Просмотр содержимого документа
«Ф.О??арсынова «?анат туралы хикая»»
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Ембі № 2 орта мектебі
Әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы:
Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»
4 «а» -класы
Мұғалімі: Темирбаева Нургул Зейнуллақызы
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Қанат туралы хикая» Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Фариза Оңғарсынованың өлеңіндегі негізі ойды, идеяны ұғындыру. Ата – ана мен бала арасындағы махабатты, ата – анаға тілеген ақ тілегінен балаларға өз ата – анасының ең жақын, ең қасиетті адам жоқ екендігін түсінуге мүмкіндік беріледі. Дамытушылық: балаларды шығармашылық жұмыс жасауға үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу. Тәрбиелік:Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге және ата – анасын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру, аралас сабақ Сабаққа қолданылатын әдіс – тәсілдер: жинақтау, топтау, сұрақ – жауап, көрнекілік әдісі,Венн диаграммасы, семантикалық карта
Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау Пән аралық байланыс: музыка, дүниетану Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық жаттығу. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді Болып кетер сонда дереу жан- жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлу:Аспан денелері күн, ай, жұлдызды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
Ой қозғау: -Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
-Олай болса, 1-топ «Айым», 2-топ «Күнім», 3-топ «Жұлдызым» деген атаулар беріледі.Әр топтың басшысы сайланып,бағалау парағы беріледі.
Әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Б. Бұлқышевтің «Ана» мәтінін жатқа айтады 2. Ана туралы мақал – мәтелдер жазу 3. Ашық хат жасап, аналарына ақ тілек жазу ІІІ. Жаңа сабақ. а ) Қызығушылығын ояту «Бұл кім?» ойыны 1- топ: Үйдегі алтын қазық. – Ол ақылды болса, бала дана болады. Оның тәрбиесі – қызға үлгі. Ол жоқты бар, ашты тоқ ететін, үйдегі бақ. Қаламы жүрек жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де, сол адамнан туып, соның көкірегінен нәр алып өседі. Бұл кім?ж: Ана 2-топ: Әркімнің сүйенер тіреуі. Әркімге қымбат адам. Оны ардақтай білу керек,өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Қарап отырсаң оның да түр-түрі болады. Бұл ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі,қайратты, батыл, болып келеді. Бұл кім? Ж: Әке - Осы екі адамды біз бір сөзбен қалай атаймыз? Ата-ана 3-топ: Жылу Жылылықтан жаралған Құшағы оның – таң мекен. Менің айдай анамнан Асқан сұлу бар ма екен? Мейірім – нұр төгілген Күн көзіндей жанары, Ойымды оқып өңімнен, Дірілдейді қабағы. -Бұл кімнің өлеңі және қалай аталады? ә) –Бүгін біз Фариза Оңғарсынованың тағы бір шығармасы «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз.
Шығармашылық ізденіс:
1-топ: Ф.Оңғарсынованың өмірі,шығармашылығы
2-топ: Ф.Оңғарсынованың өлеңдері
3-топ: Ақын туралы айтылған даналық сөздері
Ф. Оңғарсынова – 1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданында омірге келген. Қазақтың дарынды ақыны. Лирикалық өлең кітаптарының авторы. -Балалар, 2014 жылдың 23 қаңтар күні қазақ поэзиясының падишасы атанған Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті. (Бір минуттық үнсіздік жариялау)
IY. Мағынаны тану 2. Үн таспадан өлең оқылады. Сюжеті көрсетіледі.
Кітаппен жұмыс: Тізбектей, жеке, тұтастай оқыту.
Әр топтан екі шумақтан оқиды. Поэзия минуты. 3. Сөздік жұмыс жүргізуХикая- әдебиет жанрының бір түрі. Арабша әңгімелесу мағынасында қолданылатын термин. Повесть пен романнан барын пайда болған жанр. Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Өлеңмен жазылған түрі- «хикая» делінеді. 4. Мазмұны бойынша жұмыс а) Мазмұны бойынша әр топқа сұрақтар қою І топ - Өлең не туралы? ( балапан, ата-ана, бала туралы) ІІ топ - Балапанға не болды? ( балапан құлап қанатын сындырды) ІІІ топ -Балапанға көмек берілді ме? ( ия, оның қанатына дәрі жағып, байлады) І топ -Оның ата-анасы қарлығаш не істеді? ( жылап, шырылдап ұшты) ІІ топ -Балапан қанатын көріп,бала не ойлады?(менің де екі қанатым бар екеу-ау деп ойлады) ІІІ топ -Адамның екі қанаты кім? (Ата-анасы) І топ -Қос қанатың түгел болса қандай болады?(өмірің жарасым тауып,бақытты болады) ІІ топ -Ал біреуі жоқ болса нендей жағдай туады?(мәңгілік ұша алмай,мүгедек болып қалады) ІІІ топ -Өлеңде ата-анаға қандай тілек айтылған?(екі қанатым ата-анам сау болсын) ә) Көркем сөздермен жұмыс. Сұрақ қою арқылы көркем сөздерді бөліп алу. І топ -Қарлығаш баласы жерге құлап қалғанда не істеді? (жылады) -Жыладысөзі тура мағынада айтылып тұрған жоқ.Мұнда қандай мағынада тұр? Жан ұшырды Жылады Қатты үрейленді Шырыл қағып, дамыл таппады ІІ топ -Дәрі жағып көмек берген соң балапанның халі қандай болды?( күш жинады) Әлденді Күш жинады Денсаулығы жақсарды ІІІ топ -Осы өлеңнен ата-анасын қанатқа теңеген жолдарды тауып оқыңдар. Оң қанатым-әкем де, Сол қанатым- анашым. Бірі түссе қатерге, Мәңгі ұша алмай қаласың.
Ұжымдық жұмыс: Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.(тақтамен жұмыс)
Дәптермен жұмыс:
Тақырыбы: Қанат туралы хикая
Авторы: Фариза Оңғарсынова
Жанр түрі: хикая
Идеясы: Бала тілегі, ата-анаға деген сүйіспеншілігі
1-топқа: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны осы тірек-сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құра.
2-топқа: «Ойымнан туған өрнектер» ұйқас бойынша өлең шығару ................................ баламын ................................ аламын ............................... ............................... боламын. 3- топ: «Әке» тақырыбына мәтін құрастыру Ү. Сергіту сәті «Ақ мамам» әнін орындау
YI. Сабақ бекіту -Бүгінгі сабағымыздың өткен сабақпен байланысы бар ма?
Олай болса, салыстырып көрейік
1-топ: Венн диаграммасына түсіреді
Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»
Ұқсастығы
Б.Бұлқышев «Ана»
Баланың ата-анаға тілеген ақ тілегі, сүйіспеншілігі туралы
Екі шығармада да ата-ана туралы және ата-ананы құрметтеу туралы айтылған.
Ананың тілі, балаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі туралы айтылған.
2-топқа: Семантикалық карта:
Шығарма тақырыптары
Ф.Оңғарсынова
Б.Бұлқышев
Ғ.Мүсірепов
«Ана»
+
«Қанат туралы хикая»
+
«Ана құшағында»
+
«Әже»
+
«Жылу»
+
3-топқа: Өз анаңды сипатта. VІІ. Қорытынды. «Терек ана»(Әр оқушы жапырақты алып, өзінің анасына арнаған жылы сөзін немесе ана туралы мақал-мәтел айтып терек бұтағына жабыстырады) А) Ата – анаңа қандай тілек тілегің келеді? Ә) Ата-ана туралы қандай мақал-мәтел білесің? Мұғалім: -Сендердің ақ тілектеріңмен,жылы сөздеріңмен Терек ана қандай әдемі болып шықты. Сонымен, Ана-Ұлы адам, ана қымбат, ана құдіретті жан. Бүгінгі сабағымызды ұлы жазушы Ғ. Мұстафиннің «Ата-ана қадірін білген бала – халық қадірін білер, ал халық қадірін білген бала ата-ананың қадірін де біледі» деген сөзімен аяқтағым келеді. YIII. Бағалау, мадақтау
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Топ басшысы әр балаға тапсырмаларды орындауына байланысты (әр тапсырмаға 1 ұпай) санын бере отырып бағалайды. Жасыл түс- «3», сары түс –«4», қызыл түс – «5»
Бағалау парағы:
Оқушының ат-жөні
№1
№2
№3
№4
№5
№6
Ұпай саны бағасы
Сонымен бірге сабақ бойы жинаған гүлдерді ұпай ретінде есептеп бағалаймын. -Балалар,сендер осы гүлдей болып жайнап, ата-аналарыңның көз қуанышы болып жүре беріңдер дегім келіп тұр. Мына жинаған гүлдеріңді ата-аналарыңа сыйлаңдар. ІX. Үйге тапсырма 1) Өлеңді жаттау. 2) «Менің анам» шығарма жазу.