Пән: Дүниетану Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5-тарау «Өнер» Күні:29.01.20 Сынып: 3 «ә»-сынып | Мектеп:Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Тұрұбаева Айгерім Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақ тақырыбы | Еліміздің ресми емес рәміздері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы) |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: – еліміздің рәміздерінің маңызын түсіндіреді; – Қазақстанның ресми және ресми емес нышандарын атайды. – еліміздің ресми емес нышандарына сипаттама береді («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы). Көптеген оқушылар: Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді Кейбір оқушылар: тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады. |
Бағалау критерийлері | Оқушылар : -ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды -өнердің адам өміріндегі рөлін анықтайды -Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді -тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар – рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Еліміздің ресми емес нышандары: «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы және т.б. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Ресми емес нышандар еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен байланысты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық идеяның нышаны. Талқыланатын мәселелер: – Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер? – Бүгін еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар? – «Мәңгілік ел» қақпасының текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді? – Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады? – Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайында не білесіңдер? – «Алтын адам» монументі нені білдіреді? – Тағы қандай нысандарды еліміздің ресми емес нышандары ретінде ұсынар едіңдер? Жазылым: Дәптерде сабақта атқарған жұмысыңды бағалау. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады. |
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
Бастапқы білім | Оқушыларда 1,2 сыныпта «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресіжәне құндылықтары туралы түсініктері бар.3 сыныптың «Адамгершілік» тарауында жеке тұлғаның және отбасының дамуындағы еңбектің рөлі оқып талдаған.Ал, 3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы . түсінік қалыптасқан.Қазақстанның бейресми рәміздерінің бірі «Бәйтерек» монументтін сипаттай алады. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сергіту жаттығуы «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Жаңа топ құру. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Айналмалы бекеттер» Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. «Мен бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар» ойыны. Біздің еліміз – бұл … Біздің елімізде өмір сүретін адамдар ... деп аталады. Біздің Отанымыздың астанасы - … Біздің елбасымыздың есімі … Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – олар … Гимн – бұл … Дала қыраны бүркіт ... бейнеленген Елтаңбаның пішіні ... Балалар, әр елдің Елтаңбасы, Туы, Гимнінен бөлек, ол елдің тарихын, мәдениетін, табиғатын көрсететін ресми емес нышандары болады. Ресми емес нышандар біздің елімізде де бар. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау | «Мен ақылды баламын» сергіту жаттығуы. Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіруге арналған сұрақтар |
Сабақтың ортасы | Ширату тапсырмасы. Қандай спорт түрімен айналысқан дұрыс? Спортқа келерде алдыңа қандай мақсат қойдың? Адамдар неліктен спорпен айналысады деп ойлайсыңдар? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Жауаптарыңды негіздеңдер. Жануар – Өсімдік – Музыкалық аспап – Сусын – Ғимарат – 5) Өз кіші отаныңның ресми емес нышандарын ойлап тап. Тапсырманы орындамастан бұрын, сол аймақта тұратын халықтың шаруашылығын, аймақтың табиғатын, тарихын естеріңе түсіріңдер. Топтардың жұмыстарын көрсетуі ҚБ «Үш шапалақ» стратегиясы. Әр топтың жауабына үш рет шапалақ ұрумен қолдау көрсетіліп отырылады. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.. 1-жұлдызды сабақта белсенді болған оқушыға сыйлаңыз, 2-жұлдызды сабақта ұйымшыл болып, тез жұмыс істеген топқа сыйлаңыз және бір тілекті барлық оқушыларға немесе бір оқушыға арнаңыз. Электронды қосымшадағы тапсырмаларды орындаймыз (1-3-тапсырмалар). Оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды: ресми рәміздердің ресми емес нышандардан қандай айырмашылығы бар? Дескриптор: рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
Сергіту сәті «Жақсылық тамшысы» | Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді. | Оқушылар сергіту сәтін жасайды. |
Сабақтың соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Мұғалім: Ол шөп қазақ даласының символына айналған. Оның емдік қасиеті бар. Көптеген ақын-жазушылар ол шөпті өзінің шығармасына қосып, оның иісін туған жердің иісіне балаған. Қай шөп туралы айтып отырмын, балалар! (жусан туралы) Емшан-шөп туралы аңыз кеңінен танымал. Жусанды «емшөп» деп атаған. Емшан-шөбі аңызында қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, жат елдегі алтын тағын тастап, «Туған жерім, қайдасың?» деп туған еліне оралған Бейбарыс сұлтан (қыпшақ) туралы айтылады. «Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол!» деген қазақ халқының мақалы бар. Ресми емес нышандар арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін көруге болады. Туған жерінің иісін, жусан шөбінің иісін ұмытқан адамдар, ерте ме, кеш пе, міндетті түрде өздерін жоғалтады, есімдерін де ұмытады. Жусан шөбі аңызынан сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушыларға«Нысана»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. | Оқулықтағы қосымша тапсырмалар. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. «Нысана» кері байланыс парағы |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |