілектер айтылады.

       Топ басшысын сайлау. Топ басшысы ба?алау ж?гізеді.     

   - Олай болса, балалар, б?гінгі саба?ымызды бастаймыз.
 

II. ?й тапсырмасын тексеру.
«А? шаш» м?тіні бойынша   ?йден шы?арма жазып келу,талдау.
«Авторлы? орынды?»

III. Жа?а саба?.

-Балалар,казір мен сендерге музыкалы? ?уен ?оямын.Сендер к?здері?ді ж?мы?дар. Б?л ?уенде кім туралы,не туралы айтылады?

Саба?ты? максатын хабарлау.
- Ендеше, бізді? б?гінгі саба?ымызда ана туралы, я?ни ?али Ормановты? «Ана» ?ле?імен танысамыз.
Д?птерімізді ашамыз,
Сала?ты?тан ?ашамыз
К?ркем етіп жазамыз.
(к?нні? жадын, та?ырыпты жаздыру)

  О?улы?пен ж?мыс :

  2. ?ле?ді м?нерлеп о?ып беру.
  3. О?ушылар?а о?ыту.2 топ 2 шума?тан о?ып,талдайды.
                                                    АНА

М?пелейсі? мені,анам,                                      Сен жалы?пай жетектеп,

?олында?ы ??сындай.                                        Мен жатты?а жетермін.

??лпыра ?сіп дем алам,                                     Айт?аны?ды екі етпей,

??ша?ында ?ысылмай.                                       А? с?тінді ?термін.

?міті?дей к?зіме,                                                 Біліп т?рсы?, жан анам,

К?п ?арайсы? ??іліп.                                           Міндеті  ?лкен бота?ны?

Еркелеген с?зімде                                               К?тері сол баладан

Ерте?і?із т?р к?ліп                                               Ана менен Отанны?

                     Кластермен ж?мыс : Ана дегеніміз кім ?

?осымша  :  Ана –

Т?рбиеші

?рпа? жал?астырушы

Абзал жан

?ам?оршы

Отбасы берекесі

?йді? иесі

Асыраушы   т.б

                                        Ана деген кім? Те?еу

 - ?азір 1 шума?тан аналарымыз?а арнап ?ле? шы?арамыз немесе мына ?ле? жолын ая?таймыз.
---- барамыз,
---- саламыз.
---- сыйлаймыз,
---- ты?даймыз.
(о?ушыларды? ж?мысын талдау)
ІV. Саба?ты ?орытындылау.
- Міне, балалар, жа?а ?здері? де аналары?а ?ле? арнады?дар. Сол сия?ты к?птеген а?а-апаларымыз, аталарымыз ?здеріні? аналарына арнап ?ле?дер жаз?ан.Ендеше біз анамыз?а арнап  тілек айтса?.

V.Бекіту.

VI.Ба?алау.  О?ушыларды ба?алау
VII.?йге тапсырма.

«Ана» ?ле?ді жаттау.

Автор туралы ма?л?мат.

Та?па? ??рау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?али Орманов .Ана.Ашы? саба?.»

Сабақтың тақырыбы: Ғали Орманов "Ана"

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен таныстыру.Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. 2. Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.

 3.Тәрбиелік:  Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. ана еңбегін қадірлей білу, баланың ана алдындағы парызын өтеуге, түсінуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақалдар.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру .- Балалар бүгінгі сабағымыз сәттілікпен өтсін деген ниетпен бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Тілектер айтылады.

Топ басшысын сайлау. Топ басшысы бағалау жүгізеді.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ақ шаш» мәтіні бойынша  үйден шығарма жазып келу,талдау.
«Авторлық орындық»

III. Жаңа сабақ.

-Балалар,казір мен сендерге музыкалық әуен қоямын.Сендер көздеріңді жұмыңдар. Бұл әуенде кім туралы,не туралы айтылады?


Сабақтың максатын хабарлау.
- Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызда ана туралы, яғни Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.
Дәптерімізді ашамыз,
Салақтықтан қашамыз
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жадын, тақырыпты жаздыру)

  Оқулықпен жұмыс :

  2. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
3. Оқушыларға оқыту.2 топ 2 шумақтан оқып,талдайды.
                                                    АНА

Мәпелейсің мені ,анам,                                      Сен жалықпай жетектеп,

Қолындағы құсындай.                                        Мен жаттыға жетермін.

Құлпыра өсіп дем алам,                                     Айтқаныңды екі етпей,

Құшағында қысылмай.                                       Ақ сүтінді өтермін.

 

Үмітіңдей көзіме,                                                Біліп тұрсың , жан анам,

Көп қарайсың үңіліп.                                          Міндеті  үлкен ботаңның

Еркелеген сөзімде                                               Күтері сол баладан

Ертеңіңіз тұр күліп                                       Ана менен Отанның




Кластермен жұмыс : Ана дегеніміз кім ?


Қосымша : Ана –

Тәрбиеші

Ұрпақ жалғастырушы

Абзал жан

Қамқоршы

Отбасы берекесі

Үйдің иесі

Асыраушы т.б


Ана деген кім? Теңеу







 - Қазір 1 шумақтан аналарымызға арнап өлең шығарамыз немесе мына өлең жолын аяқтаймыз.
-------------------- барамыз,
-------------------- саламыз.
-------------------- сыйлаймыз,
-------------------- тыңдаймыз.
(оқушылардың жұмысын талдау)
ІV. Сабақты қорытындылау.
- Міне, балалар, жаңа өздерің де аналарыңа өлең арнадыңдар. Сол сияқты көптеген аға-апаларымыз, аталарымыз өздерінің аналарына арнап өлеңдер жазған.Ендеше біз анамызға арнап тілек айтсақ.

V.Бекіту.

VI.Бағалау.  Оқушыларды бағалау
VII.Үйге тапсырма.

«Ана» өлеңді жаттау.

Автор туралы мағлұмат .

Тақпақ құрау.

































Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы жыл, соңғы жылдарында келген, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі-Ғали Орманов. Ғали Орманов 1907жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады. 1920 жылы Талдықорғандағы, кейін Алматыдағы Абай атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алады.

1923-28 жылдары Алматыдағы Қазақтың халық ағарту институтында оқиды. Институтта оқып жүргенде Ғали қазақ, орыс әдебиеттерінің үлгілерімен танысады. 1925 жылдан бастап оқушылардың қабырға газетіне, 1927-28 жылдары өлкелік газетте өлеңдер жазады. Осы жылдары «Тілші» газетінде «Ешкіөлмсс», «Қора», «Оқушыларға», «Диханбайға» сияқты өлеңдері басылады. Осы өлеңдерінде Ғали ақындық талантын біршама танытып үлгереді.

1929-30 жылдары Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеп жүрген кезінде оның өлеңдері «Еңбекші қазақ» газеті мен «Әйел теңдігі» журналында жиі жарияланып, көп ұзамай-ақ республикадағы белгілі ақындардың санатына кіреді.

1930 жылы май айында Түркістан-Сібір темір жолы салынып бітті. Бұл бүкіл Кеңес елі, соның ішінде қазақ елінің тарихындағы ірі табыс болатын. Осы ұлы мерекеге шашу ретінде Ғали ақын «Шеңбер» атты ұзақ өлеңін жазды.

Абай атындағы педагогика институтын бітірген соң, ол біраз жыл мұғалім болып істейді. Одан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында журналистік қызмет атқарады. 1939 жылдан 1945 жылға дейін ақын Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары «Майдан» деген альманахтың редакторы,кейін«Әдебиет және искусства» журналының жауапты редакторы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқара жүріп, шығармашылық саласында өнімді еңбек етті.

1934 жылы Ғалидың екі кітабы «Шеңбер» деген атпен 1927-1933 жылдар арасында жазған өлеңдерінің жинағы, «Шәуілдір» поэмасы басылды.1935 жылы «Көтерме» деген атпен әңгімелер мен очерктерінің жинағы жарық көрді.1936 жылы «Абысын сыры» жинағы, Мопасаннан аударған қысқа әңгімелерінің жинағы басылып шықты.

1943-44 жылдары Ғали Орманов мәдениет пен өнер қызметкерлері тобында майданға барып қайтады.Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін 1941 жылы «Халық қаһарман», 1944 жылы «Емен» атты өлеңдер мен

поэмалар жинағы түрінде ұсынады. «Өмір дастаны» (1948), «Бөбек жүрегі» (1949) атты жинағымен қатар ақынның шұрайлы өлеңдері оның 1950,1957, 1976, 1982-84 жылдары шыққан «Таңдамалы шығармалар» жинақтарына енді.

Ғали Орманов-үздіксіз жазып, өнімді еңбек еткен ақын. Оның таңдамалы шығармалары қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орынға ие.







«КАКЕН АХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП» КММ

Ашық сабақ









Ғали Орманов

Ана



Өткізген :

3– сынып жетекшісі Онгарбаева З К

2015- 2016 оқу жылы







-------------------- барамыз,
-------------------- саламыз.
-------------------- сыйлаймыз,
-------------------- тыңдаймыз.






-------------------- барамыз,
-------------------- саламыз.
-------------------- сыйлаймыз,
-------------------- тыңдаймыз.






-------------------- барамыз,
-------------------- саламыз.
-------------------- сыйлаймыз,
-------------------- тыңдаймыз.




































































































Жәнібек Бердәулетұлы - батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңеді.. Қаракерей ҚабанбайҚанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатысады. Жәнібек батыр- сөзге шешен, жауға шапқан батырлығымен ұранға айналған "Ер Жәнібек"80 жасында қайтыс болады. Ол Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды,өйткені әкесі ерте қайтыс болды 18 жасында жауға қарсы шайқасқа шығады. Ол ел алдында батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Аты шыққан әйгілі батыр Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен.

Батырдың зираты Қазіргі Шығыс Қазақстан облысыЖарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған.

















Мәншүк Мәметова


Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.

Мәншүк ата-анасынан ерте айырылған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық халық институтында оқып жүрді.

Ол өз еркімен сұранып майданға аттанады.

1942 жылы ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк соғыс кезінде көп ерлік жасады.Мәншүк пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Мәншүк атында көшелер бар. Мәншүктің ерлігі туралы көркем фильм түсірілді.

Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.





Қайыр хан Отырар қаласының билеушісі болған. Шыңғыс ханның замандасы екен. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.

 Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, Екі ел арасында соғыс басталды..  Шыңғыс хан  қаланы қоршауға алды Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Моңғолдар қаланы басып алды.і. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырхан сенімді әскерлерімен қамалға бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 ж. ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтірілді.





Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі —Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

Шайқас кезінде ақбоз атпен жеке жауға шапқаны үшін

  • Жекпе жекте қырғыз батырымен ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды.





«Манас» жыры Орта Азия мен Қазақстан халықтарының аса бай эпостык мұра. Тарихи мол дерегі бар жыр. Қырғыз халқы өмірі, тіршілігі туралы зерттеген кең көлемді тақырып. «Манас» жырын тұңғыш зерттеуші, оны әлемге таныстырушы халқымыздың данышпан перзенті Шоқан Уәлиханов болғанын мақтаныш етеміз. «Манас» жырын озық ойшыл Мұхтар Әуезов та зерттеген. «Манас» жыры н.



Сөз болып отырған кітап «Манас» жырын жазып алу тарихынан» «Жырдың мазмұны, сюжет құрылысы», «Жырдағы ерлік бейнелер, кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы» деген төрт тараудан тұрады. Кітап сонында «Көкетай ханның ертегісі» (факсимиле) берілген. Аталған тараулардың қай-қайсысында да оқушы ойын байытарлық сан тарап деректер, салыстырулар, білікті болжамдар мол. Тек әдебиетші немесе тарихшы көзімен қарап қоймай, автор қоғамдық ғылымның түрлі саласын меңгерген әмбебап (универсальды) оқымысты биігінен шолып, екінің бірінің ойы да, бойы да жете бермейтін тереңдерге барады. «Манасты» тікелей зерттей отырып, Орта Азия халықтарының тарихына ортақ қанша құбылыстар заңдылығын ашады.

Ең алдымен, Ә.Марғұланның қазақ ғылымының өткендегі жарық жұлдыздарының бірі - Шоқан Уәлихановтың ғылыми, әдеби мұрасын жинап, жариялаудағы ұланасыр қызметін ерекше атап өту шарт. Ш.Уәлихановтың сан архивте шашылып жатқан, жоғалдыға саналып келген қолжазбаларын тірнектеп тауып, оларды бүгінгі жұртшылыққа ұсынуы -ғалымдык,   азаматтық   ерлік.   Міне,   сол   Шоқан   мұрасын жыддар бойы сарыла ізденудің және бір күрделі нәтижесі -«Көкетай ханның ертегісі» табылуы. Шоқан архивінен табылған «Көкетай ханның ертегісі» қашан және қандай жағдайда, кімнен жазып алынғанын анықтауға ғалым көп уақыт сарп еткені сезіледі. Қырғыз манасшыларының айтуында жырдың түрлі айырмашылықтары бар екенін ескерген автор Шоқан жазып алған нұсқа дәл кімнен келгенін тексеруді үлкен ғылыми міндет етіп қойған. Автор Шоқанның қырғыз әдебиеті мен тарихына байланысты жазған материалдарын: аңыздар, шежірелер, жырлар деп негізгі үш топқа бөліп қарайды; осылардың әрқайсысына қатысты қыруар қызғылықты мысаддар келтіріп, байтақ білімін байқатады. «Манас» жырының тұтас тұлғасын таныған Ш.Уәлиановтың «Көкетай ханның ертегісін» ғана жазып алу себебін аса дәлелді, ғибратты етіп кемел әңгімелейді. Ә.Марғұланның пайымдауынша, «Көкетай ханның ертегісі» -қырғыз тарихы мен тұрмысының бұрынғысынан бейқисап дерек беретін аса көркем жыр. Шоқанның жыр кестесін неғұрлым анық та табиғи қалпында жазып алуын автор кемел тарихи іс деп бағалайды. Бұл бағаның әділдігіне кітаптың келесі тарауларында көз жетеді. «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің одан кейінгі жазулардан көп ерекшелігін де Ә.Марғұлан қапысыз дәлелдеген. Дәл Шоқан жазған «Көкетай ханның ертегісін» кейінірек В.В.Радлов та хатқа түсіргені белгілі. Бірақ бұл екі нұсқаның алғашқысы анағұрлым бай да, көркем де екенін автор өте үйлесімді түсіндіреді. Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісін» Ш.Уәлиханов та, В.В.Радлов та бір жыршыдан жазып алғанын анықтаған. «Мазмұн жағынан екі жырдың арасында көп өзгешелік жоқ. Айырмашылық тек қана жыршының қандай шабытпен айтуынан, жазып алушының қолданған әдісімен ғана аңғарылады. В.В.Радлов жазуында кейбір әдемі суреттермен бірге, жырдың ағымы жүйелі түрде суреттелмей, кейде үзіліп, кейде кібіртіктеніп отырады. Шоқанның жазуындағы аңқып тұрған хош иісті көркем бейнелер мұнда сараң кездеседі. Тегінде Шоқанға ашқан кеудесін жыршы аяулы ғалымға кең ашпаған, қулыққа салып, «Көкетай» жырының көп жерін қалдырып айтқан, оның ішінде Көкетайдың өсиет сөзі бүтіндей жоқ; көш жолы, ас беру, асқа шақыру, ат сынау суреттері Шоқанның жазуындағыдай шалқыта айтылмай, қысқа-қысқа кібіртік түрде жазылған. Бұлай болудың себебі: жыршы В.В.Радловты «ақ патшаның ұлығы» деп түсініп, оған басқа сезіммен қараған. Жырдың тарихи құрылысын өзгерте айтып, оның көп жерін «ақ патшаны» мақтауға арнаған, оның бас алыбы -Манасты «ақ патшаның қарауындағы батыр» деп суреттеген. Мұның бәрі, әрине, «ақ патша ұлығына» жағынып, оның көңілін алдап, тағы да сый-сияпат көрсем деген оймен істелген. Сондықтан В.В.Радловтың жазуында жырдың тарихи заманнан қалыптасқан түріне қайшы келетін... бұрмалап айтқан, бояма сөздер жиі кездесіп отырады» (23 б.). Терең тексеруден туған осы анықтаманың өзі аталған еңбектің салдарлы ізденулер нәтижесінде туғанын аңғарта түседі. Біз Шоқан жазып алған нұсқаның айрықша қымбаты неде екеніне монография бойында талай рет көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын «Манасты» айтушылар жырдың кестесіне елеулі өзгерістер енгізіп, байырғы қалпынан коп алыстатып әкеткен көрінеді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін автор тағы да коп мысалдар келтіреді. Жырдың өзгермеген түпнұсқасы және оның ғылым үшін пайдасы деген қағиданы Ә.Марғұлан кітаптың келесі тарауларында жіліктеп шешеді.

Монографияның алғашқы тарауында автор «Манас» жырының ғасыр бойында зерттелу жайын шолады; бұл саладағы белгілі еңбектердің сипатын ашады, ерекшелігін ескертеді. Шоқан қолжазбасының табылуы «Манастың» шығу тарихын, қай заман туыңдысы екенін, қандай ақиқатты озіне арқау еткенін анықтауға теңдесі жоқ беделді негіз болатынын тағы да тұжырымдай келіп, жұртшылық назарын ескі «түркі» жазуының ғылым үшін, тарихты тану үшін айрықша қадірлі екеніне аударады. «Манас» жырын Шоқан ғасырлар бойы Орта Азия мен Қазақстан жерінде қолданылған, «түрік» деп аталатын, дәстүрлі араб емлесімен жазған. Мың жылдық тарихы бар, көп ғасырлар ішінде қалыптаскан бұл жазудың тарихи дәуірлерде болған саяси, мәдени тіршіліктегі маңызы зор болатын. Оныншы ғасырдан бастап, соңғы дәуірге дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда, Орал, Еділ бойыңда жасаған саңлақ, көзі ашық адамдардың барлығы өзінің ойларын қағаз бетіне осы жазумен ғана түсірген. Шағатай ақындарының өлеңдері, атақты Бабырдың, Қадырғали Жалаиридің, Әбілғазының тарихи жазулары. Бұхар жыраудың, Абайдың өлеңдері, Сырым Датовтың нақылдары осы жазу арқылы бізге жетті. Бұл жазумен сақталған тарих, шежіре, әдебиет, тіл мұралары аз емес. Оның мысалына «Қорқыт» әңгімесін, «Оғызнаме», «Мұхаббатнаме», «Шайбанинаме», «Шыңғыс-наме», «Абушка», «Саңлақ» тағы басқа қолжазбаларды келтіруге болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғайлар айтатын XII-XVI ғасырдағы ерлік, махаббат жырларының көбі осы жазумен сақталып келеді. Олардың ішіңде «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Едіге», «Ер Сайын», «Ер Тарғын» тағы баскалар бар. Олардың ертеректе жазылған нұскалары қолжазба турінде осы күнге дейін дүние жузінің атақты кітапханаларында сақталып келеді. Олармен қатар ХУІ-ХГХ ғасырдағы қазақ халқының Орта Азия, Россия, Қытай мемлекеттерімен елшілік, жұртаралық қатынастары да бір ғана осы жазумен жүргізілген. Шоқан жазып алған «Манас» жыры соңдай тарихи жазулардың бірі» (31-32 беттер)... Ардақты ғалым жинақтап, көсілтіп айтқан бұл ойлары арқылы революциядан бұрын халкымыз пайдаланып келген араб жазуын үйренудің қажеттігіне, бұл мәселеге лайықты мән беру парызымыз екеніне көз жеткізеді.

«Шоқан және Манас» атты кітаптың әр тарауында үлкен ғылыми қорытындылар мен танытқыштық мәні зор пайымдаулардың көптігі сонша - оларды мақала көлемінде түгел келтіру мумкін емес. Сондықтан ғылым үшін жаңа сөз, соны тұжырым болып табылатын бірнеше мәселеге ғана кідіріп өту ләзім.

Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісі» жырының мазмұнын талдай келіп, қырғыз халқының тарихына байланысты өте маңызды байқаулар айтады. Бұл жерде баяндалатын ел басшысы Көкетайдың қартайып өлер шағында елімен қоштасуы; Көкетай өлген соң билік үшін таластар, халықтың дана жолбасшы іздеуі, ас беруге даярлық ресімдері; Алатаудан Алтай, Қантайға дейінгі көш жолының суреттері; Енесей бойында «Түпкі ханға» барып, Көкетайға ас берудің түрлі көріністері, мал сойыс, ойын, ат шабыс, мереке салтанаты - бәрі де халық өмірінің аса қызғылықты тұстарын мәдениет ұғым-наным, әдет-ғұрып, дәрежесін бейнелейтін куәліктер ретінде қаралады. Автор «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің екі түрлі айрықша белгісін бөліп көрсетеді. Соның бірі - еддің бір замандағы патриархалдық салт-санасының қоспасыз, «таза» қалпында көрінуі; екіншісі -халықтың көне дәуірдегі тіл ерекшелігінің алғашқы көркімен сақталуы. Автор Шоқан жазып алған «Көкетай ханның ертегісі» «Манас» жырының бір бөлегі ғана болғанымен, эпопеяның бас идеясы бұдан анық аңғарылатынын ескертеді. Ол - сыртқы жаулар, ішкі алауыздықтар қырсығын жоюға едді бастай алатын ерді аңсау, халық бірлігі мен тәуелсіздігін жоғалтпау идеясы. Көкетайдың асына байланысты көл-көсір салтанат бір жағынан халықтың сол дәуірдегі дарқан мінезін, ерлікке толы тарихын көрсетсе, екінші жағынан қырғыз қауымының ішкі қайшылықтарын да сездіреді.

Жырдың әуелгі нұсқасы сақталуы деген қандай ғажайып нәрсе екенін Ә.Марғұлан бізге көп керемет жаңалықтар тауып ұқтырады. «...Тарих-география көзімен қарағанда жырдағы ең маңызды суреттің бірі - ерте замандағы көш жолы, оның ішінде қырғыз халқының Алатаудан Алтай, Саян тауларына көшіп бара жатқандағы жойқын көш суреті. Көш Ыссық көл жағасынан - Қозы басынан (Қопа) шығып, ең соңында Кем-кемжік (Енесей) өлкесіндегі Түпкі ханға барып тоқтайды. Ол жерге барған соң Көкетайға ас беру жабдығына кіріседі. Сөйтіп көштің жолы кейбір жазушылардың түсінуі сияқты

Шығыс Түркістаннан батысқа қарай емес, Ыссық көлден Оңтустік Сібірге, Алтай, Саян тауларына карай бағытталған. Оны жырда кездесетін көш жолының суреттері мен ондаған жер аттары айқын сипаттайды. Оның үстіне мұндағы жер аттары тарихи заманнан бүгінге дейін қолданылып келе жатқан географиялық атаулар екенін көрсетеді» (43 б.) дейді автор. Қырғыздар ерте заманда Енисей мен Алатаудың арасында көшіп-қонып жүрген үлкен айбарлы ел болғандығы «Манас» жыры арқылы осылай дәлелденеді. Көп білімділер талай рет қайталап айтқан кағида - эпос, ауыз әдебиеті, белгілі дәрежеде, халықтың тарихынан да хабардар ететіндігі бұл мысалмен де құптау тапқандай. Ә.Марғұлан келтірген фактілердің әр тобы жеке-жеке зерттеулерге тақырып болғандай. Мәселен, Көкетай ханның асына, сонау алыстағы Енесей өзенінің бойына шақырылған елдің аумағы мен құрамына көз жіберсек, Түрік Қағанаты кезіндегі бірлестіктер еске түседі. Батыс Қазақстаннан бастап, Үргеніш, Самархан, Бұхара, Сыр бойы, Орталық Қазақстан, Жетісу, Ертіс, Алтай өлкелері халықтарының асқа шақырылуы да кездейсоқ болмаса керек. Ел басына түскен ірі оқиғалар кезінде тек бір-бірімен тығыз байланысты, мүдделес, мұраттас жұрттар ғана бас қоспақ, бірлесе мәміле таппақ. Сөйтіп, Көкетай ханның асы тарихтың шаңы басқан көп сырды жаңғырта баяндай алады екен.

Монографияда «Манас» жырының қаһармандары, олардың тарихи негізі туралы да өте мәнді, ғибратты әңгіме қозғалған. Автор бас қаһарман - Манастың өмірбаяны мен ерлік суреттеріне талдау бере отырып, жалпы түркі халықтарының эпосындағы ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Манастың туысына, тәлім-тәрбиесіне, ел бастауына қатысты деректердің бәрі де түркі халықтарының, соньщ ішінде кырғыз халқының қадім ғасырлардағы шындығына сәйкес келетінін дәледдейді. Бір тамаша жері - автор «Манастың» түпкі нұсқасына кейінгі заманда қосылған түрлі қаттамаларды білгір ажыратады.

«Манас» жырындағы қаһармандардың біразы (Ер Төстік, Ер Қосай, Ер Көкше, Ер Едіге т.б.) қазақ эпосында кездесетінін ескерте келіп, автор бұндай құбылыстың терен сырын ұғындыратын қызғылықты мағлұматтар келтіреді. Ғалым жекелеген адам аттарындағы ұқсастықтарды ғана емес, тұтас-тұтас қазақ руларының сол замандағы бірлестік құрамында жүргенін нұсқайды. «...жалпы ай































Әәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәә



Орта Азия мен Қазақстан халықтарының аса бай эпостык мұраларының ішінде өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи мол дерегімен де ерекше тұлғаланып тұратын жырдың бірі - «Манас». Қырғыз халқы өмірінің көп ғасырлар бойындағы елеулі оқиғаларының көркемдік шежіресі, «дәуірлер ақиқатының жаңғырығы тәрізді мұғал эпопея «Манастың» бүтін бітімін де, жеке бөлшектерін де сөз ету, зерттеу таразысына салу ғалымдар үшін аса қастерлі тақырыптың бірі болып келеді. Әрбір үлкен эпикалық туынды секілді «Манасты» зерттеу де жеке өзіндік мақсат болып табылмайды; бұл ұланғайыр көркем ескерткіштің қасиетін жан-жақты ашу тарихтың да, мәдениеттің де алуан мәселелерін тануға комектеседі, бұрынғы өткен бұлдыр заманның бұл кезге дейін көмескі жатқан сырларын ашуға септеседі. «Манас» сынды әлемдік даңққа ие болған бірегей туындыны тексеру ғылымның көп саласын қамтитын білімпаздардың бірлесе күш қосуын да қажет етеді. Бұл эпопея әдебиетшіні де, тілшіні де, этнографты да, тарихшыны да, экономисті де, құқықшыны да (юристі) бірдей қызықтырып жүргені де осыдан болса керек.

«Манасты» тануға, зерттеуге қазақ ғалымдарының ат салысуы мейлінше табиғи құбылыс. Сан ғасырлар бойында аралас-құралас өмір сүрген, тілі де, мәдениеті де бір-біріне өте жақын қазақ пен қырғыз халықтарының өзара айырып болмастай етене туыстығы әмбеге аян. Ұзын тарихтың ұрымтал тұстарында бұл елдердің тағдыры қарайлас, мақсаты орайлас келмеген кезін табу қиын. Революциядан бұрынғы ресми жазуларда қазақты да, қырғызды да «қырғыз» деп атаған патша әкімдерінің жаңылысуы да осындай өте күрделі ортақ нышандардың көптігіне байланысты болса керек...

Қырғыз ауыз әдебиетінің Алатаудай биік жәдігерін тұңғыш зерттеуші, оны әлемдік көлемде таныстырушы халқымыздың данышпан перзенті Шоқан Уәлиханов болғанын заңды мақтаныш етеміз. Өзге көп қымбат шығармаларын қоспағанда Ш.Уәлихановтың «Манас» дастанын тұңғыш жазып алып, европа жұртшылығына таныстыруы, терең талдаулар жасауы, парасатты бағалар беруі, «Манасқа» берген сипаттамасы күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ... Совет заманында «Манасты» түбірлі, тиянақты зерттеушінің бірі - ұлы суреткер һәм озық ойшыл Мұхтар Әуезов болды. Ғылымдағы түрлі асыра сілтеушілердің кесірінен «Манастың» басына қилы-қилы кінәраттар тағылып құбыжық саналған кездерде М.Әуезов өзінің биік беделімен, көсем пікірлерімен эпопеяны жат жаладан арашалап қалуға таудай тірек болғанын тарих ұмытпайды. Біз қазақтың екі кемеңгері екі дәуірде «Манастың» ең жетік білгірі де, дуалы ауыз насихатшысы да болып, мәңгілік мәнін жоймас еңбек қалдырғанын әрдайым есте сақтаймыз.

«Манас» жырының ғажайып құпиясын ашып, ғылыми қауым игілігі ету жөнінде Шоқаннан басталып, Мұхтар еңбегі арқылы жалғаса түскен тамаша дәстүр ізі суымаған екен. Оның жарқын да жанды куәлігін телегей теңіз білім иесі -тарихшы, этнограф, археолог, әдебиетші академик Әлкей Марғұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясынан көреміз. Ғылымның бірнеше саласы бойынша жарияланып жүрген әрбір зерттеу мақаласында талай тың тұжырым, сирек деректер тұнып тұратын энциклопедист ғалымның бұл еңбегі тарих пен әдебиетті сүйетін жамағатқа қымбат тарту болады. «Шоқан және Манас» бүкіл советтік фольклористика ғылымына өз жаңалығымен, қайталанбас сом бітімімен қосылатын үлес екендігіне күмән жоқ. Кітаптың әр тарауы ғана емес, әрбір беті бағалы мағлұматтарға толы. Еңбекті ұқыпты оқыған кісі ғылыми ізденіс дегеннің, фактыларды қадірлей білудің, өзгелердің шығармаларына ілтипат жасаудың, қажет жерінде сын көзімен қарай білудің бір ғана емес, бірнеше ғылымның тұтас жетістік деңгейін есепке ала отырып пікір түюдің, кесек қорытындылар жасаудың үлгісін көреді. Әрбір маман ғылымның жеке бір тарауын ғана куалап жүрген қазіргі дәуірде әлденеше пәннің басын қосып, белгілі, белес ойлар айту бақыты тиген осынау ғұламаның каһарман қайраткерлігіне таңданбасқа болмайды.

Сөз болып отырған кітап «Манас» жырын жазып алу тарихынан» «Жырдың мазмұны, сюжет құрылысы», «Жырдағы ерлік бейнелер, кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы» деген төрт тараудан тұрады. Кітап сонында «Көкетай ханның ертегісі» (факсимиле) берілген. Аталған тараулардың қай-қайсысында да оқушы ойын байытарлық сан тарап деректер, салыстырулар, білікті болжамдар мол. Тек әдебиетші немесе тарихшы көзімен қарап қоймай, автор қоғамдық ғылымның түрлі саласын меңгерген әмбебап (универсальды) оқымысты биігінен шолып, екінің бірінің ойы да, бойы да жете бермейтін тереңдерге барады. «Манасты» тікелей зерттей отырып, Орта Азия халықтарының тарихына ортақ қанша құбылыстар заңдылығын ашады.

Ең алдымен, Ә.Марғұланның қазақ ғылымының өткендегі жарық жұлдыздарының бірі - Шоқан Уәлихановтың ғылыми, әдеби мұрасын жинап, жариялаудағы ұланасыр қызметін ерекше атап өту шарт. Ш.Уәлихановтың сан архивте шашылып жатқан, жоғалдыға саналып келген қолжазбаларын тірнектеп тауып, оларды бүгінгі жұртшылыққа ұсынуы -ғалымдык,   азаматтық   ерлік.   Міне,   сол   Шоқан   мұрасын жыддар бойы сарыла ізденудің және бір күрделі нәтижесі -«Көкетай ханның ертегісі» табылуы. Шоқан архивінен табылған «Көкетай ханның ертегісі» қашан және қандай жағдайда, кімнен жазып алынғанын анықтауға ғалым көп уақыт сарп еткені сезіледі. Қырғыз манасшыларының айтуында жырдың түрлі айырмашылықтары бар екенін ескерген автор Шоқан жазып алған нұсқа дәл кімнен келгенін тексеруді үлкен ғылыми міндет етіп қойған. Автор Шоқанның қырғыз әдебиеті мен тарихына байланысты жазған материалдарын: аңыздар, шежірелер, жырлар деп негізгі үш топқа бөліп қарайды; осылардың әрқайсысына қатысты қыруар қызғылықты мысаддар келтіріп, байтақ білімін байқатады. «Манас» жырының тұтас тұлғасын таныған Ш.Уәлиановтың «Көкетай ханның ертегісін» ғана жазып алу себебін аса дәлелді, ғибратты етіп кемел әңгімелейді. Ә.Марғұланның пайымдауынша, «Көкетай ханның ертегісі» -қырғыз тарихы мен тұрмысының бұрынғысынан бейқисап дерек беретін аса көркем жыр. Шоқанның жыр кестесін неғұрлым анық та табиғи қалпында жазып алуын автор кемел тарихи іс деп бағалайды. Бұл бағаның әділдігіне кітаптың келесі тарауларында көз жетеді. «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің одан кейінгі жазулардан көп ерекшелігін де Ә.Марғұлан қапысыз дәлелдеген. Дәл Шоқан жазған «Көкетай ханның ертегісін» кейінірек В.В.Радлов та хатқа түсіргені белгілі. Бірақ бұл екі нұсқаның алғашқысы анағұрлым бай да, көркем де екенін автор өте үйлесімді түсіндіреді. Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісін» Ш.Уәлиханов та, В.В.Радлов та бір жыршыдан жазып алғанын анықтаған. «Мазмұн жағынан екі жырдың арасында көп өзгешелік жоқ. Айырмашылық тек қана жыршының қандай шабытпен айтуынан, жазып алушының қолданған әдісімен ғана аңғарылады. В.В.Радлов жазуында кейбір әдемі суреттермен бірге, жырдың ағымы жүйелі түрде суреттелмей, кейде үзіліп, кейде кібіртіктеніп отырады. Шоқанның жазуындағы аңқып тұрған хош иісті көркем бейнелер мұнда сараң кездеседі. Тегінде Шоқанға ашқан кеудесін жыршы аяулы ғалымға кең ашпаған, қулыққа салып, «Көкетай» жырының көп жерін қалдырып айтқан, оның ішінде Көкетайдың өсиет сөзі бүтіндей жоқ; көш жолы, ас беру, асқа шақыру, ат сынау суреттері Шоқанның жазуындағыдай шалқыта айтылмай, қысқа-қысқа кібіртік түрде жазылған. Бұлай болудың себебі: жыршы В.В.Радловты «ақ патшаның ұлығы» деп түсініп, оған басқа сезіммен қараған. Жырдың тарихи құрылысын өзгерте айтып, оның көп жерін «ақ патшаны» мақтауға арнаған, оның бас алыбы -Манасты «ақ патшаның қарауындағы батыр» деп суреттеген. Мұның бәрі, әрине, «ақ патша ұлығына» жағынып, оның көңілін алдап, тағы да сый-сияпат көрсем деген оймен істелген. Сондықтан В.В.Радловтың жазуында жырдың тарихи заманнан қалыптасқан түріне қайшы келетін... бұрмалап айтқан, бояма сөздер жиі кездесіп отырады» (23 б.). Терең тексеруден туған осы анықтаманың өзі аталған еңбектің салдарлы ізденулер нәтижесінде туғанын аңғарта түседі. Біз Шоқан жазып алған нұсқаның айрықша қымбаты неде екеніне монография бойында талай рет көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын «Манасты» айтушылар жырдың кестесіне елеулі өзгерістер енгізіп, байырғы қалпынан коп алыстатып әкеткен көрінеді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін автор тағы да коп мысалдар келтіреді. Жырдың өзгермеген түпнұсқасы және оның ғылым үшін пайдасы деген қағиданы Ә.Марғұлан кітаптың келесі тарауларында жіліктеп шешеді.

Монографияның алғашқы тарауында автор «Манас» жырының ғасыр бойында зерттелу жайын шолады; бұл саладағы белгілі еңбектердің сипатын ашады, ерекшелігін ескертеді. Шоқан қолжазбасының табылуы «Манастың» шығу тарихын, қай заман туыңдысы екенін, қандай ақиқатты озіне арқау еткенін анықтауға теңдесі жоқ беделді негіз болатынын тағы да тұжырымдай келіп, жұртшылық назарын ескі «түркі» жазуының ғылым үшін, тарихты тану үшін айрықша қадірлі екеніне аударады. «Манас» жырын Шоқан ғасырлар бойы Орта Азия мен Қазақстан жерінде қолданылған, «түрік» деп аталатын, дәстүрлі араб емлесімен жазған. Мың жылдық тарихы бар, көп ғасырлар ішінде қалыптаскан бұл жазудың тарихи дәуірлерде болған саяси, мәдени тіршіліктегі маңызы зор болатын. Оныншы ғасырдан бастап, соңғы дәуірге дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда, Орал, Еділ бойыңда жасаған саңлақ, көзі ашық адамдардың барлығы өзінің ойларын қағаз бетіне осы жазумен ғана түсірген. Шағатай ақындарының өлеңдері, атақты Бабырдың, Қадырғали Жалаиридің, Әбілғазының тарихи жазулары. Бұхар жыраудың, Абайдың өлеңдері, Сырым Датовтың нақылдары осы жазу арқылы бізге жетті. Бұл жазумен сақталған тарих, шежіре, әдебиет, тіл мұралары аз емес. Оның мысалына «Қорқыт» әңгімесін, «Оғызнаме», «Мұхаббатнаме», «Шайбанинаме», «Шыңғыс-наме», «Абушка», «Саңлақ» тағы басқа қолжазбаларды келтіруге болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғайлар айтатын XII-XVI ғасырдағы ерлік, махаббат жырларының көбі осы жазумен сақталып келеді. Олардың ішіңде «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Едіге», «Ер Сайын», «Ер Тарғын» тағы баскалар бар. Олардың ертеректе жазылған нұскалары қолжазба турінде осы күнге дейін дүние жузінің атақты кітапханаларында сақталып келеді. Олармен қатар ХУІ-ХГХ ғасырдағы қазақ халқының Орта Азия, Россия, Қытай мемлекеттерімен елшілік, жұртаралық қатынастары да бір ғана осы жазумен жүргізілген. Шоқан жазып алған «Манас» жыры соңдай тарихи жазулардың бірі» (31-32 беттер)... Ардақты ғалым жинақтап, көсілтіп айтқан бұл ойлары арқылы революциядан бұрын халкымыз пайдаланып келген араб жазуын үйренудің қажеттігіне, бұл мәселеге лайықты мән беру парызымыз екеніне көз жеткізеді.

«Шоқан және Манас» атты кітаптың әр тарауында үлкен ғылыми қорытындылар мен танытқыштық мәні зор пайымдаулардың көптігі сонша - оларды мақала көлемінде түгел келтіру мумкін емес. Сондықтан ғылым үшін жаңа сөз, соны тұжырым болып табылатын бірнеше мәселеге ғана кідіріп өту ләзім.

Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісі» жырының мазмұнын талдай келіп, қырғыз халқының тарихына байланысты өте маңызды байқаулар айтады. Бұл жерде баяндалатын ел басшысы Көкетайдың қартайып өлер шағында елімен қоштасуы; Көкетай өлген соң билік үшін таластар, халықтың дана жолбасшы іздеуі, ас беруге даярлық ресімдері; Алатаудан Алтай, Қантайға дейінгі көш жолының суреттері; Енесей бойында «Түпкі ханға» барып, Көкетайға ас берудің түрлі көріністері, мал сойыс, ойын, ат шабыс, мереке салтанаты - бәрі де халық өмірінің аса қызғылықты тұстарын мәдениет ұғым-наным, әдет-ғұрып, дәрежесін бейнелейтін куәліктер ретінде қаралады. Автор «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің екі түрлі айрықша белгісін бөліп көрсетеді. Соның бірі - еддің бір замандағы патриархалдық салт-санасының қоспасыз, «таза» қалпында көрінуі; екіншісі -халықтың көне дәуірдегі тіл ерекшелігінің алғашқы көркімен сақталуы. Автор Шоқан жазып алған «Көкетай ханның ертегісі» «Манас» жырының бір бөлегі ғана болғанымен, эпопеяның бас идеясы бұдан анық аңғарылатынын ескертеді. Ол - сыртқы жаулар, ішкі алауыздықтар қырсығын жоюға едді бастай алатын ерді аңсау, халық бірлігі мен тәуелсіздігін жоғалтпау идеясы. Көкетайдың асына байланысты көл-көсір салтанат бір жағынан халықтың сол дәуірдегі дарқан мінезін, ерлікке толы тарихын көрсетсе, екінші жағынан қырғыз қауымының ішкі қайшылықтарын да сездіреді.

Жырдың әуелгі нұсқасы сақталуы деген қандай ғажайып нәрсе екенін Ә.Марғұлан бізге көп керемет жаңалықтар тауып ұқтырады. «...Тарих-география көзімен қарағанда жырдағы ең маңызды суреттің бірі - ерте замандағы көш жолы, оның ішінде қырғыз халқының Алатаудан Алтай, Саян тауларына көшіп бара жатқандағы жойқын көш суреті. Көш Ыссық көл жағасынан - Қозы басынан (Қопа) шығып, ең соңында Кем-кемжік (Енесей) өлкесіндегі Түпкі ханға барып тоқтайды. Ол жерге барған соң Көкетайға ас беру жабдығына кіріседі. Сөйтіп көштің жолы кейбір жазушылардың түсінуі сияқты

Шығыс Түркістаннан батысқа қарай емес, Ыссық көлден Оңтустік Сібірге, Алтай, Саян тауларына карай бағытталған. Оны жырда кездесетін көш жолының суреттері мен ондаған жер аттары айқын сипаттайды. Оның үстіне мұндағы жер аттары тарихи заманнан бүгінге дейін қолданылып келе жатқан географиялық атаулар екенін көрсетеді» (43 б.) дейді автор. Қырғыздар ерте заманда Енисей мен Алатаудың арасында көшіп-қонып жүрген үлкен айбарлы ел болғандығы «Манас» жыры арқылы осылай дәлелденеді. Көп білімділер талай рет қайталап айтқан кағида - эпос, ауыз әдебиеті, белгілі дәрежеде, халықтың тарихынан да хабардар ететіндігі бұл мысалмен де құптау тапқандай. Ә.Марғұлан келтірген фактілердің әр тобы жеке-жеке зерттеулерге тақырып болғандай. Мәселен, Көкетай ханның асына, сонау алыстағы Енесей өзенінің бойына шақырылған елдің аумағы мен құрамына көз жіберсек, Түрік Қағанаты кезіндегі бірлестіктер еске түседі. Батыс Қазақстаннан бастап, Үргеніш, Самархан, Бұхара, Сыр бойы, Орталық Қазақстан, Жетісу, Ертіс, Алтай өлкелері халықтарының асқа шақырылуы да кездейсоқ болмаса керек. Ел басына түскен ірі оқиғалар кезінде тек бір-бірімен тығыз байланысты, мүдделес, мұраттас жұрттар ғана бас қоспақ, бірлесе мәміле таппақ. Сөйтіп, Көкетай ханның асы тарихтың шаңы басқан көп сырды жаңғырта баяндай алады екен.

Монографияда «Манас» жырының қаһармандары, олардың тарихи негізі туралы да өте мәнді, ғибратты әңгіме қозғалған. Автор бас қаһарман - Манастың өмірбаяны мен ерлік суреттеріне талдау бере отырып, жалпы түркі халықтарының эпосындағы ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Манастың туысына, тәлім-тәрбиесіне, ел бастауына қатысты деректердің бәрі де түркі халықтарының, соньщ ішінде кырғыз халқының қадім ғасырлардағы шындығына сәйкес келетінін дәледдейді. Бір тамаша жері - автор «Манастың» түпкі нұсқасына кейінгі заманда қосылған түрлі қаттамаларды білгір ажыратады.

«Манас» жырындағы қаһармандардың біразы (Ер Төстік, Ер Қосай, Ер Көкше, Ер Едіге т.б.) қазақ эпосында кездесетінін ескерте келіп, автор бұндай құбылыстың терен сырын ұғындыратын қызғылықты мағлұматтар келтіреді. Ғалым жекелеген адам аттарындағы ұқсастықтарды ғана емес, тұтас-тұтас қазақ руларының сол замандағы бірлестік құрамында жүргенін нұсқайды. «...жалпы айтқанда «Манас» жырындағы геройлардың көпшілігі кейін қазақ ұлысына қосылған тайпалардың өкілдері, сол тайпалардың өздері... «Манас» жырының уақиғасына қазақ тайпалары тегіс қатысады десе де болады. Мәселен, ¥лы жүзден - Үйсін. Жалайыр, Қаңлы; Орта жүзден - Арғын, Қыпшақ, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ; Кіші жүзден - Алшын, Тама, Телеу. Керейіт, Шеркеш, Кердері тағы басқалар. Бұлардың барлығы монғол дәуірінен көп бұрын жасаған, тек XV ғасырдан былай қарай қазақ қауымын құра бастаған тайпалар» (81 б.).











Жәнібек Бердәулетұлы (батыр)[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жәнібек Бердәулетұлы

Ер Жәнібек

Туған күні

туған уақыты белгісіз

Туған жері

Сырдария өзенінің бойы

Қайтыс болған күні

1792

Қайтыс болған жері

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысыЖарма ауданы, Ортабұлақ

Мемлекет

 Қазақ хандығы

Әскер түрі

атты әскерлер

Атағы

Батыр, шешен, Абылай ханның ту ұстаған батырларының бірі,Керейлер қолбасшысы

Шайқасы

Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқас

Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) – батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 ж. Ж. абақ керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей ҚабанбайҚанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 ж. Жәнібек батыр абақ керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Жәнібектің әкесі Бердәулет ерте қайтыс болып кеткендіктен, нағашысы қазақтың атақты үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды. «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей ,Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен бастап ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Он сегізге жасы жетіп, күш-қайраты толған кезінде Жәнібек жауға аттанып бара жатқан жасанды қолды көріп, Қазыбектен жорыққа аттануға бата сұрайды. Қазыбек: «Қарағым, өзгеге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Ер азамат қылып өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім. Жасыңа жетпей, жау тілеме» дейді. Бұған риза болмаған Жәнібек: «Он сегізге келгенше , жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, от басын айналдырған көбелектей көргеніңіз бе?» деп наразылық білдіреді. Сонда Қазыбек: «қой, рұқсат бермесем, құса болып өліп кетер, не қолға рұқсатсыз еріп кетер» деп ойлап, «Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің жүйелі болсын!» деп батасын береді. Ұлы атасының ықыласымен берген батасы қабыл болып, Жәнібек жолы киелі қолбасшы, сөзі жүйелі ел басшысы атанады. Жәнібек батырдың өмір жолын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Оның бірі – батырдың жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, сан шайқасты бастан кешірген батырлық, қолбасылық өмірі. Екіншісі – жаудан азат етілген жерге елін бастап барып, орналастыруы, ел бірлігінің бұзылмауы жолында тер төккен басшылық өмірі. Ол халықтың жадында қол бастаған аруақты батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Өзі иелік еткен Абақ Керей елі оның атын ұранға айналдырды.[1][2]

Жәнібек Бердәулетұлы -ХҮІІІ ғасыр. Ол Жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған сияқты қазаққолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Керей тайпасынан. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен.

Мұрасы[өңдеу]

Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 ж. Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты Қазіргі Шығыс Қазақстан облысыЖарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған.[3][4] [5]





Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 — 1943 жж.)

Дүниеге келгені: 1922

Орда ауданы, Орал облысы

Қайтыс болғаны: 1943 қазанның 16-ы

Невель

Мансабы: пулеметші

Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы — 1922, Орал облысы Орда ауданы, — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944).

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.

Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Мәншүк Мәметова – Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты.

Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған.

Невель қаласын корғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметова есімімен аталады. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.





Қайыр хан[1](шамамен 1165 —1220 жылдар) Отырар қаласының билеушісі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласыҚазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан кітапхананың Отырарда болуы да оның есімімен тығыз байланысты. Шыңғыс ханныңзамандасы екен. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.

Қайырхан, Ғайыр хан Иналшық (т. ж. б. – 1220, Отырар) – Отырар қаласының билеушісі. Хорезмшаһтарға қызмет еткен,қыпшақ тайпасынан шыққан. Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы МұхаммедҚарақорымға жедел түрде екі елшілік аттандырды. Ол елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да өз тарапынан Хорезмге елшілік аттандырды. Екі жақты келісімдерден кейін көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адам бар сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келіп жетті. Саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп есептеген Қайырхан керуенді тонап, адамдарын қырып тастады. Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, бірақ Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтірді. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісу арқылы Сырдарияғакеліп жетті. Отырарға таяғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды. Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Қорғаныстың 5-айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб 10 мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жіберді. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырхан сенімді әскерлерімен қамалға берік бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 ж. ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтірілді.





абанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі —Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

  • 1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен ШыңғыстауЕртіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.

  • 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.

  • 1751 ж. ол Сыр бойы, ШымкентСайрамТашкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

  • 1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен ІлеБалқашҚаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-БазарШорғаМаңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.

  • 1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.

  • 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, АлматыСемейӨскеменТалдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш,Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.

  • 1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды.[1]

Мазмұны

  [жасыру

  • 1Өмірбаян

  • 2Жоңғарларға қарсы күресі

  • 3Қытай әскерлеріне қарсы күресі

  • 4Дереккөздер

Өмірбаян

Алматы. Қабанбай батыр көшесі

Қабанбай (Ерасыл) батыр — XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қол-басшы. Мәмбет — Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Ол өзінің қайраттылығымен ғана басқа балалардан өзгеше болған жоқ, сонымен қатар оның арқасындағы қалың, қылдай түктері ерекшелендірді. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады.

Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға — қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады — екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты — Ардакүреңді ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы — әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздық жары — құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішінен.

Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соң, айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл тұрып қалады. Бір күні Зайсан көліжағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! — демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты.

Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде,Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті. — Қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр… Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ!

Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен. — Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен.

Жоңғарларға қарсы күресі

1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады. 1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады. XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиеленіскен шағында Барақ сүлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды. 1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Ӏле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі өскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Ұржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен.

Қытай әскерлеріне қарсы күресі

Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлық- тан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.

1769 жылы жетпістен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында былай деп өз байламын естіртті. — Мен енді көп ұзамаймын. Әрі кетсе бір ай, әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын… Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар! — деп сөзін қысқа қайырды.

Батырдың сырқат екенін естіген Өтеке баласы Қарабек қырғыздың қалың қолын басқарып, Қабанбайды іздеп келе жатқанын жасырмай: — Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды!- деп масайрады ол.

«Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келеді» дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып қолдың саны мыңға жетті. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас «жан алғыш әзірейілің менмін» дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. «Я, алла, өзің медет бере гөр» деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алды да, ауыр сүңгіні құлаштай сақтырды. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі ажал Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалды да, ат үстінен жұлып түсірді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып, төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Марқұмды, өз өсиеті бойынша, Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді. Ұрпақ ауысып, ел жаңарды. Зират басына үйілген обалар мүжіліп, бірте-бірте жұрт жадынан өше бастады. Бабалардың салақтығынан кейінгі ұрпақ ұлы қолбасының нақты қай тұсқа жерленгенін таппай, сарсаңға түсіп сандаларыын ол кездегі адамдар қайдан білсін?![2]

Дереккөздер



Керей хан – қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі, Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы.

ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі тарихи мәліметтерде Керей хан туралы деректер жоқ. ХV ғасырдың 50 жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464 жж.) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған «Көшпелі өзбектер мемлекеті» халықтарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қоластына өтуіне қарсы болмады.

Өзіне қарсы сұлтандардан саси топтың көрші болғаны үшін Әбілқайыр Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. 1468 жылы Әбілқайыр хан кенеттен қайтыс болып жорық тоқтатылады.

Әбілқайыр өлімінен кейін «Көшпелі өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей мен Жәнібектің қоластындағы тайпалар Өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысы күшейе түсті. Соғыс басталып, Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх Хайдар қолбасшылары бағынбағандықтан жеңіліске ұшырады. Шейх Хайдарды жақтайтындардың көпшілігінің көзі жойылып, тірі қалғандары жан-жаққа босып, бытырап кетті. «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібек қолына өтті.

Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш Оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады.

Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта қандай жағдайда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген.

Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.







Отырар -  Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады.

Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді.

Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды.

Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А.Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.

Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында 130 астам ескерткіштер бар.

Отырар ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда, Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Қала жұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән.

Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар  хумдар көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болып келеді. Ол ғажайып ыдыстарда, құмыраларды  астық, жем сақталатын болған. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні - оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Әсіресе Отырар керамикалары  өзінің комозициялық құрылымы жағынан, ою-өрнектерінің күрделігі, ерекшелігі жағынан назар аударады. Қаншама ғасыр өтсе де, табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің  бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік. Кейінгі  қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырарда сәулетті сарай, мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары аршылып алынады.

Отырардағы алғашқы қазбаны археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізді. Олар бірқатар траншеялар салып, материал жинақтады. Кейінгі зерттеулер, тек, ХХ ғасырдың 40-жылдары профессор А.Н.Бернштам басшылығымен жалғасын тапты. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (1971 ж. бастап ҚазКСР ҒА Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы болып аталады) ұйымдастырылып, оны Ақышев К.А. басқарды, ал 1991 жылдан Байпақов К.М. басқарып келеді. 2001 жылы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен «Ежелгі Отырар қала жұртын консервациялау және сақтау» Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаттары: құжаттық база жасау мен консервациялық шаралар болды.

2004-2007 жылдары «Мәдени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары аясында Отырар қалашығының бірқатар ескерткіштерін (XIV ғ. жұма мешіті, XVI ғ. тұрғын үй орамы, XI-XII ғғ. тұрғын жайлары, қабырғалар, орталық қақпа және «Дарваза-и суфи» («Сопы қақпасы»), стратиграфиялық шурф, XIV ғ. моншасы) зерттеу, консервациялау және музейлендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Шұрат ескерткіштері Көк-Мардан, Құйрыктөбе, Жалпақтөбе, Уәсиж қалашықтары, Талтақай және Қоңыр мазараттарына кешенді зерттеу жүргізілді. Отырар шұратын аэрофотоқұжаттау іске асырылды, ең жаңа компьютерлік жетістіктерді пайдалана отырып шұраттың ежелгі ирригациясы зерттелді. 8 мыңнан астам аэросуреттер түсірілді. Шұраттың геоақпараттың негізі жасалды. Бұл - Қазақстан археологиялық ғылымында жасалған ең ақпаратты және ауқымды жүйе.

Отырар шұраты Қазақстан Республикасы археологиясының жауһары. Археологиялық зертттеулерді, консервациялық шараларды жалғастыру, туристік инфрақұрылымды дамыту  шұрат ескерткіштерін Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі.

Ъ







Орбұлақ шайқасы[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Орбұлақ шайқасы

Қазақ-Жоңғар соғысы оқиғалары

Күн-айы

1643

Болған жері

Орбұлақ өзені

Нәтижесі

Жәңгір хан бастаған қазақ әскерлері Батыр қонтайшыны тас-талқан етті



Соғысушы жақтары

Қазақ хандығы

Жоңғар хандығы

Қолбасшылары

Салқам Жәңгір хан
Шапырашты Қарасай
Алатау батыр
Найман Көксерек

Батыр Қонтайшы

Пәрменді күштері

600

50 000

Құрбандары мен қаза тапқандары

белгісіз

10 000

Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті.

Мазмұны

  [жасыру

  • 1Шайқас алғышарттары

  • 2Географиялық жағдай

  • 3Шайқас барысы

  • 4Шайқас нәтижесі мен тарихи маңызы

  • 5Дереккөздер

Шайқас алғышарттары[өңдеу]

XVII ғ. 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады.Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. 1640 жылы жоңғарлар қазақ даласын нысана ретінде қарастырған құрылтай өткізеді. 1643жылы Батыр Қонтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ даласына қарай қозғалды.[1]

Географиялық жағдай[өңдеу]

Таудың ішінде Жәңгір жағдайды зерттеп, жартылай таныс жерлерде алдағы қимылдың жоспарын жасады. Артта Алтынемел шыңы бар. Қоянды тау шыңының бауырының шығыс жағында Күреңкей тау, Аламантау, Куянатытау, Сарытау, Боңқан таулары созылып жатыр. Көкжеті тауының арғы жағы жоңғарлар. Бұл жер тактикалық жағынан қызықтырады: ұзындығы 200 метрдей екі биік таудың сілеміндегі тар сай, биіктігі 2000-2500 метр теңіз биіктігімен өлшегенде. Батыстан Қоянды тауыныңшыңдарында Күреңкейдің шығуға қиын шыңдары, Оңтүстік батысында Кача-таудың жоталарында терең сай бар. Ол жерге көп салттыларды орналастыруға болады. Ал оның сол жағындағы жерден қазылған бекіністің тастармен қаланған жерінде қазақтың ерікті жасақшылары орналасқан. Әскерлердің бұл бөлігінің басшылығына Жиембет және Жақсығұл батырларды қойған. Олардың желке жағында төмен түсуге болатын жер және бірнеше жүз ат орналасуға болатын сай бар. Одан таудың етегімен келе жатқан жоңғарларға шұңқырда отырған қазақ жауынгерлері де, олардың аттары да көрінбейді. Мұның барлығын осы жерлерді көзбен бір шолып өткенде байқауға болады.

Шайқас барысы[өңдеу]

Батыр Қонтайшы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын» деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 600 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың, Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер» деп Салқам Жәңгірге хабар жібереді. Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 600 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 600 сарбазын із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды. Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне улы түтін әсер ете қоймайды. Уланғандары қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, тазарып аман қалады. Ал аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып тазартады. Алғашқыда не болғанын түсінбей қалған ойраттар мәнісін кейіннен біледі. Он мыңдай жасағынан айырылған олар кейін шегініп ақылдаса бастайды. Осы кезде жиырма мың қолымен Жалаңтөс Баhадүрдің қолы тықсыра бастайды Жоңғарлармен шайқаста Жәңгір тапқырлық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады. А.И.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қонтайшыға қатты соққы берді», – деп сипаттайды. Жоңғарлардың отрядтары ойлы-қырлы жерлермен кезеңге шығып, оқты қарулармен қаруланған қазақтармен соғысуға мәжбүр болды. Жоңғарлардың қару-жарақтары туралы Ю.Крижанович: «Қалмақтар соғысқа өте мықты қаруланып шығады. Дулығамен, найзамен және сауытпен. Олардың садақтары мен қылыштары біздердікінен қысқа және ұшы қайырылмаған. Оны римдіктердің «siccae» атты қаруларымен салыстыруға болады. Өздері оны лақтыратын найза деп атайды. Дегенмен де соғыса келе, олар өте жақсы ойланған қақпанға түскендерін, кезеңге шабуыл жасаудың оларға жеңіс әкелмейтінін түсінді. Бірақ әскерді тоқтату мүмкіндігі тіпті болмады. Артта келе жатқан әскерлер олардың тығыздығын көбейте бастады. Ол жоңғарлардың жауынгерлік ұрандарын, көпшілігінің тез алға ұмтылуын әлсіретті. Ақырында мағынасы жоқ шабуылды тоқтатудың сәті түсті. Барлық әскерлерге қоманда жетіп, олар төменгі жерге түсіп, қазақтың жауынгерлерін өзеннің маңайында айналып өтуге шешім қабылдады. Жоңғарлар төменге бет алды. Айнабұлақ өзенінің ағысының ойылған жерінде өткел бар, оны альпинистер «цирк» деп атайды. Қазақтың атқыштары оларды сол жерге қуып тықты. Осы арада жоғарыдан асылып тұрған тастар төмен құлай бастады. Ол атқа немесе әскеріне тиіп, қырыла бастады» – дейді. Аман-есен шыққандары қазақ жауынгерлерінің оғынан қаза тапты. Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді, ол – жоңғарлар жағдайды түсініп, кезеңге шығу үмітінен бас тартулары тиіс. Қазақ әскерлерінің бір бөлігіне таулардың арасындағы қалмақтар бекіністен тар өткелмен өткенде қоршап алу бұйырса, екіншісіне тауда жасырыну бұйырды. Ол қалай ойласа, солай болды. Қоңтайшы бекініске шабуыл жасады. Содан ерлікпен қорғана бастады. Осы кезде Жәңгір сұлтан жауға сырт жағынан шабуылдады. Винтовкасымен соққы берді. Жаулар жағынан 10000-ға дейін адам қырылды» – деп сипаттайды. Жоңғарлар тағдырмен ойнамай, кейін шегінді. Таудағы шайқас Жәңгірге қанат бітірді. Оқиға аяқ астынан ойламаған шешім қабылдатты. Енді жоңғарлар шайқасқа ашық жерлерді іздей бастады. Ондай жер Орбұлақтың шет жағынан табылды.

Шындығында, екінші шайқаста Батыр қоңтайшы ауыр жағдайдан жеңіл құтылды. Тіпті өзімен бірге 10 мыңдай тұтқынды алып кетті. Ол жасақшыларды емес, жолдағы бейбіт ауылдарды шауып, адамдарды тұтқындаған.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?али Орманов .Ана.Ашы? саба?.

Автор: Онгарбаева Зинура Кабылгазиновна

Дата: 30.01.2016

Номер свидетельства: 285306


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства