kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ф.О??арсынова. "Білім керек б?ріне"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:                           П?ні:  ?дебиеттік  о?у                     Сыныбы:2

Саба?ты? та?ырыбы: Ф.О??арсынова. Білім керек б?ріне

Саба?ты? ма?саты: автор туралы м?лімет бере отырып, ?ле?ні? мазм?нын, негізгі идеясын ??ынуына жа?дай жасау

К?тілетін н?тижелер:

П?ндік н?тиже: ?ле?ді т?сіне отырып о?у, талдау; хрестоматияда?ы ?ле?дермен салыстыра отырып, негізгі ой?а ?орытынды жасау

Ж?йелі іс-?рекет н?тижесі: ма?ал – м?телдерді? ма?ынасын талдай отырып ойын, зейінін, есте са?тау ?абілеттерін, с?з тіркестері ар?ылы с?йлеу тілдерін дамыту

Т?л?алы? н?тиже: «Кім болам?» деген ойларын ?штай отырып, маманды? иелерін ??рметтей білуге, ата – анасыны? е?бегін ба?алай білуге ?йрету

Саба? к?рнекілігі: маманды? иелеріні? суреттері, білім, о?у туралы ма?алдар кестесі

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і.?й тапсырмасын ?орытындылап ?ту

І. ?ызы?ушылы?ты ояту.

-К?нбе- к?н мектиепке келуден жалы?пады?дар ма?

- Осы бізді? мектепке келу ма?сатымыз неде?

-Мені? ма?сатым не?

-Сені? ма?саты? не?

Жеке, ж?пта, топта тал?ылау.

?орытындысын ты?дау

О?у туралы ма?алдар кестесі

-Білім с?зіне байланысты с?з тіркестерін жазыпалы?дар

Оны ?алай  т?сіндіресі??

ІІ.Ма?ынаны тану.

?ле?ді  м?нерлеп, т?сініп о?у

-Білім алу жолы ?андай жол? Неліктен?

Білім алу ?шін неше жыл кетеді деп ойлайсы??

Білгені? – бір то?ыз,

Білмегені? – то?сан то?ыз

Сергіту с?ті

Толы?тыру тесті

?арыш кемесін.....

К?к ж?зіне....

М?хиттарды.....

?ажап ?йлерді......

Д?рі де ойлап....

Білегі?е сенбе, білімі?е сендегендей, адам арманына білім ар?ылы ?ол жеткізді

Ойтол?ау

Саба?ты ?орытындылау

?й ж?мысы: ?ле?ді ?алай жал?астырар еді?? ?з арманы?ды ?осып жаз  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ф.О??арсынова. "Білім керек б?ріне"»

1- нұсқа



1. Үшінші разрядтың 7 бірлігі, екінші разрядтың 5 бірлігі және бірінші разрядтың 2 бірлігінен тұратын сан.

А. 752 В. 725 С. 755 Д. 527

2. Мәнін тап: 8700 : 3

А. 209 В. 2900 С. 290 Д. 29000

3. Қалдықпен бөлу: 18476943 : 2

А. 9238471 (қ1) В. 9437417 (қ1) С. 9238361 (қ2) Д. 938417 (қ2)

4. Шаңғышы 36 км жолды 3 сағатта жүріп өтті, шаңғышының жылдамдығы қандай?

А. 33 км/сағ В. 12 км/ сағ С. 108 км/ сағ Д. 36 км/ сағ

5. Мәні 10-ға тең болатын өрнекті тап.

А. 9-3+4 В. 2+8-7 С. 10-5+4 Д. 4+4+1

6. Қай сан 2- кластың 45 бірлігінен және 1- кластың 7 бірлігінен тұрады?

А. 45007 В. 7045 С. 457 Д. 745

7. Тік төртбұрыштың ауданы 24 см2 . Бір қабырғасы 8см. Тік төртбұрыштың периметрін тап.

А. 3см В. 11см С. 64см Д. 22см

8. Суреттегі фигураның периметрін өрнек түрінде жаз.









А. 7х см В. 3х см С. (4х+3) см Д. ( 5х+3) см

9. Теңдеуде А неге тең? 3×А=5000-3200

А. 1800 В. 2400 С. 600 Д. 1803

10. Қалып қойған санды белгіле: 2, 4, 5, 8, 9, 10.

А. 7, 8, 9 В. 3, 7, 9 С. 3, 6, 7 Д. 4, 6, 7

11. Сәуле мен Ақжайық- құрдастар. Егер Ақжайық 8-де болса, Сәуленің жасын тап.

А. 7 жаста В. 8 жаста С. 9 жаста Д. 10 жаста

12. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосынды...

А. Азаяды. В. Өзгермейді С. Өседі. Д. Білмеймін

13. Жәшіктің ұзындығы 6 дм, ені 4 дм, биіктігі 3 дм. Жәшіктің көлемі қанша?

А. 27 дм3 В. 72 дм3 С. 13 дм3 Д. 15 дм3

14. Есептеңіз: 315 × 3 - 105

А. 680 В. 840 С. 740 Д. 780

15. Төмендегілердің қайсысы километрмен өлшенеді?

А. Ғимарат биіктігі В. Пойыздың ұзындығы

С. Екі қаланың ара қашықтығы Д. Адамның бойы

16. Мәні 45000-ға тең болатын өрнекті тап.

А. 25000:5 В. 9000×5 С. 12000×4 Д. 420000:3

17. Үшбұрыштың периметрі 70см, бір қабырғасы 20см, келесісі 35см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап.

А. 25см В. 15 см С. 125см Д. 55см

18. Есептеңіз: 37 + 800 : 4 × 2

А. 439 В. 441 С. 443 Д. 437

19. Амалдарды орындаңыз: 478 + 5825 + 18775

А. 25087 В. 25807 С. 25078 Д. 25067

20 . Мейрам күндері жағылатын майшам шырағы 20 минутта жанып болады. Байқау құрметіне сондай 10 шырақ бір мезгілде жағылды. Олар неше минутта жанады?

А. 200 мин В. 2 мин С. 20 мин Д. 2 сағ











2- нұсқа

1. 12, 13, 20, 99 сандары қандай таңбалы санға жатады?

А. Біртаңбалы В. Екітаңбалы С. Үштаңбалы Д. Басқа жауап

2. 5... 4... 6... 3... сандарының аралығына «+» , «х», «-» таңбалары бір- бір реттен ғана қойылған. Мына нәтижелердің қайсысы шығуы мүмкін емес.

А. 19 В. 23 С. 23 Д. 21

3. Мына өрнекте 2 : 2 : 2 : 2 : 2 алуан түрлі тәсілмен жақшалар қоюға рұқсат берілген. Сонда әр түрлі қанша сан шығуы мүмкін?

А. 2 В. 3 С. 4 Д. 5

4. Тасталған сөзді тап. Аквариумға 17 ... суды құйды.

А. Килограмм В. Дециметр С. Литр Д. Грамм

5. Маржан кітаптың бетін ашып қалып, оның сол жақ және оң жақ беттеріндегі нөмірлердің қосындысы 25 екенін байқады. Осы нөмірлердің көбейтіндісі неге тең?

А. 132 В. 126 С. 182 Д. 156

6. Әкесі екі ұлымен велосипед тепті ( үш дөңгелекті және екі дөңгелекті), барлығы 7 дөңгелек болды. Неше үш дөңгелекті велосипед болды?

А. 3 В. 1 С. 4 Д 2

7. Өрнектің ең кіші мәнін тап.

А. 3872: 32 В. 234×16 С. 164× 52 Д. 11745: 27

8. Ауылдан қалаға қарай пошташы мотоциклмен 60км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді. Ауылмен қаланың ара қашықтығын есепте.

А. 120км В. 30км С. 180км Д. 62км

9. 1ар неге тең?

А. 1000м2 В. 10000м2 С. 100м Д. 10га

10. Өз бойыңды өлшеуге болатын өлшем бірлігін тап.

А. Сантиметр В. Килограмм С. Грамм Д. Центнер

11. 3- таңбалы сандардың ең үлкені мен ең кішісінің қосындысы қаншаға тең?

А. 899 В. 1100 С. 1099 Д. 1110

12. Берілген жазбаға қайсысы тең? 92

А. 9+9 В. 9×9 С. 9+2 Д. 9+9+9

13. Берілген өрнектің мәні неге тең?

57т 265кг + 38т 849кг

А. 18т 416кг В. 96т 104кг С. 96т 114т Д. 85т 004кг

14. 4 разрядтың 6 бірлігінен, 5 разрядтың 7 бірлігінен және 2 разрядтың 9 бірлігінен тұратын санды тап.

А. 970400 В. 650020 С. 67090 Д. 470090

15. Бір адам бір нанды бір сағатта жесе, бес адам бес нанды қанша сағатта жейді?

А. 1 В. 5 С. 25 Д. 10

16. Төмендегі жануарлардың 3-еуі бір- бірлеріне ұқсайды. Бұлардың ішіндегі ұқсамаған жануарды табыңыз.

А. Тауық В. Сиыр С. Есек Д. Ат

17. Егер Ахмет жарыста басынан және соңынан санағанда 7-ші болғанына қарағанда, жарысқа қанша адам қатысқан?

А. 12 В. 13 С. 14 Д. 15

18. 4- метрлі бөренені жарты метрлерге кесу керек. Бөренені неше рет кесу керек?

А. 8 В. 5 С. 6 Д. 7

19. Бөлуді орында: 248508: 702

А. 454 В. 334 С. 364 Д. 354

20. Бақшадан 79 кг жеміс жинады: 25 кг қырыққабат, ал қалғаны сәбіз. Егер әр жәшікке 9 кг сәбізден салса, сәбіз салуға барлығы қанша жәшік қажет?

А. 6 В. 12 С. 7 Д. 5



















3- нұсқа



1. Қоймада машинаға арналған жанармай сақталған. 8320 литр жанармайды құйып алып кеткенде, онда құйып алғанға қарағанда 2938 литр аз жанармай қалды. Алғашында қоймада қанша литр жанармай болған?

А. 8320 В. 13702 С. 13700 Д. 13000

2. Қарындаштың бағасы 8 теңге болса, 320 теңгеге қанша қарындаш сатып алуға болады?

А. 30 В. 35 С. 45 Д. 40

3. Бөлуді орында: 2124 : 118

А. 12 В. 24 С. 18 Д. 14

4. Бірінші шипажайда 374 адам, екіншісінде біріншіге қарағанда 67 адам кем, ал үшіншісінде бірінші мен екіншіге қарағанда 311 адам кем демалды? Үшінші шипажайда қанша адам демалды?

А. 270 В. 370 С. 300 Д. 250

5.





Велошабандоз 20 км/ сағ жылдамдықпен 4 сағ, ал мотоциклші 70 км/ сағ жылдамдықпен 3 сағ жүрді. Осы уақыттың ішінде олар барлығы қанша жол жүреді?

А. 290 км В. 280 км С. 390 км Д. 480 км

6. Есептеңдер: 600 – 120 : 4 х 2 : 20

А. 592 В. 587 С. 597 Д. 589

7. 4 м2 = … см2

А. 40 см2 В. 400 см2 С. 4000 см2 Д. 40000 см2

8. 6 миллион 5 мың 35-ті цифрлармен жаз.

А. 650035 В. 600535 С. 6005035 Д. 653500

9. 1, 2, 3 сандарының көмегі арқылы 7-ге бөлінетін үш таңбалы санды тап.

А. 123 В. 213 С. 312 Д. 231



10. Сандарды салыстыр: 900005 және 899998

А. С. = Д. Дұрыс жауабы жоқ

11. Есептеп шығар: ( 25088 – 4768) : 4 + 6080 × 8

А. 53270 В. 53720 С. 53300 Д. 53250

12. Францияда бір тоқаштың бағасы 4 франк тұрады. 20 франкіге қанша тоқаш сатып алуға болады?

А. 5 В. 3 С. 4 Д. 6

13. Амалды орындап, шешуін тап: 126 + 23 + 107

А. 255 В. 246 С. 256 Д. 236

14. Ит көрмесіне 101 далмат иттерін әкелді. Олардың 56- сында қаратаңба сол жақ құлақтарында, 15-інде тек қана оң жақ құлақтарында, ал 29- ының құлақтары ақ. Неше иттің екі құлағында да таңба жоқ ?

А. 1 В. 26 С. 55 Д. 71

15. Дөңгелек пішінді тортты түзулермен 7 бөлікке бөлу керек ( бөліктерінің тең болуы міндетті емес) Ол үшін ең аз дегенде қанша тілік жүргізу керек?

А. 2 В. 3 С. 4 Д. 6

16. КЕНГУРУ және МАТЕМАТИКА сөздеріндегі ортақ әріптің саны?

А. 1 В. 2 С. 4 Д. 5

17. Айгүлдің атасы 95 жыл, 3 ай өмір сүріпті. Қанша ай өмір сүріпті?

А. 996 В. 1000 С. 1143 Д. 1004

18. Шешімін тап: 8 ×10000 + 7× 1000 + 5×100 + 1

А. 8070005001 В. 8000070005001 С. 87501 Д. 870501

19. Өрнекте: 8 т = ? кг

А. 800 В. 8000 С. 80 Д. 8

20. 4×4+4+4+4+4×4=

А. 44 В. 48 С. 56 Д. 100







«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс


Мақсаты:Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Міндеттері: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.


Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.

1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5 мин)

3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)

ә) картоп ашу

б) Инені сабақтап түйіндеу

в) түйме қадау

г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.

5-шарт. «Ас – адамның арқауы» (10 мин) салат түрлерін дайындау.

6-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1. Мектеп директоры:

2. Директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары:

3. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

4. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

«Бәйге»

Әр топқа 6-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан 5 минут беріледі.

«Бәйге» І топ

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

  3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

  4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

  5. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

  6. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

  7. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

«Бәйге» ІІтоп

1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

«Бәйге» ІІІ – топ

1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)

3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

3-шарт. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).

ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).

б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).

в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

4-шарт. «Тіл өнері»

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,

Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.

4. Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.

2-топ.

1. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.

2. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.

3. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)

5. Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

5-шарт «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

-Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5 минут)

Келесі 6-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.





Күні: Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы:2

Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова. Білім керек бәріне

Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды жасау

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: мақал – мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту

Тұлғалық нәтиже: «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата – анасының еңбегін бағалай білуге үйрету

Сабақ көрнекілігі: мамандық иелерінің суреттері, білім, оқу туралы мақалдар кестесі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын қорытындылап өту

І. Қызығушылықты ояту.

-Күнбе- күн мектиепке келуден жалықпадыңдар ма?

- Осы біздің мектепке келу мақсатымыз неде?

-Менің мақсатым не?

-Сенің мақсатың не?

Жеке, жұпта, топта талқылау.

Қорытындысын тыңдау

Оқу туралы мақалдар кестесі

-Білім сөзіне байланысты сөз тіркестерін жазыпалыңдар

Оны қалай түсіндіресің?

ІІ.Мағынаны тану.

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

-Білім алу жолы қандай жол? Неліктен?

Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?

Білгенің – бір тоғыз,

Білмегенің – тоқсан тоғыз

Сергіту сәті

Толықтыру тесті

Ғарыш кемесін............................

Көк жүзіне...................

Мұхиттарды .........................

Ғажап үйлерді.................................

Дәрі де ойлап....................

Білегіңе сенбе, біліміңе сендегендей, адам арманына білім арқылы қол жеткізді

Ойтолғау

Сабақты қорытындылау

Үй жұмысы: Өлеңді қалай жалғастырар едің? Өз арманыңды қосып жаз


Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен және

авторымен таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды ашу. Мазмұнын әңгімелеуді меңгерту. Дауыс интонациясын сақтап, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.

Дамытушылық: Мәтінді оқыта отырып оқушылардың дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;

Тәрбиелік: Оқушыларды рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу, мейірімді, таза ниетті болуға баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістемелік тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті мен өмірбаяны, мақалдар жазылған плакат, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?! Отырындар. Бүгін ана тілі сабағын мен жүргіземін. Менің аты-жөнім - Сарсембаева Айжан Оразғалиқызы.

В) Сынып тазалығын тексеру.

-Сыныпта кезекшіні тексеріп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

С) Оқушыларды түгендеу.

-Бүгін сыныпта кім жоқ?

В) Назарын сабаққа аудару.

-Балалар оқулықтарынды алып, -бетті ашамыз.

II.Үй тапсырмасын тексеру:-Қане балалар үй тапсырмасына не берді? Кім айтады?

(3-4 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау)

III.Жаңа сабақ:-Балалар, бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» деген әңгімесімен танысамыз.

Автор жайында мәлімет

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.

1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Шығармалары:
Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»
Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.

Ең алдымен 1-жаттығуға назар аударайық.

1-жаттығу Суретке зер сал

Суретпен жұмыс

-Суреттен не көріп тұрсың?

-Бұлақтың суы қандай?

-Бұлақ суының қандай пайдасы бар?

-Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдыңа нені елестетеді?


Мәтінмен жұмыс

1.Мұғалімнің оқуы

2.Мазмұнын айтып беру

3.Оқушыларды тізбектей оқыту

4.Сөздік жұмысы.
Ғибрат алу – үлгі алу.


- Мәтін не туралы?

-Мәтііннен бұлақ сипатталған жолдарды тауып оқы.

-Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқы. Осы сөздер туралы

  1. бірінші жолаушының

  2. екінші жолаушының

  3. үшінші жолаушының

  4. өзіңнің пікіріңді айт

-Қай кейіпкердің пікірі дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?

-Әңгіменің авторы кім?


Әр жолаушының пікірін қысқаша нақыл сөзбен көркемдеп айт және дәптеріңе жазып ал


Топпен жұмыс.
1 - топқа тапсырма:
Мәтінге жоспар құрғызу.
1. Бұлақ басындағы үш жолаушы.
2. Тасқа жазылған жазу.
3. Бірінші жолаушының пікірі.
4. Екінші жолаушының сөзі.
5. Жас жігіттің сөзі.
6. Тастағы жазудың мәні.

2 - топқа тапсырма:
Рөлдік ойын.
Әңгімені рөлге бөліп оқу.
3 - топқа тапсырма.
Зертте.
Әңгіменің тақырыбы не жайында?

Жоба қорғау.
Адам, бұлақ сөздеріне ассоциация жасау.
Бұлақ -------------- Адам

«Менің де айтарым бар»
Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзге сен қандай пікір білдірер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.
Берілген мақалдардың қайсысы мәтін тақырыбына, айтар ойына сәйкес келеді?

Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз – жанның тынысы.

Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген.

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

Өмірмен байланыс.
Біз қандай болуымыз керек? Пікір алмасу.


4. Білімді бекіту.
«Бақытты сәт» ойыны.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырайдың туған жері?
3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?
4. «Таза бұлақ» әңгімесінің тақырыбы?
5. Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?
6. Әңгімедегі жолаушының қайсысының сөзі көңілге қонымды?
7. Әңгімеден қандай ой түйдің?

8.Өз ойыңды нақыл сөзбен тұжырымда


Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұның түсініп,мәнерлеп оқу


Бағалау: Оқушылардың сабаққа белсене қатысқандарына қарай бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ф.О??арсынова. "Білім керек б?ріне"

Автор: Джакупова Маржан Саркытовна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289324


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства