Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Алған ақпараттары бойынша өз пікірлерін білдіріп, тиісті лексиканы қолдана отырып сұрақтарға жауап береді. Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері: Мемлекеттік ту, елтаңба, гимн, қыран, шаңырақ. Сабақта диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестер: -Біз тұратын ел қалай аталады? -Қандай рәміздерді білесіздер? |
Сабақтың басы(5мин.) | Топқа бөлу «Сыныпқа кіру билеті» сары, көк, қызыл түстер Ширату. Жоғары қарап күн көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға қарап, солға қарап, Егеменді ел көрдім. «Әуенді атаңыз, әуен тақырыппен қалай байланысқан?» тәсілі -Осы әнді тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңдар? -Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар? | Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк тудың желбірегені» әнінің үзіндісін тыңдату https://www.youtube.com/watch?v=mn4JJP7pZbU |
Сабақтың ортасы 25 мин | 1-тапсырма: (Ұ)"Ойлан. Бірік. Бөліс" стратегиясы. Суретке мұқият қара. ҚР рәміздерін белгіле: Дескриптор: -ҚР рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырата алды; Бағалау: «Өте жақсы!», «Жарайсың!», «Мұқият бол!» 2-тапсырма: (Т) Берілген әріптерден сөз құрау, әңгімелеу 1-топ: т, о, н, а е, т, к, е, м, п 2-топ: е, ж, р с, а, н, а, т, А 3-топ: к, н, ү е,м,л,е,е,м,к, т Дескриптор: -Мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімеледі; Бағалау: Тамаша, жақсы, нашар 3-тапсырма: Тапсырманы мұқият оқы, дұрыс жауапты белгіле. (Ж) "Ақиқат-Жалған" ойыны | | Ақиқат | Жалған | – Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді. | | | – Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді. | | | – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті. | | | – Қазақстанның туында көгершін бейнеленген. | | | –Мемлекеттік рәміздерге қалай құрмет көрсете аласың? | | | Дескриптор: - Мемлекеттік рәміздердің маңызын түсінді. Бағалау: Жұпта отырған оқушылар бір-бірінін бағалайды. Дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау. 4-тапсырма: (Ө) Берілген дайын шаблоннан мемлекеттік тудың үлгісін жапсыру, маңызын әңгімелеу. Дескриптор: Мемлекеттік рәміздердің маңызын әңгімелейді; Бағалау: Білемін | Білдім | Білгім келеді | | | | | Суреттер,слайд, мемлекеттік рәміздер суреті, А-4 көлеміндегі парақ, маркерлер, стикерлер, Қима қағаздар |